1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы


-дәріс. Тұқым қуалаушылықтың цитогенетикалық негіздері



бет4/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
darister
Enzyme worksheet
2-дәріс. Тұқым қуалаушылықтың цитогенетикалық негіздері

1.Клетка элементтерінің тұқым қуалаушылықтағы маңызы


2. Хромосомалардың морфологиясы және редупликациясы
3. Кариотип және оның түрлік ерекшеліктері
4. Жыныстық көбеюдің цитологиялық негіздері

1.Клетка элементтерінің тұқым қуалаушылықтағы маңызы.


Бүкіл жануарлар мен өсімдіктер клеткалардан тұрады. Клетка мембранамен шектеліп, ядро мен цитоплазмадан тұрады. Цитоплазмада - пластидтер, митохондриялар, рибосомолардан және т.б. тұрады. Рибосомаларда белоктар синтезделеді. Ядрода тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі - хромосомалар орналасады, олар гендерден тұрады. Әр ген организмның жеке қызметін, дамуын реттеп тұрады.
Клетка терминің ағылшын ғалымы Роберт Гук 1665 жылы ұсынды. Клетканы биологияны арнайы бөлімі - цитология зертттейді. Ф.Энгельс клетка теориясын табиғат тануды 19 ғасырда үдеткен үш маңызды деректің бірі деп атаған. Клетка теориясын 1838 жылы неміс ғалымы М.Я.Шлейден және Т.Шванн ашқан. Клетканың зерттеудің жаңа сатысы электрондық микроскоп, цистогистохимия және цитофизиология әдістерімен зерттеледі.

2. Хромосомалардың морфологиясы және редупликациясы


Жануарлардың, өсімдіктердің әр түрлерінің хромосомаларының морфологиялық өзгешеліктері болады. Хромосомалардың әрқайсысы ширатылған екі жіпшеден тұрады (хроматидтер). .
Хромосома - хромонема жіпшелерінен тұрады, олар спиральденіп, бұралады, телофазада жазылады. Хромосомалар химиялық, физикалық, генетикалық қасиеттері жағынан әр түрлі болады. Гегізгі бояушы заттар арқылы бақылағанда әр түрлі реакциялар байқалады. Бір бөліктері жақсы боялады - гетерохроматиндік бөлік. Нашар боялатын - эухроматиндік бөлік. Екі бөліктің генетикалық қасиеттері әр түрлі. Алғашқыларында гендер аз мөлшерде байқалады. және тұқым қуалаушылық жағынан белсенді емес. Гетерохроматиндік бөліктер хромосомалардың центромераларына жақын орналасады. Кейбір хромосомалар гетерохроматиннен тұрады (В, У хромосомалар ). Болжау бойынша гетерохроматиндік бөліктер қатты спиральденіп жазылмаған.
Хромосомаларды үш түрге жіктейді:
1. Тең иінді, метацентрлі - буын хромосом денесін екі тең мүшеге бөледі.
2. Әр түрлі иінді, субметацентрлі дене ұзындығы әр түрлі екі мүшеге бөлініді.
3. Бір иіні өте қысқа, акроцентрлі.
Хромосомалардың мөлшері ірі қара малдың клеткаларынд 2,24-8,48 мкм, қойда 0,95-7,9 мкм, Химиялық құрамы: ДНК - 30-45%, РНК - 10% және белоктардан тұрады: негізгі гистонды белоктар 30-50%, гистонсыз - 4-33%
Атқаратын қызметіне қарай хромосомалар екіге бөлінеді. Олар аутосомалар және жыныстық хромосомалар. Жыныстық хромосомалардың белгілі бір жыныстық дамуына қатысы болғандықтан оларды жыныстық хромосомалар деп атайды, олар Х және У хромосомалар. Жыныс хромосомасының басқа хромосомаларға қарағанда құрылысында, бөлшектенуінде, конъюгациясында гетерохроматині көбірек болады. Жыныс хромосомаларының өзара және басқа хромосомалардан айырмашылығы болғандықтан, мейоз кезінде де олар өздеріне тән ерекшеліктер көрсетеді.

3. Кариотип және оның түрлік ерекшеліктері


Дене клеткаларындағы хромосомалар санының түрлік тұрақтылығы, саны, ұзындығы, морфологиялық белгілерінің жиынтығы каритип деп аталады. Табиғи сұрыптаудың барысында әр түрдің өзіне сай хромосом аппараты қалыптасқан. Әдетте хромосомалар жұп санды болып келеді. 2n әдетте көпшілік организмге тән диплоидты (қосарланған хромосомалар жинағы) болады. 1n хромосома жиынтығы гаплоидты деп аталады. Бұл жыныс клеткаларында болады.
Организнің әр түрлі белгілері хромосомалар санымен ғана емес, олардың формасы, көлемі және орналасуына қарай сипатталады. Бұл көрсеткіштердің барлығын "кариотип" деген ұғымға біріктіреді. Хромосомалардың диплоидты жиынтығы ата мен анадан берілгендіктен олар клеткаларында (екі дана) жұп болады. Жұп санды хромосомаларды гомологиялық (құрылысы және шығу тегі бір, бірақ атқаратын қызметі әр түрлі) деп аталады. Әдетте гомологиялық хромосомалардың морфологиялық айырмашылығы байқалмайды.
Кесте 1
Жануарлар мен өсімдіктердің кейбір түрлерінің дене клеткаларындағы хромосомалардың диплоидты жиынтығы

Жануарлар мен өсімдіктер

Хромосомалар саны

Адам

46

Жылқы

66

Ірі қара мал

60

Қой

54

Ешкі

60

Шошқа

38

Тауық

78

Қаз

82

Жеміс шыбыны

8

Ара (бал арасы)

16,32

Бидай

28,42

Сұлы

42

Жүгері

20

Арпа

14

4. Жыныстық көбеюдің цитологиялық негіздері


Жыныстық көбею жануарлар мен өсімдіктердің көбеюінің бір түрі.Жыныстық көбею жолында жаңа организм әдетте аналық және аталық жыныс клеткалары - гаметалардың қосылуынан пайда болған зиготадан дамиды. Зигота кезеңі - ұрықтың алғашқы даму сатысы және ол бұл кезде екі еселенген (диплоидты) хромосомалары бар бір клеткадан тұрады.
Партеногенез - организмдердің жыныстық көбеюінің бір түрі. Бұл ұрықтанбаған аналық клетканың дамуы. Бұл жолымен көбею жыныстық кобеюдің түрі ретінде бір клеткалы және көп клеткалы омыртқасыздар арасында және өсімдіктерде кең тараған. Дегенмен де бұл жыныстық көбеюдің жекеленген бір түрі болып табылады. Жыныстық көбеюдің биологиялық маңызы жаңа организмде ата-анасынан екі түрлі тұқым қуу белгілері болады және ол ұрпақтың тіршілік ортасының өзгерістеріне бейімділігін арттырады, сұрыптау үшін көп материал береді.
Ұрықтанудың нәтижесінде:

  1. ұрықтар арасында материалдық үзілмейтін байланыс жасалады;

  2. хромосомалардың диплоидты жиынтығы қалпына келтіріледі;

  3. аталық және аналық тұқым қуалау бастамалары бір организде бірігеді.

Осылардың бәрі түрдің салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Жыныс тканьдері клеткларының физиологиялық тұрғыдан мамандануы (жекеленуі) жыныс клеткаларының морфологиялық құрылымына және физиологиялық ерекшелігіне өз әсерін тигізген. Сондықтан жануарлар мен өсімдіктердің аналық және аталық жыныс клеткалары бір-бірінен әлдеқайда өзгеше болады. Бұл өзгешеліктердің эволюция барысында пайда болуының өз мәні бар. Мысалы, жұмыртка клеткасы тұқым қуу ақпаратын берумен қатар ұрықтың алғашқы сатысында оны қоректік затпен қамтамасыз етеді. Ал аталық жыныс клеткаларында мұндай қасиет жоқ, олар тек қана аталық қаситті тұқымға береді де, жұмыртқа клеткасының әрі қарай дамуына септігін тигізбейді.
Жыныс клеткаларың даму жолдары мен ұрықтану процестері әр түрлі, мысалы, жануарлар мен өсімдіктерде. Бірақ жыныс клеткаларының даму негізінде бір жалпы процесс бар - ол ұрық клеткаларының (эмбриондық) бөлшектенуі (дифферециация) және осы клеткалардың хромосомалар санының азаю механизмі (редукция). Бұл механизмді басқаратын да, атқаратын да мейоз - жыныс клеткаларының бөліну әдісі. Осы мейоз арқылы аталық және аналық хромосомалар қосылып, олардың саны екі есе азаяды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет