1 Дәріс Классикалық механика заңдылықтары. Кинематика



бет1/30
Дата08.02.2022
өлшемі1,46 Mb.
#123873
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Физика лекций
57171820-d351-458f-a3c7-24201d4acd08-История Казахстана-111491, 57171820-d351-458f-a3c7-24201d4acd08-История Казахстана-111491, 4-апта СӨЖ, Title page(1), Title page, Презентация «Решение задач с помощью уравнений» для 4 класса

1 Дәріс
Классикалық механика заңдылықтары. Кинематика.
Денелердің механикалық қозғалысы және осы қозғалыспен байланысқан денелер арасындағы өзара әсерлесуді зерттеу механика пәні болып табылады. 
Механикалық қозғалыс дегеніміз денелердің немесе оны құрайтын бөлшектердің кеңістікте уақыт бойынша өзара орындарының өзгерісі.
Кеңістік және уақыт ұғымдары физикалық теорияның негізін құрайды. Кеңістік және уақыт материядан ажырамайды, олар - бір-бірімен байланысқан материяның өмір сүру формалары. Кеңістік - материалдық нысандардың бар екендігін көрсетсе, уақыт - құбылыстардың ауысу ретін анықтайды.
Барлық қозғалыс салыстырмалы.
Кинематика қозғалысты тудырушы себепті қарастырмайды.
Механикалық қозғалысты сипаттау үшін денелер жиынтығы, координата мен сағат жүйелерінен тұратын санақ жүйесі енгізіледі.

Материялық нүкте - берілген есептің шарты бойынша өлшемдері мен пішінін ескермеуге болатын дене.
Кез-келген М материялық нүктенің орны, О координат басы мен осы М нүктесін қосатын  радиус-вектормен сипатталады, яғни
.
Егер материялық нүктенің декарт координаттарының уақытқа байланысы
х=х(t) y=y(t) z=z(t)
берілген болса, онда материялық нүктенің қозғалысы толық анықталған. Бұл теңдеулер материялық нүкте қозғалысының кинематикалық теңдеулері деп аталады. Олар нүкте қозғалысының бір ғана r(t) теңдеуінің баламасы болады.
Классикалық механикада бөлшектің күйі берілген уақыт мезетінде оның үш координатасы (x,y,z) және импульстерінің проекциялары (рx, рy, рz)  арқылы сипатталады.
Жылдамдық – берілген уақыт мезетіндегі қозғалыстың тездігін және оның бағытын сипаттайтын векторлық шама. Жылдамдықтың өлшеу бірлігі - м/с. Қарастырылып отырған нүктенің r радиус-векторынан уақыт бойынша алынған бірінші туынды  лездік жылдамдық:

Лездік жылдамдық векторы траекторияға қозғалыс бағытында жүргізілген жанама бойымен бағытталады.
Нүктенің t1 және t2 интервал аралығында жүрген жолы мына интегралмен есептеледі.

Үдеу – жылдамдықтың модулі және бағыты бойынша өзгеру тездігін көрсететін векторлық шама. Материялық нүктенің (м.н.) лездік үдеуі - қарастырылып отырған нүкте жылдамдығының уақыт бойынша алынған бірінші туындысына (осы нүктенің радиус-векторынан уақыт бойынша алынған екінші туындыға) тең векторлық шама:


Егер
Онда

Егерде м.н. бастапқы уақытта s0 жол жүріп өткен болса, онда

Жердің тартылыс өрісіндегі м.н. қозғалысы үшін:


Үдеудің өлшеу бірлігі - м/с2.
Жазық қисық сызықты қозғалыстың жалпы жағдайы үшін үдеу векторын екі құраушы үдеулердің векторлық қосындысы арқылы табылады:




Мұндағы aτ тангенциал (немесе жанамалық) үдеу, ол жылдамдықтың модулі бойынша өзгеріс тездігін сипаттайды, яғни:

Нормаль үдеу траекторияға оның қисықтық центріне қарай жүргізілген нормаль бойымен бағытталып, жылдамдық векторының бағыты өзгерісінің тездігін сипаттайды. Нормаль аn үдеудің шамасы шеңбер бойы- мен болатын қозғалыс жылдамдығы мен радиус шамасымен өрнектеледі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет