1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


Қалыптастырушы бағалау тәсілдері. Тапсырмалар әзірлеу. Мысалдар келтіру



бет13/85
Дата08.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#124391
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85
Байланысты:
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

3.Қалыптастырушы бағалау тәсілдері. Тапсырмалар әзірлеу. Мысалдар келтіру.
Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуіне, оны түзетуіне құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді. Халықаралық тәжірибеде қалыптастырушы бағалау барынша маңызды рөл атқарады және жалпы білім алушылардың қажеттіліктеріне қарай оқу мен оқытуды бейімдеу үшін қолданылатын бағалаудың түрі ретінде анықталады (Блэк және Уильям, 1998; Эшкрофт және ФорманПэк, 1994; Тарас, 2005).
Қалыптастырушы бағалау үдерісін білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес және тиімді жоспарлау үшін мұғалімге оның формасын, мазмұнын, жиілігін, сондай-ақ құралдарын өз бетінше анықтау мүмкіндігі беріледі. Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге:
оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;
оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрастыру;
тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін (3-қосымша) ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;
бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;
әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады.
Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырады. Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б.
Мысалы: Oларға әр түрлі өтілген тақырыптардан есептер , сұрақтар беремін оқушылар орындайды. Кімнің қай жерінде қиналып жүргенін түсініп алғаннан кейн оларға сол бағытта көбірек сабақ өтемін Мысалы:
Тапсырма №
Жұмыс түрі жеке /жазбаша /
Деңгейлік тапсырмалар Кім жылдам?
Металдарда ортақ физикалық қасиеттердің және химиялық қасиеттердің болуын немен түсіндіреді?
Рефлекция -Сіздердің әр қайсыларың сабақ ортасында не үйренемін деген мақсат қойдыңдар?
Cабақтың басында және ортасында не түсіндіңдер? Не себепті?Қысқаша түсіндіріңдер?
Қорытынды баға:
Үй жұмысы
1. Д.И.Менделеевтің периодтық кестесінде металдар қалай орналасқан?
2. Металдық байланыстың түзілу механизмін түсіндіру?
3. Металдық және бейметалдық атомдары құрылысының ерекшелігі неде?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
5 БИЛЕТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет