1. Дәрілік зат, дәрілік препарат, дәрілік форма туралы түсінік


Жергілікті анестетиктер (синтетикалык) химиялық құрылымы бойынша 2 топқа бөлінеді



бет7/31
Дата09.02.2023
өлшемі146,17 Kb.
#168190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
1. Д рілік зат, д рілік препарат, д рілік форма туралы т сінік
LANGUAGE TEACHING METHODOLOGY BY DAVID NUNAN ww…, 9 Семинар, 131749, еггг, Психология БОЖ, Нурдаулет практика
Жергілікті анестетиктер (синтетикалык) химиялық құрылымы бойынша 2 топқа бөлінеді:

  • ароматты қышқылдардың қүрделі эфирлері: новокаин (про­каин), дикаин (тетракаин), анестезин, кокаин; Күрделі эфирлер белсенділігін жоғалтып, қысқа уақытқа әсер етеді, тиімділігі қабыну үдерістерінде айтарлықтай төмен.

  • амин қышқылдарының туындылары: лидокаин (ксикаин), тримекаин, пиромекаин, бупивакаин (марками), артикаин (ультракаин). Артықшылығы: әсерінің ұзақтығы, аллергиялық реакцияларды аз тудырады.

Новокаин (прокаин) — бұрын белгілі және кеңінен қолданылатын жергілікті анестетиктердің бірі. Беткей анестезия үшін де қолданылады, өйткені іс жүзінде зақымданбаған тері және шырышты қабык арқылы енбейді. Ол тіндерді тітіркендірмейді, тамырларды тарылтпайды. Гипотензивті, сондай-ақ аз деңгейде аритмияға қарсы әсер көрсетеді. Тегіс салалы бұлшықеттің спазмын азайтады. Новокаинді дәрілік заттарды ерітуде, әр түрлі блокада жасауда және шокқа қарсы, қышуға қарсы зат ретінде қолданады.
Жанама әсерлері көбіне аллергиялық реакциялар түрінде анафилаксиялық шокқа дейін баруы мүмкін. Артериялық қан қысымының күрт төмендеуі мен коллапс туындауы мүмкін екенін ескеру кажет.
Лидокаин (ксикаин). Бұл жергілікті анестетик әмбебап, яғни жергілікті анестезияның барлық түрлерінде пайдаланылатын, ең кең тараған түр. Новокаиннен 2—5 есе белсенді және 2 есе ұзақ (шамамен 60 минут) әсер етеді. Оның улылығы новокаиннен сәл жоғары болып табылады. Тіндерге тітіркендіргіш әсер көрсетпейді, қарашықтың мөлшеріне және тамырлардың тонусына әсер етпейді. Препарат тұрақты, оны бөлме температурасында ұзақ мерзімде сақтауға болады. Аритмияға қарсы және тырысуға қарсы әсері бар. Жанама әсерлері:гипотония, ұйқышылдық, бас айналу, амнезия, тырысулар, тремор, уытты тахиаритмия, көрудің бұзылуы, тыныс алу жеткіліксіздігі.
Бупивакаин (маркаин) — әсері баяу басталатын препарат, бірақ анестезия ұзаққа созылады (10 сағатқа дейін). Көбіне анестезия үшін және операциядан кейінгі кезеңде, созылмалы ауырсыну син­дромы т.с.с. кезде пайдаланылады. Жанама әсерлері — уыттылығы, құрысулар, жүрек қызметінің төмендеуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет