1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


Денсаулық сақтаудың мемлекеттік жүйесі



бет42/77
Дата13.09.2020
өлшемі0,6 Mb.
#78537
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   77
35. Денсаулық сақтаудың мемлекеттік жүйесі

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексі.

Денсаулық сақтау - аурулардың алдын алуға және оларды емдеуге, қоғамдық гигиена мен санитарияны қолдауға, әрбір адамның тәни және психикалық саулығын сақтап, нығайтуға, оның ұзақ жыл белсенді өмір сүруін қолдауға, денсаулығынан айырылған жағдайда оған медициналық көмек ұсынуға бағытталған саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, медициналық сипаттағы шаралар жүйесі;

Денсаулық сақтау жүйесі - қызметі азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы;

Бағдарламаның мақсаты – Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту еді. Ол 1998-2008 жж. арналып, үш базалық кезеңнен тұрды және төмендегі қағидаларға сүйенді:

• тұрғындарға медициналық қызмет көрсетудің қол жеткен деңгейін қолдау, сақтау, экономикалық, құқықтық ұйымдастырушылық іс-шараларын жандандыру және денсаулық сақтау жүйесін нарықтық жағдайға бейімдеу;

• медициналық қызметтің ішкі нарығын қалыптастырудың экономикалық-құқықтық алғышарттарын жасау;

• медициналық мекеменің қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету;

• халық денсаулығын сақтау мен дамытуға азаматтар мен жұмыс берушілердің, мемлекеттің жауапкершілігі

денсаулық сақтау саласындағы біліктілік санаты (бұдан әрі – біліктілік санаты) – маманның тиісті медициналық және фармацевтикалық мамандық шеңберіндегі жұмысты орындау үшін қажетті кәсіптік білімінің, шеберлігі мен дағдыларының көлемімен сипатталатын біліктілік деңгейі;

денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган — азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар айналымы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

Денсаулық сақтау субъектілері — денсаулық сақтау ұйымдары және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар;

Денсаулық сақтауды басқару органдары — Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтау ісін мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық қызметтер органдары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет