1 Дәріс Эконометрика пәнінің қалыптасу тарихы мен мазмұны


Эконометриканың негізгі ұғымдары



бет3/3
Дата08.11.2022
өлшемі44,5 Kb.
#157152
1   2   3
Байланысты:
1-Лекция
6-ЭКОНОМИКАДАҒЫ КОРРЕЛЯЦИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР, мараа
1.1.3 Эконометриканың негізгі ұғымдары
Эконометриканың негізгі ұғымдары–бұл «нысан» (объект), «айнымалы» және «үлгі».
Экономикалық нысан – кез келген шаруашылық бірлік.
Айнымалы – объектінің шаруашылық әрекеті үрдісінде әр түрлі мәндер қабылдай алатын объектінің сандық сипаттамасы.
Үлгі – объектінің барлық айнымалыларын біріктіріп байланыстыратын графиктер немесе кестелер жиыны, не болмаса математикалық теңдеулер немесе теңсіздіктер жүйесі.
Эконометрикалық үлгі - әсер етуші фактор мен нәтижелік белгі арасындағы байланыстың математикалық теңдеуі.
Анықтама. Эндогенді (тәуелді) айнымалы деп басқа айнымалылармен өзара байланыс нәтижесінде мәні үлгінің ішінде түзілетін айнымалыны атаймыз.
Анықтама. Экзогенді (тәуелсіз) айнымалы деп мәні үлгінің сыртында түзілетін айнымалыны атаймыз.
Эконометрикалық үлгілердің негізгі үш класын атап көрсетуге болады: уақыт қатарлары үлгілері, бір теңдеуі бар регрессиялық үлгілер және бірқалыпты теңдеулер жүйелері.
а) уақыт қатарлары үлгілері. Мұндай үлгілер уақытқа қатысты тек қана олардың алдыңғы мәндеріне байланысты өзгеріп отыратын айнымалыларды түсіндіреді. Бұл класқа тренд, маусымдық, тренд және маусымдық (аддитивтік және мультипликативті пішіндері) үлгілері жатады. Тренд ұзақ уақыт ішіндегі көрсеткіш деңгейінің қалыпты өзгерісін көрсетеді. Маусымдық көрсеткіш деңгейінің жыл ішіндегі қалыпты тербелісін көрсетеді.
б) бір теңдеуі бар регрессиялық үлгілер. Мұндай үлгілерді тәуелді (түсіндіріліп отырған) айнымалы тәуелсіз (түсіндіруші) айнымалылар мен параметрлердің функциясы ретінде көрсетіледі. функция түріне байланысты үлгілер сызықты және сызықсыз болады. Мысал ретінде кейбір тауардың оның бағасы мен пайдасына байланысты сұраныс үлгісін алуға болады.
в) Бірқалыпты теңдеулер жүйесі. Экономикалық объект теңдеулер жүйесімен сипатталынады. Жүйелер басқа теңдеулерден түсіндіріліп отырған айнымалылардан (сондықтан экзогенді және эндогенді айнымалылар ұғымын енгізеді) тұруы мүмкін теңдеулер мен теңсіздіктерден тұрады. Мысал ретінде пайданы (кіріс) қалыптастыруды айтуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет