Қалай ойлайсыздар, көшбасшының бойында қандай құндылықтар болу керек? Шағын жеңістердің өзі көшбасшыға үлкен сенім береді және өз-өзіне сенімділігін арттырады.
Қамқорлық – көшбасшылықтың негізі. («Егер сіз өзіңізбен адамдарды ерткіңіз келсе, онда сіз оларға қамқор болуыңыз қажет. Жетістік факторы – сенімге, қамқорлыққа және махаббатқа негізделген «қоластындағылармен қарым-қатынас» Т. Кодианний).
Көшбасшылық ұжымдық данышпан ретінде.Ұжымдағы данышпан ұжым дұрыс таңдалғанда ғана пайда болуы мүмкін. Ұжым әр түрлі таланттардан, әр түрлі шығу тегі, тәжірибесі және қарама-қайшы перспективалары бар адамдардан құралады.
Данышпан әлеуметтік өзара іс-қимыл нәтижесінде болады.
Ұйым жас дарындыларға озық курстарды ұсына отырып, олардың дамуына елеулі ықпал етеді.
Ұжымды қалыптастыру процесі: мәдениет, процесс, құрылым.
Адамдардың ашылуына мүмкіндік беретін әдіс – объективті, әділетті болу.
Керемет ғылыми идеялар ұлы жетістіктерге жетелейді, ұжымдық данышпандарды топтастырып, дамытады, шығармашыл атмосфера қалыптастырады.
Көшбасшылар оқуға ықпал ететін ішкі ортаны құрады, қызметкерлермен тікелей өзара іс-қимылға көп көңіл бөледі: «кикілжіңдерді шешуге арналған бөлмелер», қызметкерлермен кездесу: пікірталас, диалогтар).
Ұжымды ұйымдастыру үшін «үздік» қызметкерлерді анықтауға арналған зерттеулер жүргізеді.
Адам ресурстары
Көшбасшы жаңа стратегияларды әзірлеу үшін нарықтағы эксклюзивті позицияларды алу мақсатында адами стратегиялық ресурстарды пайдаланады.
Басты талпыныс пионерлік (алғашқы ашушылар) ұжымды дамытуға, эксперименттерге, жылдам өсуде қолданылады.
Көшбасшы адамдарды бюджеттік жобаларға және өндірісті жылдам кеңейтуге бағытталған бағдарламаларға қатыстыруға тырысады.
Басты назарда пікірлер мен бағалау. «Калейдоскопиялық ойлау» – бұл XXI ғасырдың сынағына лайықты жауап беруге көмектесетін көшбасшылардың қаруы.