1. Деректер қорындағы «пәндік аумақ» дегеніміз не?



бет5/6
Дата06.10.2022
өлшемі56,48 Kb.
#152009
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Деректер қоры және АЖ, Кубенова Алия
УМКД ТКО сырттай
Дерекқор көрінісі деректер қиындығын жасыру және пайдаланушы тәжірибесін жетілдіру мақсатында соңғы пайдаланушыға көрсетілетін деректердің сүзгіленген жиынтығы. Көрініс екі немесе одан да көп кестелердегі деректерге қосыла алады және ақпараттың жиынын қамтиды.
4. Алғашқы деректер қорларының қызметіне тоқталыңыз
Деректердің желілік үлгісі - бұл ДҚБЖ деректер үлгілерінің алғашқыларының бірі. Типтік желілік үлгі CODASYL (Conference of Data System Languages) жүйелік комитетінің
деректер қоры бойынша (Data Base Task Group – DBTG) жұмыс топтарымен ұсынылды, бір позициясы және бір терминологиясы бар басқару деректерін өңдеудің белгілі фирмалық жүйесін талдау, осындай жүйелерді ұйымдастыру тәжірибесін жалпылау және сәйкес жүйелерді құру бойынша ұсыныстарды жасақтау олардың негізгі қызыметтері болды.
Желілік үлгіде топтық қатынастарды жүзеге асыру арнайы енгізілген қосымша өрістерді - көрсеткіштерді (байланыс мекен жайы немесе сілтеме) қолдану арқылы жүзеге асырылады, олар топтық қатынастардың иесі және мүшесі арасында байланыс орнатады. Жазба әртүрлі типтердің қатынасынан тұруы мүмкін (1:1, 1:N, M:N). Егер байланыс орнату нұсқаларының біреуі 1:1 анық болса (өрістері түйін атрибуттарына сәйкес келетін, қатынас иесі жазбасына қосымша өріс – жазбаға көрсеткіш – қатынас мүшесі қосылады),
онда 1:N және M:N байланыстарын ұсыну мүмкіндігі дәл осылай қиындау болады. Сондықтан желілік ДҚБЖ байланыстарды ұйымдастырудың аса таралған тәсілі қосымша жазба типтерін енгізу болып табылады, көрсеткіштер олардың өрістері болып табылады.
Мысал ретінде M:N топтық қатынасын қарастырайық. Үлгіге қосымша топ (қосымша жазбалар түрі) енгізіледі. Бұл жазбаның элементтері екі бастапқы топқа бөлінген көрсеткіштерден және топтық қатынастың M және (немесе) N мүшелеріне сәйкес келетін, оларды бір тізбекке байланыстыратын, қарастырылатын қосымша жазба даналарының көрсеткіштерінен тұрады.



Иерархиялық деректер үлгісі - бұл да өте алғашқы деректер үлгілерінің бірі. Иерархиялық үлгіде топтық қатынастарды жүзеге асыру, желіліктегі сияқты, көрсеткіштер көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін және кескін түрінде ұсынылады. Алайда, желілік
үлгіге қарағанда, мұнда түбегейлі ерекшеліктер қатары бар:
1)Топтық қатынастар жарыспалы бағыныңқы қатынастары болып табылады. Топ (жазба) – қатынас иесінің бағыныңқы топтары – қатынас мүшелері бар. Бастапқы топ арғы тегі деп, ал бағыныңқы топ ұрпағы деп аталады.
2) Топтық қатынастар иерархиялық құрылымды құрады, оларды келесі түрдегі бағытталған кескін түрінде сипаттауға болады:
- түбір деп аталатын, жалғыз ерекше ұшы (топқа сәйкес келетін) болады, оған бірде-бір қабырға кірмейді (топтың арғы тегі жоқ);
- қалған барлық ұштарға тек бір қабырға ғана кіреді (барлық қалған топтардың бір арғы тегі бар), ал кез келген қабырғалар санынан басталады (топтар кез келген ұрпақтар санынан тұрады);
- циклдар болмайды.
3) Деректердің иерархиялық үлгісі бірнеше ағаштардың жиынтығын ұсына алады. Иерархиялық үлгінің терминалогиясында, деректер құрылымын сипаттайтын, ағаштар деректерді сипаттау ағаштары деп аталады, ал құрылымданған деректердің өзі (деректер қоры) –деректер ағашы деп аталады.
Иерархиялық үлгіде іздеу операциясын жүзеге асырудың ерекшелігі операция әрқашан іздеуді түбірлік ұштан бастау және түбірден ұшына дейін иерархиялық жолдың (байланысқан ұштардың тізбегі) өзгешелігін анықтау болып табылады, олардың даналары іздеу шарттарын қанағаттандырады.
Иерархиялық үлгі операцияларын жүзеге асыратын. Бағдарламалар желілік үлгіге арналған бағдарламаларға қарағанда барынша қарапайым, себебі мұнда құрылым бойынша навигацияны жүзеге асыру барынша жеңіл. Иерархиялық үлгінің пайда болуының мақсаттылығы нақты әлемнің ұйымдық жүйелерінің көпшілігі иерархиялық құрылымда (елді әкімшілік бөлу, мекеменің ұйымдық құрылымы және т.с.) болатынымен жалпыланған. Сәйкес концептуалды ұсыныстар да иерархиялық құрылымда болады және табиғи түрде иерархиялық үлгі терминдерінде сипатталуы мүмкін. Иерахиялық үлгінің
кемшілігі ретінде желіліктің жоғарыда көрсетілген кемшіліктерін айтуға болады.
Иерархиялық үлгіні қолдайтын, ДҚБЖ IBM 360/370 (ЕС ЭЕМ) есептеуіш жүйелерінде жеткілікті кеңінен қолданылды. Мұндай жүйелердің мысалы ретінде IMS, OKA жүйелерін және СССР отандық жасақтама ИНЕС атауға болады. Дербес ЭЕМ арналған иерархиялық ДҚБЖ мысал НИКА отандық жүйесі болып табылады (ИНЕС жүйесінің IBM PC бейімделуі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет