1-Дәріс. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері


Қазақ тілін оқыту – кешенді үдеріс



бет7/7
Дата07.02.2022
өлшемі26,26 Kb.
#89755
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 Дәріс. ҚТОӘ ғылымының зерттеу нысаны мен пәні
Қазақ поэзиясының құлагері, бухгалтерия есеп 1, 22-23 2-1 Адам анатомиясы Өтесінов Ж.Ө Б-22-2-2
Қазақ тілін оқыту – кешенді үдеріс. Оқыту тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл – ойы мен шығармашылық қабілетін, біліктілігі мен дағдысын кешенді дамыту негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан әрбір пәнді оқыту педагогикалық үдерістің жан – жақты жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Педагогикалық үдеріс – оқыту мен тәрбиелеу құралдарын пайдалана отырып, білім мазмұнын терең меңгеру үшін ұйымдастырылатын педагог пен тәрбиеленушілердің бірлескен әрекеті. Педагогикалық үдерістің нәтижелі болуы мұғалім мен оқушының коммуникативтік әрекетінің бағыты мен қол жеткізілетін түпкі нәтижесінің айқын қойылуына байланысты. Коммуникативті өзара әрекеттестіктің нәтижесі оқытудың әдістемелік жүйесіне енетін әрбір құрауыштың дұрыс жоспарлануы мен олардың өзара сабақтастығына тәуелді. Онда оқытудың мақсаты, міндеттері, ұстанымдары, оқыту мазмұны, оқыту формалары мен оқыту әдіс – тәсілдері және күтілетін нәтижелер біртұтас қамтылғанда ғана білім беру үрдісі оқытушының және оқушының арасындағы өзара коммуникативтік әрекетке өзек етіп алынады.
Мұндай жағдайдағы мұғалімнің коммуникативтік әрекеті мына мәсеселерді қамтиды: перцептивтік білік, коммуникативтік қабілет, педагогикалық техника. Перцептивтік білік – оқушыны түсіне білу, оның өзіндік ерекшелігін тану, өзіндік қасиетін бағалау, әлеуметтік көзқарасына түсіністікпен қарау. Коммуникативтік қабілет –оқушымен дұрыс қарым – қатынас жасай білу, оның істеген әрекетін таразылау, оған әсер ететін мотивтерді жылдам аңғару, олардың әр түрлі жағдаяттарда өзін – өзі ұстай білуін бақылау , өзара түсіністікте жұмыла жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Педагогикалық техника – тиімді әдістер мен тәсілдерді оңтайлы пайдалану, қарым-қатынас жасауда дұрыс сөйлеу мәнерін таңдау, оқушының назарын қажетті, өзекті, тиімді мәселеге аудара білу.
Қазіргі заман талабы болашақ маманның тілді үйрету әдістемесін жетік білуін; терең білімді меңгеруіне қоса интеллектуалдық мәдениетінің жоғары болуын; әлемдегі мәдениет үлгілерін игеруін; эстетикалық, этикалық денгейдегі қарым-қатынас жолын меңгеруін; адамзат құндылықтарынан хабардар болуын; адами құндылықтарды өз бойына сіңіре білуін қажет етеді. Қорыта келгенде, аталған мәселелерді қазақ тілін оқыту әдісмесі пәнінің білім мазмұнында жан-жақты әрі кешенді түрде қамтып, болашақ мұғалім бойында осы міндеттерді шешуге қажетті дағдыларды дамыту өркениеттің жаңа белесіне көтерілген қоғамның білім саласына қойып отырған талаптарын орындауға да толық мүмкіндік берері сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет