1-дәріс Кіріспе. Квалиметрияның пайда болу тарихы. Квалиметрияның практикалық есептері. Басқа пәндермен өзара байланысы Қарастырылатын сұрақтар



бет28/39
Дата24.08.2020
өлшемі433,48 Kb.
#76722
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
stud.kz-80931
stud.kz-19533
Қарастырылатын сұрақтар:


  1. Сапаны бағалау қалай іске асырылады.

  2. Сапаны бағалау дәрежесі қалай анықталады.


Орта өлшемді көрсеткіш көмегімен сапа деңгейін бағалау. Кешенді көрсеткіштің берілген мәліметтерден функционалды тәуелдіктерді құрастыру қиынға соқса, әртүрлі орташа өлшемді, соның ішінде орташа өлшемді салыстырмалы көрсеткіштерді пайдалануға болады. Есептеуді келесі формулалармен жүргізеді.

Орташа өлшемді арифметикалық көрсеткіш келесі формуламен анықталады:



Qj=

Бұл жерде:



mi – салмақтылық коэффициенті =1, j=0, 1, 2,…, n.

- өнімнің сапа көрсеткіштерінің салыстырмалы мәндері (дифференциалды әдісте).

Бағаланатын өнім берілген аналогтар тобымен анықталатын сапа деңгейіне сәйкес болып есептеледі, егер



QminQоQmax

Бұл жерде: Qо – бағаланатын өнімнің орта өлшемді сапа көрсеткіші;



Qmin , Qmax – аналогтардың орта өлшемді сапа көрсеткіштерінің минималды және максималды мәндері.

Егер Qоmin, онда бағаланатын өнімнің сапа деңгейі берілген аналогтардың тобынан төмен, ал Qо>Qmax, онда жоғары.

Салмақтылық параметрлері =1 шартын қанағаттандыратын жағдайда олар салмақтылық коэффициенттері деп аталады. Бұл берілген көрсеткіштің өнімнің басқа көрсеткіштерінің ішінде маңызының сандық сипаттамасы болып табылады. Бастапқы ақпараттың болуына байланысты және оны алудың мүмкіндігі бойынша маңыздылық параметрлері (салмақтылық коэффициенттері) құндық регрессиондық тәуелділіктер, шекті және номиналды мәндер, эквивалентті қатынас және сараптама әдістерімен анықталуы мүмкін.

Орта-өлшемді көрсеткіштерді қолданылуы алдында олардың орыналуы негізделуі қажет. Келіспеген жағдайда, арифметикалық жолға қарағанда көп қолданылатын аймаққа ие болатын геометриялық көрсеткішті пайдалану керек.

Бұл тәсіл өнім сапасының деңгейін бірлік сапа көрсеткіштердің функциясы болып табылатын бір жалпылама көрсеткішпен сипаттау қажеттілігінде қолданылады.

Жалпылама көрсеткіш өнімнің негізгі тағайындалуын сипаттайтын басты көрсеткіш (мысалы, өнімнің тағамдық құндылығы), сапаның интегралды көрсеткіші (мысалы, экономикалық тиімділік және (немесе) өнім бағасы) және өнім сапасының орташа өлшенген көрсеткіші болып айқындалады.

Кешенді көрсеткіш өнім сапасының деңгейін бірлік сапа көрсеткіштердің функциясы болып табылатын бір жалпылама көрсеткішті қолдануға негізделген.

Егер қажетті ақпарат болса, басты көрсеткішті анықтайды да, оның бастапқы көрсеткіштерден функционалды тәуелділігін анықтайды. Мысалы, жүк тасушы автомобильдердің басты көрсеткіші т-км өрнектелген жылдық өнімділігі, автобустарда – жолаушы-километрмен өрнектелген өнімділігі, энергетикалық құбырларда - кВт-сағ жылдық энергия өндірісі, метал кескіш станоктарда өңделген бөлшектердің мөлшерімен өрнектелген өнімбілігі және т.б. болып саналады.

Интегралды (жалпылама) көрсеткішті қолдану және тұтынудан пайдалы эффект соммасын және өнімді қолдану мен тұтынуға кеткен шығындарды анықтау мүмкіндігі болғанда қолданылады.

Орташа өлшенген көрсеткіштерді сапаның басты көрсеткішінің бастапқы көрсеткіштерден функционалды тәуелділігін анықтау мүмкін емес, бірақ қажетті дәлдікпен орташа көрсеткіштердің маңыздылық параметрлерін анықтауға болатын жағдайда қолданылады.



Мысалы, орташа өлшенген арифметикалық көрсеткішті мына формуламен анықтайды:

Орташа өлшенген геометриялық көрсеткішті мына формуламен анықтайды:

мұндағы Pi - i- ші сапа көрсеткішінің мәні

Qi - сапаның i-q салыстырмалы көрсеткіші

mi(w) — жалпылама көрсеткіш (w) құрамына кіретін i-ші көрсеткіштің маңыздылық параметрі;

mi (v) — жалпылама көрсеткіш (v) құрамына кіретін i- ші көрсеткіштің маңыздылық параметрі;

i = 1, ..., n — орташа өлшенген көрсеткіш құратын көрсеткіштер саны.

Маңыздылық параметрі Smi=1 шартын орындағанда маңыздылық коэффициенті деп аталады. Бұл берілген көрсеткіштің басқа сапа көрсеткіштері ішінен маңыздылығының мөлшерлік сипаттамасы. Бастапқы информацияның болуы және оны алу мүмкіндігіне байланысты маңыздылық параметрі (коэффициенті) құндық регрессивті тәуелділік, шекті және номиналды мәндер, эквивалентті қатынас және экспертті тәсілмен анықталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет