№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет148/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
ТПП тәрбиелік  тетіктері
 
Педагогикалық 
процестің 
заңдылықтары және 
оның құрылымы 
 
ТПП қозғаушы күштері 
 
Іс-әрекеттің түрлері: қарым-қатынас, ойын, таным, өнер, табиғатты қорғау 
 
Күтілетін нәтиже: қоғамдық күтілетін нәтижелерге және индивидтің мұқтаждығына 
сәйкес оқушы тұлғасын қайта жаңаша құру 
 


 
№  9  дәріс  тақырыбы.  Тәрбиенің  мақсаты,  оның  әлеуметтік  тұрғыдан 
негізделуі 
1. Тәрбие мақсаты туралы түсінік. 
2. Педагогика теориясы мен тарихындағы ой - пікірлердегі тәрбие мақсаты. 
3.Тәрбиенің мазмұны, міндеті, мақсатының өзара диалаектикалық байланысы. 
 
Тәрбие мақсаты туралы түсінік.
  
Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған: – әлеуметтік мағынада – 
бұл  аға  буын  жинақтаған  тәжірибені  жас  ұрпақ  өкілдеріне  өткізу.  Тәжірибе 
дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек 
айтсақ : адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, 
адамгершілік және т.б. нормалар. 
Педагогикалық  мағынада  -  бұл  тәрбиеленушіге  ықпал  жасау  үшін 
ұйымдастырылған арнайы іс-әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты 
процесс. 
Тәрбие  қоғамдық  талаптарға  сәйкес  болуы  міндетті.  Егер  қоғам  құқықтық 
демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, 
азаматтық  заңдар  мен  қылық-әрекет  нормалары  рухында  жүріп  жатуы  қажетті. 
Жалпы  адамзаттық  құндылықтар  қалыптастырудың  маңыздылығын  ескерумен 
бірге  әлеуметтік  ортаның  кездейсоқ  та,  мақсатты  бағытта  да  әсер,  ықпал 
жасайтынын  естен  шығармаған  жөн.  Қазіргі  заман  тәрбиесі  гуманистік  негізде 
болып, тұлғаның әлеуметтік-мәдени (өмір және әрекет-қылық кейпін таңдау және 
іске  асыру),  даралықты  (тұлғаның  өзіндік  қалыптасуы),  жауапкерлікті  қатынас 
(құндылықтар  таңдау)  бағыттарында  дамуына  орайласады.  Мұндай  тәрбие 
технологиялық  икемшілдігіменен  (адамның  қабылдау  және  психологиялық  даму 
заңдылықтарына  сай  орындалады),  көңіл-күйге  сәйкестігімен  (көңіл-күй 
тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, 
өз  меншікті  тәжірибесін  құрастыру  үшін),  жағдайға  орай  орындалуымен  (негізгі 
құралы-тәрбиелік  жағдай),  болашаққа  бағытталуымен  (дамудағы  тұлғаға 
арналады)  ерекшеленеді.  Сонымен,  тәрбие  –  бұл  жалпы,  ортақ  міндеттерді  іске 
асыру  барысында  мұғалім  мен  оқушының  ықпалдасты  әрекеттерін  қамтамасыз 
етуші  арнайы  ұйымдастырылған  тәрбиелік  жүйе  жағдайында  мақсаты  тұлға 
қалыптастыру болған әлеуметтік процесс. 
Тәрбие  процесінде  ықпалдасты  іс-әрекеттердің  арқасында  тәрбиеленуші 
ұсынылған ұйымдастырылып, белгілі тәжірибені игереді. Осыдан, тәрбиелеушінің 
басты міндеті – оқушыны көргенін, оқығанын қайталап, оларды өз бойына сіңіріп, 
өзінің  меншікті  әрекеті  ретінде  қайта  жаңғырта  алатындай  оқу  жұмыстарына 
қосудың  жолдарын  табу.  Сонымен,  тәрбие-  бұл  әрқилы  іс-әрекет  түрлерін 
ұйымдастыру  процесі.  Тәрбие  теориясында  мұндай  бағыт  тұлғалық-  іс-әрекеттік 
атауын  алған.  Оның  мәні:  адам  барша  әлеуметтік  тәжірибеден  өзіне  табиғаты 
жағынан жақын, әрі қызықтысын таңдайды. 
Гуманистік  педагогикада  тәрбие  –көзделген  мақсатқа  жеткізуші  тәрбиелеуші 
мен тәрбиеленуші арасындағы тиімді қызметтестік процесі. Мақсат –адамның қол 
жеткізуі тиіс нәтижені саналық деңгейде алдын-ала ниеттеуі. Тәрбие мұраттарын 


анықтауда  жаңа  жағдайлар  мен  жаңа  қоғамға  икемдескен  адам  мұраты  арқау 
етіледі.  Тәрбие  мазмұны,  формасы,  әдістері  –  бәрі  де  мақсатқа  тәуелді.  Тәрбие 
мақсатын түсінуден оны іске асырудың технологияларын таңдауға жол ашылады. 
Жан-жақты  әрі  үйлесімді  дамыған  тұлға  тәрбиелеу  мақсаты  ҚР  «Білім  туралы» 
Заңында бекітілген. Оның баптары: 
тәрбие процесінің мазмұнын анықтайды; 
- тәрбие нәтижесінің шарттарын белгілейді; 
- педагог қызметінің өлшемдері ретінде қызмет етеді; 
- тәрбие жүйесін толықтай айқындайды. 
Тәрбие мақсаттары жалпы (барша адамдарға арналған) және даралықты (жеке 
адамға арналған) болып бөлінеді. 
Тәрбие мақсатын белгілеуде жекеленген іс-әрекеттердің ғана емес, бүкіл оқу–
тәрбие  процесінің  де  бірлік  элементі  ретінде  психологиялық-педагогикалық 
диагностика маңызды роль атқарады. Осыдан, тұлғаны зерттеудің әрқилы әдістерін 
білу және олар негізінде тұлға мен ұжымды зерттеудің бағдарламаларын түзе алу 
қажеттіктері  туындайды.  Бір  тәрбиелік  жүйеде  әрдайым  бір  тәрбие  мақсаты 
көзделеді,  ал  мақсатқа  орай  орындалатын  міндеттер  (жалпы  не  нақты)  көптеген 
болуы  мүмкін.  Тәрбие  мақсаттары  қоғамның  даму  қажеттерімен  айқындалып, 
әлеуметтік  және  техникалық  прогреске,  қоғам,  ересектер  мен  балалардың 
мүмкіндіктеріне  тәуелді  келеді.  Тәрбиелік  іс-әрекет  нәтижесінде  көрініс  беретін 
көкейкесті мақсаттар : әр адамның даралықты дамуы және оның әлеуметтенуі, ал 
бұл өз кезегінде ақыл-ес, адамгершілік, әсемдік (эстетикалық), азаматтық, еңбектік 
және тән-дене тәрбиесі міндеттерінің орындалуымен анықталады. 
Тәрбие  міндеттерінің  шешімі  тұлға  мәдениеттілігінің  негізін  қалайды.  Оқу 
және  тәрбие  -  өзара  байланысты  екі  процесс.  Олардың  міндеттері  әрқилы, 
дегенмен, бір-бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар жүріп отырады, 
бірақ ұйымдасу әдістері және формалары тұрғысынан түбегейлі өзгеше. Тәрбиелік 
іс-әрекет  тәрбиешінің  жекеленген  әрекет  аймағы  түрінде  (өз  мақсаттарына, 
міндеттеріне,  мазмұнына  ие)  немесе  оқу  процесіне  тікелей  енген  (себебі  оқу 
тәрбиелік сипатқа ие) қалыпта болуы мүмкін. Оқу мен тәрбиенің ортақ белгілері: 
-  тәрбие  процесі  өз  ішіне  оқу  элементтерін  қамтиды:  қандай  да  ережені 
орындауды талап етуден бұрын оның іске асырылу жолдарын үйрету қажет; 
-  оқу  процесі  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  ықпалдасты  іс-әрекеттің 
ұйымдастырылу формасына сәйкес өтеді. Өз қызметі барысында мұғалім оқушыға 
тәрбиелік ықпал жасайды; 
- оқу және тәрбие процестерінде бірдей әдістер (түсіндіру, қадағалау және т.б.) 
пайдаланылады. 
Жалпы  педагогикалық  процестің  аталған  екі  қызметінің  арасындағы 
принциптік  айырмашылық  :  оқу  барысында  шәкірт  әртүрлі  ғылымдар  негізін 
меңгереді, 
ал 
тәрбие 
процесі 
оқушының 
тұлғалық 
сапа-қасиеттерін 
қалыптастыруға бағышталады. 
Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер: 
-  мақсатты  бағыттылық  (мақсаттың  түсінікті  болуы  нәтиже  тиімділігінің 
кепілі); 


- мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қызметтестіктің 
көрсеткіші); 
- нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді); 
-  көп  жағдаяттылығы  (тұлға  көп  әрі  сан  қилы  ұнамды  да,  ұнамсыз  да 
ықпалдарға  кезігеді.  Тәрбие  барысында  олар  реттеледі.  Тараптардың  тұлғаға 
болған ықпалы өзара сәйкес келсе, тәрбие нәтижесі тиімді болады. 
- ауыспалылығы (тәрбиеленуші мақсатты, көзделген және кездейсоқ әсерлерге 
бірдей кезігіп отырады). 
-  үздіксіздігі  (ешқандай  науқанды,  бір  мәртелік  шара  қаншама  жарқын 
болмасын, аса ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тәрбие істерінің орнын баса 
алмайды); 
-  кешенділігі  (тәрбие  мақсаты  мен  міндеттерінің  ,  мазмұн,  форма  және 
әдістерінің бірлігі); 
-  баламалылығы  (тәрбиеленушілер  даралық  ерекшеліктері  және  әлеуметтік 
тәжірибесінің әр түрлілігімен ажыралады. Тәрбие процесінде бұлар ескерілуі шарт, 
себебі әсері бірдей болғанның өзінде де тәрбиелік нәтиже әрқилы болуы ықтимал); 
-  екі  тараптылығы  (тәрбиелік  ықпалды  жүргізуші  –  мұғалім,  ол  ықпалды 
қабылдаушы - оқушы); 
- тәрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы; 
-  тәрбиеші  тұлғасы  –  тәрбие  барысына  ықпалды  маңызды  жағдаят  (тәрбие 
процесінің  өнімді  болуының  кепілі  –  мұғалім  ептілігі,  шеберлігі,  құндылықты 
бағыт-бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті); 
-  қарама-қайшылықты  болуы  (қарама-қарсылықтар  тәрбиенің  қозғаушы  күші 
ретінде қарастырылады). 
Тәрбиенің  негізгі  қайшылықтары  оқу-тәрбие  процесінде  кездесетін келесідей 
құбылыстар  арасында  көрінеді:  қоғамдық  өмірдің  жаңа  шарттары  мен  оған 
дайындауға  арналған  әдістер  мен  формалардың  ескіруі;  адамның  табиғи  даму 
мүмкіндіктерінің  шексіздігі  мен  бұл  дамудың  әлеуметтік  жағдайлар 
бағдарламаларына  тәуелді  шегерілуі;  адамның  табиғаттан  белсенді,  әрекетшең 
болуы, оның қоғамдық өмірге араласу ынта-ықыласы мен өмірлік процеске нақты 
қатысу  үшін  қажет  тәжірибе,  білім,  ептілік  пен  дағдылардың  жетіспеуі  және  т.б. 
Сонымен,  жоғарыда  аталғандарды  ескерумен  келесідей  қорытынды  шығаруға 
болады: тәрбие процесі оқу процесімен бір қатар жүріп жатса да, ол бірнеше мәнді 
ерекшеліктерге ие, сондықтан да өз алдына дербес қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   293




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет