1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет105/129
Дата10.12.2021
өлшемі1,05 Mb.
#78688
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   129
Фрустрация
.  (латын  сӛзі  -  жоспардың  бұзылуы)  тұрақты  жағымсыз 
эмоциялық  күйге  душар  ететін  шектен  асқан  қанағаттанбаушылық  яғни, 
тұлғаның  алға  қойған  мақсаты  мен  стратегиялық  жоспарларының  бұзылуы 
фрустрация туғызады. 
Тілек  мақсаттың    жүзеге  аспауының  бәрі  бірдей  фрустрация  туғыза 
бермейді.  Адам  қанағаттанбау,  реніш  сезімін    жиі  бастан  кешіреді.  Мысалы: 
сабақтан кешігу, автобусқа үлгермеу,  таңғы асты  ішіп үлгермеу т.б  бұлардың 
барі  бірдей  фрустрация  туғыза  бермейді.  Фрустрация  қанағаттанбаушылық 
дәрежесі    адамның  тӛзімін  тауысарлықтай  болған  жағдайда  кӛрініс  береді. 
Фустрацияға кӛбінесе эмоцияға берілген, қызба, ӛмір тартысында шынықпаған 
сәтсіздікпен қиындыққа даярлығы жоқ адамдар ұшырайды. 
Құмарлық. 
Бұл  күшті  қажырлы  эмоция.  Құмарлық туралы  Вольтер  былай 
айтқан:  «Құмарлық  -  кеме  желкен  кернейтін  жел,  ол  кейде  кемені  суға 
батырады, бірақ онсыз кеме жүзе алмас еді». 
  Құмарлықтың 
жағымды
  және 
жағымсыз
  түрі  болады.  Жағымды  түріне 
білім алуға, ӛнерді үйренуге, спортқа т.б. құмарлық, ал жағымсыз түріне: малға, 
ақшаға,  атаққа  байлыққа  және  құмар  ойындарға,  нашақорлыққа,  ішімдікке 
құмарлықтар  жатады.  Егер,  адам  ӛзін-ӛзі  билей  алатын  күш-қуат  тауып, 
жағымсыз  құмарлықтарын  қоймаса,  оның  денсаулығы  нашарлап,  тіпті  ӛлімге 
жеткізуі  мүмкін.  Құмарлықты  сана-сезімен  басқарудың  рӛлін  француз 


 
философы  әрі  ағартушысы  Ж.Ж.Руссо  айрықша  бағалайды.  Оның  пікірінше: 
«басқара  білгенде  барлық  құмарлық  жақсы,  ал  оған  бағынышты  болғанда 
барлығы да жаман.»  
  Құмарлық  туралы  Флаубер  былаша  тұжырымдайды:  «Құмарлыққа  қарсы 
айтудың не қажеті бар?  Ол ерліктің, поэзияның, музыканың, ӛнердің, қысқасы 
барлығының  қайнар  кӛзі  емес  пе?  Ал  құмарлық  туралы  біршама  сӛз,  бірақ 
барынша әділ айтқан Анатоль Фронс болды. «Құмарлық- тыныштықтың жауы, 
бірақ онсыз тіршілікте, не ӛнер,   не ғылым болмаған еді. 
Әрине  құмарлықта  сана-сезімнің  белгілібір  бақылауында  болуы  тиіс. 
Әйтпесе,  мағынасыз  бір  нәрсеге  құмарлық  сәтінде  әрект  ету  -  дауыл  кезінде 
теңізге  жүзу  дегендей,тӛтенше  ескерту  дұрыс  болып  шыға  келеді.  Бұл  жерде 
тежелмеген құмарлық жӛнінде айтылып отыр. 
  Кӛңіл күй. 
Кейіпіне қарап адамды шат, жайдары, жылы жүзді, ақ жарқын,      
не  кӛңіліне  кірбің  кірген,  ызалы,  түсі  суық  деп  ажыратылыды.  Адамның 
кӛніліне  айнала  қоршаған  дүние  әсер  етіп  отырады.  Егер  оның қызметі  жақсы 
жүріп  жатса,  ұжымы  ынтымақты  болса,  отбасы  жағдайы  жарасымды  болса, 
кӛніліде  кӛтеріңкі  болады.  Кӛнілге  адамның  денсаулық  жағдайы,  нерв 
жүйелердің  ерекшеліктері  де  әсер  етеді.  Мысалы:  Адамның  кӛптен  ойлап 
жүрген ісі оңға басса  немесе бір нәрсеге қолы жетсе (диплом алу, диссертация 
қорғау  т.б) шат-шадыман  күйге  түседі.  Керісінше ол  ылғы сәтсіздікке  ұшырай 
берсе, ӛздеген мақсатына жете алмаса, жанына қояр жер таба алмай қиналады. 
Мұндайда  қабағы қатыңқы,  ренішті  күйде жүреді. Сондықтанда «кӛңілсізден 
күлкі  шықпас,  адам  кӛнілден  азады»-,  деген  мақалдар  тегіннен-тегін 
айтылмаған.  Ерік  жігері,    күшті  рухани  ӛміріміздің  мазмұны  адамдар,  тіпті 
ауыр  жағдайда  кӛнілді    жүреді.  Оптимстік  жарқын  болашаққа  сену, 
қиыншылыққа мойымау,  ерік-жігері күшті,  қажырлы адамның басты қасиеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   129




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет