1 дәріс. Байланыс желілерінің даму тарихы, Терминдер мен анықтамалар



бет1/3
Дата12.12.2023
өлшемі12,19 Kb.
#196341
  1   2   3
Байланысты:
Электр тізбектері
Коучинг тақырыбы Эдвард де Боно “Ақылдың алты қалпағы”

Электр тізбектері және электр сұлбаларының элементтері

Негізгі ұғым

Электротехникалық қҧрылғыларда өтетін электромагниттік процестер әдетте кҥрделі болады. Бірақ та көп жағдайларда олардың негізгі сипаттамаларын кернеу, ток, ЭҚК сияқты интегралдық шамалармен жазуға болады. Электр энергиясын ӛндіруге, беруге, таратуға және тҥрлендіруге арналған электр энергиясының кӛздері мен қабылдағыштардан тұратын электротехникалық қҧрылғылардың жиынтығын электр тізбегі деп қарастырады. Электр энергиясын өндіретін электротехникалық құрылғыларды өндіргіштер немесе электр энергиясының кӛздері деп атайды, ал оны пайдаланатын қҧрылғыларды электр энергиясын қабылдағыштар деп атайды. Электр тізбегінің барлық элементтерін шартты тҥрде активті және пассивті деп бӛлуге болады. Активті элемент деп құрамында электр энергиясының көзі бар элементті атайды. Пассивті элементтерге олардың ішінде энергия таралатын (резисторлар) немесе жиналатын (индуктивтілік орама және конденсаторлар) элементтер жатады. Егер элементтер сызықты дифференциалды немесе алгебралық теңдеулермен сипатталса, онда олар сызықты элементтер деп аталады, ал қалған жағдайларда олар сызықсыз

элементтер класына жатады.

Резистивті элемент (резистор)


Резистордың шартты графикалық бейнесі а суретінде келтірілген. Резистор – бҧл резистивті кедергімен сипатталатын белсенді емес (пассивті) элемент. Резистивті элементтің негізгі сипаттамасы u(i) тәуелділігі, яғни вольт – амперлік сипаттама (ВАС) деп аталады. Егер u(i) тәуелділігі координаттың бас нҥктесінен ӛтетін сызықты көрсетсе (б сурет), онда ол сызықты резистор деп аталады да, келесідей арақатынаспен жазылады.
Сызықсыз резистивті элементтің вольт – амперметрлік сипаттамасы сызықсыз б сурет болып келеді.
Резистордың шартты графикалық бейнесі

Индуктивті элемент (орама индуктивтігі)


. Орама – бұл индуктивті сипаттайтын белсенді емес элемент.
Орама индуктивтігінің негізгі сипаттамасы тәуелділігі, яғни вебер – амперлі сипаттама деп аталады. Сызықты орама индуктивтігінен өзара координаттың бас нүктесінен өтетін тҥзу сызықты көрсетсе (б сурет), онда оның арақатынасы келесідей жазылады:
Сызықсыз орама индуктивтігінің қасиеті магнит индукциясының сызықсыз кернеу өрісіне тәуелділігі үшін (б суретін қараңыз) ферромагнитті материал өзекшесінің өзімен анықталады.
Орама индуктивтігінің шартты графикалық бейнесі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет