1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


) «ҚР соттық сарапшы қызметі туралы» ҚР заңы



бет47/77
Дата13.09.2020
өлшемі0,6 Mb.
#78537
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77
41) «ҚР соттық сарапшы қызметі туралы» ҚР заңы

Cот-сараптама қызметі туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ.

8-бап. Сот сарапшысының тәуелсіздігі

1. Сот сарапшысы сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сараптамасын тағайындаған органнан (адамнан), сот сараптамасы органының басшысынан және басқа адамдардан тәуелсіз болады. 2. Сот сарапшысы жүргiзiлген зерттеулердің нәтижелерi негiзінде оның арнайы ғылыми біліміне сәйкес өз атынан қорытынды береді. 3. Сот сарапшысы зерттеудің ғылыми-техникалық құралдарын, әдiстерi мен әдістемелерін таңдауда дербес болады, олардың жарамдылығы заңда айқындалады.4. Сот сарапшысына құқыққа сыйымсыз ықпал етуге және оның заңды қызметіне кедергі келтіруге жол берілмейді және олар заңда белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

19-бап. Сот сарапшысы

1. Сот сараптамасын жүргізу: 4. Сот сарапшысы біліктілік талаптарына және заңда белгіленген өзге де талаптарға сай келуге тиіс.

5. Мынадай:

1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған;

2) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

3) ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыс жасағаны үшін сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам сот сарапшысы бола алмайды.

6. Тиісті заңдық факт басталған сәттен бастап үш жыл ішінде:

1) заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелген немесе алынған;

2) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін оған қатысты айыптау үкімі шығарылған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық теріс қылық немесе ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

3) мемлекеттік қызметтен, құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан, әскери қызметтен, сот сараптамасы органдарынан тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған;

4) сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айрылған адам сот сарапшысы бола алмайды

20-бап. Сот сарапшысына қойылатын біліктілік талаптары

Осы Заңның 19-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдар мынадай біліктілік талаптарына сай болуға:

1) жоғары білімі болуға;

2) сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығын беретін біліктілік куәлігімен расталған сот сарапшысы біліктілігі болуға;

3) осы Заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен аттестатталған болуға тиіс.

21-бап. Сот сарапшысы біліктілігін беру

Сот сарапшысы біліктілігін беру адамның біліктілік емтиханын тапсырып, оған сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығын беретін сот сарапшысының біліктілік куәлігін беру арқылы жүзеге асырылады.

22-бап. Сот сарапшысын аттестаттау

1. Сот-сараптама қызметін жиырма жылдан аса жүзеге асырған адамдарды қоспағанда, сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары, сондай-ақ лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдар әрбір бес жыл сайын аттестаттаудан өтеді.

2. Сот сарапшысының біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактілері анықталған кезде оны кезектен тыс аттестаттау өткізіледі.

23-бап. Сот сарапшысының құқықтары

1. Сот сарапшысының:

1) сот сараптамасының нысанасына қатысты іс материалдарымен танысуға;

2) қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды оған беру, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы өтінішхаттарды мәлімдеуге;

3) қылмыстық процесті жүргізетін органның, тергеу судьясының, соттың, іс жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан органның (лауазымды адамның) рұқсатымен процестік әрекеттерді жүргізуге және сот отырысына қатысуға және оларға қатысатын адамдарға сот сараптамасы нысанасына қатысты сұрақтар қоюға;

4) өзі қатысқан процестік әрекеттің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаларға енгізілуге жататын ескертулер жасауға;

5) сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) келiсуi бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, іс үшін маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда қамтылған мәселелердің шегінен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыретi шегiнде қорытынды беруге;

6) ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының көмегін тегін пайдалануға, одан бас тартуды мәлімдеуге;

7) сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) және іс бойынша іс жүргізуге қатысатын өзге де адамдардың сот сараптамасын жүргізу кезіндегі оның құқықтарына қысым көрсететін шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасауға;

8) сот сараптамасын жүргізу кезінде жұмсалған шығыстардың өтемін және егер сот сараптамасын жүргізу оның лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға құқығы бар.

2. Сот сарапшысының:

1) сот сараптамасын тағайындаған органды (адамды) хабардар етпей, процеске қатысушылармен сот сараптамасын жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;

2) зерттеу үшін материалдарды өзі дербес жинауға;

3) егер сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) оған арнайы рұқсаты болмаса, объектілердің толық немесе ішінара жойылуына не олардың сыртқы түрінің немесе негізгі қасиеттерінің өзгеруіне алып келуі мүмкін зерттеулер жүргізуге құқығы жоқ.

24-бап. Сот сарапшысының міндеттері

Сот сарапшысы:

1) қылмыстық процесті жүргізетін органның, тергеу судьясының, соттың, іс жүргізуінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жатқан органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге;

2) өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге, өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген жазбаша қорытынды беруге;

3) заңда көзделген жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға, қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы уәжді жазбаша хабарлама жасауға және оны сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) беруге (жолдауға);

4) жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге;

5) зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге;

6) істің мән-жайлары туралы мәліметтерді және сот сараптамасын жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге;

7) сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) шығыстар сметасын және жұмсалған шығыстар туралы есепті ұсынуға міндетті.

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1700000044



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет