1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын оқыту әдістемес



бет16/85
Дата08.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#124391
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85
Байланысты:
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

3.Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын оқыту әдістемес
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары жөніндегі білімді қорытындылау . Бұл тақырыптың міндеттері : 1)оксидтердің , негіздердін , қышқылдардың және тұздардың құрамы жөніндегі білімді бір жүйеге түсіру ; 2 ) құрамы мен аталуының және сабақта эксперимент дағдыларын жетілдіру , алған білімді эксперимент есептерін шығара білуге қолдану . Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін алғашқы оксидтердің , негіздердің , қышқылдардың және тұздардың құрамы мен аталуы қарастырылады . Алдымен оқушылардың білетіндерін еске түсіру үшін әңгімелесу немесе оқулықпен өздігінен жұмыс ұйымдастырылады . Оқушылар бейорганикалық қосылыстардың жіктелуін сызбанұсқа түрінде сызады , әр класқа мысалдар келтіреді .
Содан соң мына сұрақтар бойынша әңгімелесу ұйымдастырылады :
кальций оксиді мен көміртегі ( IV ) оксидінің құрамында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар ?
қышқылдар мен тұздар құрамында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар ?
негіздер мен тұздар құрамында қандай ұқсастық айырмашылық бар ?
Әңгімелесуден кейін оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары ұйымдастырылады . Заттарды кластарға бөлу , заттың қай класқа жататынын дәлелдеу ( эксперимент есебі ) , құрамы бойынша атау ,формуласын жазу тапсырмалары орындалады .
Мысалы : 1) төменде формулалары берілген заттарды кластарға жіктеп , кесте түрінде жазыңыздар : H3PO4 , Fe , CaSO4 , KOH , Cu , Ca (PO3) 2 , Cu (OH)2 , Fe2O3 , S , KNO3 , Al , Fe (OH) 3, HNO3 , Ca (OH), Zn (OH)2 Оксидтер Негіздер Қышқылдар Тұздар тобына жіктеңіздер.
2 ) аталған заттардың формулаларын жазыңыздар : темір ( ІІ ) хлориді , күкіртті қышқыл , азот ( V ) оксиді , алюминий гидроксиді , т.б.
Келесі сабақта оксидтердің жіктелуі мен химиялық қасиеттері қорытылады . Оксидтердің анықтамасы , жіктелу негіздері , әр типке жататын оксидтердің белгілері туралы әңгімелесу. Оксидтің сипатын дәлелдейтін эксперимент есептерін шығарады , мысалы күкірт ( IV ) дәлелдеуге болады ? Мыс ( ІІ ) оксидінің негіздік оксид екенінен соң өздігінен жұмыс орындалады . Оқушылар өткенде кестеге оксидтерді мұғалім формулаларын берген оксидтерді жіктеп , кесте түрінде жазады , оксид түзуші элементтердің валенттілігін көрсетеді . Бір элементтің төменгі валенттілігінде негіздік оксидтің , ал жоғары валенттілігінде қышқылдық оксидтің қасиеттерін білдіретініне назар аударады. Оксидтердің химиялық қасиеттері туралы білімді бір жүйеге түсіру үшін зертханалық жұмыс жасалады . Оқушылар кремний ( IV ) және көміртегі ( IV ) оксидтерінің суға , кальций гидроксидінің ерітіндісіне , мыс ( I ) оксидінің және кальций оксидінің суға және күкірт қышқылына қатынасын зерттейді .
Соның нәтижесінде : 1) Қышқылдық оксидтердің сілтімен ; 2) негіздік оксидтердің қышқылмен әрекеттесуі жалпы қасиеттері екені , бұл қасиет оларға анықтама беру үшін пайдаланылатыны жөнінде қорытынды жасалады. Суға қатысы туралы тәжірибеден алынатын мәліметтер : 3) көміртегі (IV) оксиді және кальций оксиді суда ериді , бір жағдайда қышқыл , екінші жағдайда сілті түзеді ; 4 ) кремний (IV) оксиді және мыс (ІІ) оксиді суда ерімейді . Оксидтердің бәрі сумен әрекеттеспейді , бұл олардың айрықша қасиеттеріне жатады
6 БИЛЕТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет