1-билет Бронх демікпесі (БД)



бет1/18
Дата13.12.2022
өлшемі69,85 Kb.
#162501
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Терапия. Билет жауабы-2


1-билет
1. Бронх демікпесі (БД) – оның негізгі патогенетикалық механизмдері қабынулармен шартталған бронхтардың гипербелсенділігі, ал негізгі клиникалық көріністері бронхтарылу салдарынан тұншығу ұстамасы (көбінесе эспираторлық мінездегі), бронх сілемейлі қабатының гиперсекрециясы мен ісінулері болып табылатын, тыныс жолдарының созылмалы ауруы.
Эт/сы: Ауруға көбінесе аллергиялық факторларлар әкеледі — тағамдық және дәрілік аллергендер, өсімдік тозаңдары, жануарлар жүні, вирустар, саңырауқұлақтар т.б.
2.КК: ысқырықты тыныс, ентігу, тұншығу ұстамасы, қою кілегейлі қақырық, әдетте түнде немесе таңертең басталады. Цианоз. Ортопное.
3. ЖҚА-ЭТЖ өседі, Лейкоцитоз
ЖЗА, Қақырық анализі, Қақырықты туберкулезге тексеру, Қақырықты атипке зерттеу
4. Рентген, Бронхография, Флюра, Тораскопия, Трахеобронхоскопия, Спирография
5. 1.Оттегі беру
2.В адреностимуляторлар /адреналин, сальбутамол, изофедрин/ аэрозоль түрінде, ауыр жағдайда тері астына 0,01 мл/кг 0,1% адреналин тағайындалады.
3.Эуфиллин
4.Инфузионды ем /Рингер ерітіндісі, физиологиялық ерітінді, ацесоль, дисоль, ККБ, СаСІ, витС
5.Гармондар, антигистаминді препараттар.
6.Жасанды тыныс алдыру
7.Таза ауада серуендеу
8.Қақырық түсіретін дәрілер.
7.
Науқасқа емшара жүргізу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасқа өз-өзіне ингаляторды қолдануын үйрету.
Науқасқа жоғары Фаулер қалпын беріңіз немесе науқастың жағдайы мүмкіндік берсе, емшараны тұрып орындағаны жақсы, өйткені өкпенің дем алыс экскурсиясы әсерлі.
Антисептикалық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз
Науқасқа және өзіңізге бос ингаляторды алыңыз.
Дәрісіз ингаляторды қолдана отырып, науқасқа емшараның орындалуын тізбектілікпен көрсетіңіз.
Ингалятордың мундштугінен қорғаныш қалпағын алыңыз.
Ингаляторды аэрозольмен түбін жоғары қаратып бұрып, бірнеше рет жігерлі сілкілеңіз.
Науқасқа асықпай ауыз арқылы терең демді шығаруды сұраңыз.
Ингаляторды аэрозольмен қолыңызға алып, ауызға жақындатып, ингалятордың мундштугін еріндерімен қамтып ұстап, басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраңыз.
Науқастан терең дем алуын сұрап, бір мезетте ингалятордың түбін басыңыз – осы мезгілде ауыз қуысына дәрінің дозасы аэрозольді түрде түседі.
Науқасқа аэрозольді ішке тартуын, 10-12 секундтай демін ұстауын сұраңыз. Ауызынан ингалятордың мундштугін шығарып, сосын науқас ақырын мұрын арқылы демін шығарады.
Ингалятордың мундштугіне қорғаныш қалпағын кигізіңіз.
Науқасқа өздігінен емшараны орындауын ұсыныңыз, ең алдымен бос ингалятормен, сосын дәрісі бар ингалятормен
Науқасты дәрісі бар ингалятормен емшараның орындауын өзіңіздің барыңызда бақылаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет