1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар



бет37/163
Дата20.02.2023
өлшемі475,11 Kb.
#169474
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   163
Байланысты:
Көк кітап.

Махамбет Өтемісұлы
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) -ақын ,күйші , сазгер , отаршылдыққа қарсы И.Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1838)ұйымдастырушылардың бірі ,осы көтерілістің жалынды жыршысы .Алғаш 1908жылы Қазанда 100 жолдан астам 2толғауы , 1911жылы Орынборда өлеңдерінің үзінділері басылды.1939 жылы Қ .Жұмалиев ақын өлеңдерінің жинағын шығарды.
2003 жылы 200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілді . 11 күйі ( «Өкініш », «Қайран , Нарын », «Жұмыр қылыш », «Терезе» т.б.)
«Шашақты найза , шалқар күй » (1982) деген атпен жарық көрді .
Туған жері : Батыс Қазақстан обл ,Жәнібек ауданы Бекетай құмы.
Қаза болды : Қараой өңірі (Атырау облысы , Махамбет ауданы )
Махамбеттің әкесі :( Өтеміс)
Махамбеттің туған жері :( Батыс Қазақстан облысы )
Махамбет дүниеге келген жер :( Нарын құм )
Нарын деген жерді ел құлағына сіңісті қылған батыр аты: ( Махамбет )
Адыра қалған Нарынның
Теңіз деген суы бар ,
Жыңғылы мен тауы бар,
Еңіреген ерлердің
Жібектей желбіретіп ұстар туы бар ,- деп туған жері туралы жырлаған ақын: ( Махамбет )
Арабша , орысша хат білген ақын: ( Махамбет )
М.Өтемісұлының ағасы , Жәңгір ханның 12 биінің бірі : ( Бекмағамбет )
Махамбет жас кезінде қайда болған ? :( Хан ордасында )
Махамбет жас кезінде Орынбор қаласында кімнің қасында болды ?(Зұлқарнайынның )
Жыраулардың ой толғанысын жалғастырған ереуіл ақыны :( Махамбет )
« Қара қазан , сары бала қамы үшін қылыш сермеген » жауынгер жыршы :
( М. Өтемісұлы )
Махамбет қай ханның тұсында өмір сүрген ? ( Жәңгір хан)
Жәңгір хан старшындыққа тағайындаған адам :( Махамбет )
Махамбеттің :
« Хан емессің, қасқырсың ,
Қас албасты басқырсың.
Достарың келіп табалап ,
Дұшпаның сені басқа ұрсын ! » - деп айтқан адамы :( Жәңгір хан )
Жәңгір ханның сарай ақыны атанған адам : ( Байтоқ )
Махамбет зілді сөздерін арнаған сұлтан: ( Баймағанбет)
« Өтемістен туған он едік .
Онымыз атқа мінгенде ,
Жер қайысқан қол едік ...» - деген үзінді алынған Махамбеттің өлеңі:
( « Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны »)
« Жақсыларға еп едім ,
Жамандарға көп едім.
Ерегіскен дұшпанның ,
Екі талай болғанда ,
Азыққа етін жеп едім , » -деген жолдар алынған Махамбеттің өлеңі:
( « Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны » )


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   163




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет