1 Дәріс Эконометрика пәнінің қалыптасу тарихы мен мазмұны



бет1/3
Дата08.11.2022
өлшемі44,5 Kb.
#157152
  1   2   3
Байланысты:
1-Лекция
6-ЭКОНОМИКАДАҒЫ КОРРЕЛЯЦИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР, мараа

Кіріспе

Эконометрика салыстырмалы жас, бірақ тез даму үстіндегі ғылым. Тұрақты күрделену жолындағы экономикалық үдерістер, оларды оқып-зерделеу және талдау әдістерін жетілдіру керектігіне және жаңа әдістер жасау қажеттігіне алып келді. Сондықтан эконометрика өзінің зерттеулері үшін заманауи ғылымдарды – математикалық және статистикалық аппараттарды кеңінен қолданатын ғылыми пән. Қазіргі кезде осы пәнмен қатар тәжірибеде сандық талдау және модельдеу әдістері кең таралуда және қалыптасуда.


Бүгінгі таңда эконометрика ғылымын дүниежүзі мойындады. Экономикалық айнымалылардың эмпириялық тәуелділіктерін зерттеп және оларды теориялық түрде талдап, бір қорытындыға келу арқылы бизнесті сапалы болжау құруға, тек осы эконометрикалық әдістер арқылы көздеген мақсатқа жетуге болатыны сөзсіз бола бастады.
Сөзбе сөз аударатын болсақ, «эконометрика» термині «экономикада өлшеу» деген ұғымды білдіреді. Жалпы алғанда эконометрика – математикалық-статистикалық әдістер көмегімен экономикады бір-бірімен сандық және сапалық тәуелділікті оқып зерделейтін ғылым.
Сөйтіп, экономикалық құбылыстар мен үдерістердің дамуын қарастыратын факторлар мен нәтижелік көрсеткіштер эконометрика пәні деп аталады.

1 Дәріс – Эконометрика пәнінің қалыптасу тарихы мен мазмұны




1.1.1 Эконометрика пәнінің даму эволюциясы
Эконометрика экономикалық қатынастарға сандық өлшемдер беретін ғылымның тез дамып жатқан саласы. «Эконометрия» терминін ең бірінші бухгалтер П. Цьемпа (Австрия-Венгрия, 1910ж.) енгізген. Цьемпа, егер бухгалтерлік есепке алгебра және геометриялық әдістерді қолдансақ, шаруашылық қызмет нәтижесін тереңірек түсінуге мүмкіндік туады деп санады. Бұл термин өзі ұзақ қолданылмады, ал «Эконометрика» деген атау 1930 ж. Экономикалық ғылымның жаңа бағыты ретінде қабылданды.
«Эконометрика» сөзі «экономика» және «метрика» (гректің «метрон» сөзінен) сөздерінің бірігуін көрсетеді. Кеңес одағы ғалымы А.Л. Вайнштейн (1892-1970) бұл ғылымның атауы гректің метрия (геометрия, планиметрия және т.б.) сөзіне негізделген, яғни сәйкес аналогы – эконометрия деп саналады. Бірақ ғылымда соңғы кезде «эконометрика» термині кеңінен қолданылып жүр.
1930 ж. 29 желтоқсанда И. Фишер (1867-1947), Р. Фриш, Я. Тинберген (1903-1995), Й. Шумпетер, О. Андерсон (1887-1960), және басқа ғалымдардың инициативасымен ғылымның дамуының Америкалық ассоциациясы отырысында (АҚШ, Кливлент, Огайо штаты) эконометрикалық қоғам құрылды, онда новегия ғалымы Р. Фриш жаңа ғылымға «эконометрика» атауын берді.
1933 ж. Бастап Р. Фриш эконометрикалық ғылымның дамуына қазіргі кезде де маңызды роль атқаратын «Эконометрика» («Econometrica») журналын шығара бастады.
1941 ж. Я. Тинбергеннің (1913-1994 жж.) эконометрикадан ең бірінші оқулық жарық көрді. ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап күшті оперативті жадыға ие, тез жұмыс жасайтын компьютерлерді енгізу кезінде эконометрика ғылымының даму кезеңі басталды. Уақыттық қатарларды статистикалық талдау елеулі дамыды. Г. Бокс және Г. Дженкинс ARIMA-модельді, К. Симс 80-ші жылдары кең тараған VАR-модельдерін, С. Йохансен бұл кезеңнің жетістігі болған коинтеграция әдісін ойлап тапты (1990 ж.). Экономика бойынша нобельдік сыйлықтардың иесі эконометриканы пайдалануына байланысты болды. Олар: Р. Фриш, Я. Тинберген (1969 ж.), Л. Клейн (1980 ж.), Т.Хаавельмо (1989 ж.), Дж. Хекман, Д. Макфадден (2000 ж.), Грэнжер (2003 ж.).
Эконометрика пәнді оқытудың мақсаты. Эконометрика макроэкономика және микроэкономика мен қатар осы замандағы экономикалық білімнің негізгі пәндерінің бірі болып таблыды. Осы пәнді оқыту мақсаты: студенттерге қазіргі даму теориясына сүйене отырып нақты экономикалық құбылыстарды сандық талдау негіздерін үйрету. Бұл пәннің ерекшелігі - нақты эконмикада қолдануға тұрақты бағытталғанформальды есептеудің шектеулі көлемдегі концептуальды қаталдығы. Ол көбінесе ең кіші квадрат әдісі арқылы жұптық және көптік регрессияларды бағалау мен талдауға негізделеді. Мұнда құрылған эконометрикалық тәуелділіктердің сапасаын бағалау, автокорреляция және гетероскедастикалық құбылыстарды айқындау, айнымалылардың және тәуелділіктердің түрлерінің өзгешеліктерін ашу мәселелері қарастырылады.
Пәнді оқыту міндеттері. Аталған пәнді оқытудың негізгі міндеті – ол студенттің экономикалық процестерді зерттеудің қазіргі замандағы мәселелері мен амал-тәсілдері туралы дағдылармен білім алуы. Ал оқытудың нәтижесі эконгомикадағы байланыстар мен тәуелділіктерді эмпирикалық зерттеу жолын түсіну, осы бағытта пайда болатын мәселелер мен кедергілерді білу, қарапайым эконометрикалық моделді өз бетінше құрып, оны зерттеп білу болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет