1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы


Аллельді гендер. Көптік аллелизм



бет8/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   78
Байланысты:
darister
Enzyme worksheet
4. Аллельді гендер. Көптік аллелизм.
Гендердің хромосомода орналасатыны белгілі. Диплоидты организмдерде хромосомдар жұп, гендер де жұп. Міне, осындай гомологты хромосомдардың бірдей бөліктерінде (бір локуста) орналасқан жұп гендер аллельді гендер деп аталады. Организм аллельді гендердің біреуін шешесінен (аналық клеткадан), екіншісін әкесінен (сперматозоидтан) алады. Мутация нәтижесінде кез келген геннің өзгеруі жаңа аллельдің пайда болуына әкеледі. Осындай мутациялар арқылы пайда болатын белгілі бір геннің бірнеше күйі (екіден жоғары) көптік аллелизм деп аталады.
Аллельді гендерден дамитын белгілер аллеморфты деп аталады. Көптік аллелизмнің бірден-бір маңызды ерекшелігі – аллеморфты белгілердің доминанттылық сипатына қарай жүйелі қатарға орналасуы: бастапқы белгі аллеморфты басқа белгілердің бәрінен доминантты, ал екінші белгі келесі белгілерден доминантты, ал аллельдің соңғы күйі алдыңғы аллельдерге қарағанда рецессивті болады.
Қоян түгі түсінің тұқым қуалауы аллеморфтылыққа мысал бола алады: С – сұр (жабайы –агути типті), сchшиншилла немесе мардер, ch – гималай, са – альбинос. С > сch > ch > са
Қоян түгі түсінің генетикалық анықталуы



Аллель

Генотип

Фенотип

С

СС, Ссch, Ссh, Ссa

Агути

сch

сchсch

Шиншилла




сchсh, ссhсa

Ашық шиншилла

сh

сhсh, сhса

Гималай

са

са са

Альбинос

Көптік аллелизмнің басқа мысалына адам мен жануар қан топтары жүйелерінің тұқым қуалауы жатады. Адамда АВ0 жүйесі бойынша төрт қан тобын ажыратады: 0, А, В және АВ. Олар бір геннің үш түрлі аллельдерімен анықталады: ІА, ІВ және і. : ІА және ІВ аллельдері і аллелінен доминантты, ал өзара кодоминантты. Мұнда үш аллель алты түрлі генотипті анықтайды. Бұл мысалдардан көптік аллелизмнің комбинациялық, әсіресе генетикалық өзгергіштікті күшейтетінін көреміз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   78




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет