1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет104/129
Дата10.12.2021
өлшемі1,05 Mb.
#78688
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   129
 4.Эмоцияның түрлері. 
 Эмоция күрделі және қарапайым болып бӛлінеді. Эмоция адамның сыртқы 
келбет  әжімі, қимылы, даусы  арқылы  айқын кӛрініп тұрады. Енді қарапайым 
эмоцияларға тоқталсақ. Олар: 
ашулану, қуану, ренжу, тобалау, қорқу жек кӛру
 
т.б.    Мысалы: 
қуаныш 
үстінде  адам  ӛте  жомарт,  мырза  болса,  ал  ашу  үстінде 
кісі қатал болып сараңдығы ұстауы мүмкін. Мысалы: бала қуанғаннан секіреді, 


 
шапалақ  ұрады,  жер  тепкілейді,  қатты  күледі.  Мұндайда  дауыс  түрліше 
құбылып,  ұлғайып,  бәсеңдеп,  қатайып,  жұмсарып  отырыады.  Бетпен  бастағы 
тамырлар қанға толып, адам қызарып кӛзіне жас пайда болады. 
Қорқу 
эмоциясы қауіптің пайда болуымен туындайды. Олда адамның бет-
әлпетінен, қимыл-қозғалысынан жақсы байқалады. Мұндайда адамның кӛзімен 
аузы  ашылып,  қасы  кӛтеріледі.  Адам  бір  дегеннен  не  істерін  білмей  тұрып 
қалады. Мықтап үрейлене қашып кетеді немесе қорғау әрекетіне кӛшеді. Қатты 
қорқан кезде адамның жүрегі қозғалғандай  болып  қалады. Жүрегі қатты соғып 
денесін  тер  басып,  шашы  үрпиіп  кӛтеріледі,  беттің  бұлшық  еттері  тартылып, 
дем алуы ӛзгереді. Даусы қарлығып кейде шықпай қалады. 
Ашулану.
  Мұндайда  адам  қысылады,  кӛзі  жалт-жұлт  етіп,  дем  алысы 
жиілейді. Адамның танауы ербиіп, бұлшық еттері қатайып жауына немесе жек 
кӛретін  затына  тап  беруге  дайын  тұрады.  Еркін,  қатты  қысып,  тісін  тістеп, 
касын  керіп,  қабағынан  қар  жауғандай  болады.  Ашулану  барлық  адамдарда 
бірдей  болмайды.  Оның  күшті    және  әлсіз  болуы  мінезіне,  тәлім-тәрбиесіне 
байланысты. Ашу қысып әсіресе оның, соңғы қуаттырақ кезеңі  болғанда  адам 
ӛз мінез-құлқын бақылауды жоғалтып алады. Бұны кезінде Рим ақыны Гораций 
айтқандай: «қызба ашу ӛте шығатын ақылсыздық». Ашуды  бастапқыда тоқтату 
керек,сол  себепті  ашулы  күйге  келгенін  сезінген  адам  ӛзін-ӛзі:  ӛзін  ақылмен 
алып  жүру,  ӛз  сезіміне  ие  болу,  жүгенсіз  эмоцияға  берілмеу  деген  сияқты 
бұйрық  беруі  тиіс.  Біздіңше  бұның  басқа  жолын,  «Гуливердің  басынан 
кешкендері атты кітаптың» авторы Джонатон Свифтің пікірін басшылыққа алу 
тиімдірек  сияқты:  «Ашуға  берілу  кӛбінесе  басқаның  кінәсі  үшін  ӛзіңді-ӛзің 
жазалаумен бірдей». Ӛте дәл айтылған! 
Табалау 
ыза мен қуаныштың қосынды түрі. Бұл біреуді мұқату, әшкерелеу. 
Ол адамға жаман сезім туғызады. Оны ызаландырып мұқатумен бірге ырза бір, 
кекесінмен күліп келемеждейді. 
 Қызғаншақтық  та  жағымсыз  эмоциялардың  бір  түрі.  Кейде,  адамдар 
туралы: қызғаншақ екен, басқаның жолы болып, бақытқа ие болғанда, ол қатты 
күйзеледі  деді.  Бұндай  күйзеліс    жағдайында  Монтеськенің  ескертуі  орынды: 
«қызғаншақ  ӛзіне-ӛзі  жау,  ӛйткені  ол  ӛзі  тудырған  жауыздықтан  сорлайды». 
Кім  ӛзін-ӛзі  қызғаншақпын  деп  ойлайды  ғой  дейсіз.Айқын  түрде  білінбесе  де 
қызғаншақтық  кең  тараған.  Мысалы:  сәнге  ден  қойған  адам  менде  анау,  не 
мынау жоқ, немесе ӛз ойынша ӛзінен қабілеттсіз әрі абыройы тӛмен адам ана не 
мына қызметте отыр деген күйзеліске ұшырайды.Соншалықты ыңғайсыз сезім. 
Бұл  тек  қызғаншақтық  және  еліктеуге  ұмтылыс  екенін  біліп  жеке  басының 
ерекшелігін жоғалтқанын сезіне отырып ыңғайсыз эмоциядан арылуға болады. 
  Күрделі  эмоциялар

Аффект,  стресс,  фрустрация,  құмарлық,  кӛніл  күй
 
жатады. 
Аффект
  латынша  аффектус,  қазақша  аффект  дегеніміз  қысқа  уақытқа 
созылзса да бұлқ етіп қатты кӛрінетін эмоцияның түрі. Аффект кейде адамның 
бүкіл  психологиялық  кейпін  бұзып,  ерік  күшін  әлсіреу  жағдацйда  ӛтеді. 
(Мысалы:  зәре  ұшу,  қорқу,  долылық,  жан  түршігу,  кенеттен  торығу,  қамығу 
т.б.). Аффект кезінде адамның есі шығып кетпейді. Дені сау адамдарда болатын 
аффект  адамдардың  жеке  басының  кемшілігі  деп  түсіну  керек.  Бұл  адамның 
ӛзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. Ерік жігері күшті адам, мұндай 


 
ұшқалақты  лепірмелікке  бармйды.  Дені  сау  адамның  аффектісінен  психикасы 
ауруға шалдыққан ауру адамның аффектісінен (патологиялық аффект) ажырату 
қажет. Мұндай аффектер ми қабығымен қабық асты орталықтарының байланыс 
бұзылғандықтан,  екінші  сигнал  жүйесінің  реттеушімен  рӛлі  кемігендіктен 
болады 
Стресс.
  Бұл  ағылшын  сӛзі,  шамадан  тыс  зорлану  деген  мағынаны 
білдіреді. Стресс ұғымын  канада ғалымы Гансон Селье (1936) ӛмірге енгізген. 
Психологияда стресс мәселесін зерттеп түсінік берген ғалым  Р. Лазарус болды. 
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамдарда кӛбінесе қолайсыз эмоциялар 
туғызады.  Кісі  ұдайы  қиналатын  болса,  оның  діңкесі  құрып,  берекесі  кетеді. 
Адамдардың осылайша шамадан тыс зорлануын 
стресс
 деп атайды. 
Г.Селье стресс жағдайының дамуын 3 кезеңге бӛлген:  
1) Организмнің мазасыздануы.  
2) Организмнің күшті тітіркендіргіштерімен айқаса күш салу.  
3)  Адам  сыртан  келетін  нәрсеге  тӛтеп  беруге  шамасы  келмеген  жағдайда 
титықтап,  әрекет  жасаудан  қалады.  Мұндай  қолайсыз  әсер  нерв  жүйесінің 
жұмысына  да,  дене  күшіне  де  нұқсан  келтіретіндіктен  адам  ӛзінің  сыртқы 
ортамен  байланысының  үнемі  қадағалап  реттеп  отыру  қажет.Стресс  кезіде 
зейінді аудару  қиынға  соғып,  яғни  қабылдау,  ес,  ойлау  қажеттіліктері  болады. 
ӛте  күшті  тітіркендіргіштер  (Мысалы:  қарулы  қылмыскердің  шабуыл  жасауы, 
ситуация бойынша шешімді тез, дұрыс қабылдауда қателіктер жіберіп, адамның 
пульсі  қатты  соғып,  қанға  адреналинің  жұмысы  тӛмендеп,  адам  дұрыс  шешім 
қабылдай  алмайды.  Стресс  адамның  ӛмірі  үшін  қауіпті,  бірақ  та  ол  адамға 
қажетті.  Стресс  арқылы  тұлғаның  үлкен  ситуацияларға  бейімделу  мүмкіндігі 
пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   129




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет