1 дәріс тақырыбы. Білімнің ерекшеліктері мен оның қазіргі әлеуметтік –мәдени жағдайдағы рөлі. ҚР-дағы оқыту-тәрбиелеу процесі. Жоспар


Өздігінен білімін көтеру, өзін-өзі тәрбиелеу ұғымы және олардың ерекшеліктері



бет36/42
Дата08.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#124480
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42
Байланысты:
lektsii mamnd
Проблемы моделирования электронных устройств sro-1, Расчет установившихся режимов в электроэнергетических системах срс-5, Сабыр Аружан 5 лаб элмашины
1. Өздігінен білімін көтеру, өзін-өзі тәрбиелеу ұғымы және олардың ерекшеліктері.
Педагогтың өзін-өзі жетілдірудің жұмыс жүйесі ағымды және алдын ала жоспарлауды бағыттайды; рационалды формалар мен ақпаратты меңгеру және сақтау құралдарын жинақтайды; өзінің және ұжымдық педагогикалық тәжірибесінің жалпылау тәсілдері және талдау әдістемесін меңгереді; зерттеу және эксперименталды әрекетінің әдістерін біртіндеп меңгереді.
Мұғалімнің өздігінен жетілдіру жоспарына оқитын әдебиеттер тізімі, өздігінен жетілдірудің формасы, жұмысты аяқтау мерзімі; күтілетін нәтиже (баяндама дайындау, ӘБ отырысында сөз сөйлеу, күнделікті жоспар, жұмыс тәжірибесін жазу, нәтижесін есеп түрінде рәсімдеу және т. б.) кіргізіледі.
Өздігінен білім жетілдіру барысында жиналған материалды бөлек тақырыптарға бөліп және карточкалар, арнайы дәптерлер, тақырыптық папка, мұғалімнің педагогикалық күнделігі түрінде орынды қолдану қажет.
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Өзінің кәсіби потенциалын ауқаттандыруда және әрдайым жаңаруда қоғамның талабына сай жас ұрпақты жаңа деңгейде оқыту қажет. Әрбір мұғалім өз басының бағалы кәсіптік сапасын, іскерлігі мен дағдысын жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша маңызы зор. Кезінде көптеген көрнекті педагогтар өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттігін атап көрсеткен болатын. Мұғалім үшін қастерлі міндет «өзінің жеке басының тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыруда»,-деп есептейді А. Дистервег.
Өзіндегі ең озық адамгершілік қасиетті дамыта білу – мұғалімнің кәсіптік даярлығының іргетасы. Күнделікті кәсіптік қызметінің барысында осы іргетаста мұғалімнің педагогикалық техникасы, оның оқыту және тәрбиелеу жұмыстарындағы іскерлігі мен дағдысы жетіледі, ажарлана түседі.
Өздігінен білім жетілдірудің керектігі біріншіден, мұғалімнің іс әрекетінің спецификасы, оның әлеуметтік рөлі, екіншіден, үздіксіз білім беру беталыстар және шынайылығымен байланысты. Бұлар: үнемі өзгерілетін педагогтардың еңбек жағдайы, қоғамның сұраныстары, ғылым мен практиканың эволюциясы , адамға деген талаптардың өсуі, оның қоғам үдерісі мен жағдайларына тез және парапар қабілеті, өзінің іс әрекетін өзгертуге дайындығы, жаңа және күрделі міндеттерді шеше білуі.
Өздігінен білім жетілдірудің мағынасы танымдық белсенділікті қанағаттаныру, педагогтың өзін-өзі үздіксіз білім алуындағы сұранысын білдіріледі.
Өздігінен білім жетілдіру негізгі принциптері үздіксіздік, мақсаттылық интегративтік, жалпы және мамандық мәдениеті, қарым-қатынасы мен төменгі баспалдақтан жоғарыға өтетін перманенттік, нұсқалылық және т.б.
Өздігінен білім жетілдіру кезінде педагогтар әр түрлі формаларды қолданады:
1) арнайы білім дайындығы (жоғары білім алуы немесе екінші мамандығы)
2) квалификациясын көтеру (курстарға бару)
3) өздігінен білім жетілдірудегі жеке жұмысқа қажетті көмек:
- ақпараттық құралдар
- есептік техника
- кітапханалар
- музейлер, көрмелер, театрлар, клубтар
- экскурсиялар
- ғылыми, техникалық, көркем және спорттық қоғамдар
- зерттеулер, эксперименттер, шығармашылық іс және тапсырмалар
- ғалымдар мен атақты адамдармен кездесу
-алдыңғы тәжірибе және өзінің практикалық әрекетінің жалпылауын ұғыну және т.б.
Сонымен «Жаңа формацияның педагогы» деп үнемі өзін-өзі дамытуға ұмтылатын, өзін-өзі көрсете біле алатын педагог туралы айтылады. Өздігінен білім жетілдіру жұмысында динамика маңызды.
Педагогты дамытуын қалыптастыратын үдерістер ұзақ мерзімді және де сағатпен өлшенбейді. Осы үдерістерді тоқтату, дамуға деген қалауын жоғалту – деградацияның басы. Неменеге үйрену, нені дамыту деген маңызды болмайды:компьютерде презентацияларды құрастыру немесе гитарада ойнау. Бұл әр түрлі білім беру модельдері болу мүмкін: «Білім беру және демократия», «Білім берудегі әлеуметтік теңсіздік», «Білім берудегі ақпарат технологиялары», «Білім беру үдерісті басқару», «Оқытылатын ерекшеліктері мен оларды оқыту», «Ғылыми-зерттеу жұмысы, зерттеу әдістері», «Мультимедиялық жүйелер», «Компьютерлік графика» және т.б. Ертең ол – тамаша мұғалім – міндетті түрде сабақтарында өз білімдеріне орын табады.
Мектепті реформалаған жағдайларда оқу мекемелерінің жалпы қазіргі тәрбиелеу мен оқыту технологияларын қолдануға көшу үдерісінде мұғалімнің мамандық шеберлігінің өзін-өзі жетілдіру бойынша жұмыс қоррекциаланады.
Мұғалім бір бөлігі өздігінен білім жетілдіру үдерісі болатын даму тәртібіне кірісу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет