1 дәріс тақырыбы. Білімнің ерекшеліктері мен оның қазіргі әлеуметтік –мәдени жағдайдағы рөлі. ҚР-дағы оқыту-тәрбиелеу процесі. Жоспар


ЖОО студентерінің оқу-тәрбие практикасын ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері



бет34/42
Дата08.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#124480
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42
Байланысты:
lektsii mamnd
Проблемы моделирования электронных устройств sro-1, Расчет установившихся режимов в электроэнергетических системах срс-5, Сабыр Аружан 5 лаб элмашины
1.ЖОО студентерінің оқу-тәрбие практикасын ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері. Үздіксіз оқу-тәрбиепрктикасының негізгі мақсаты: студенттердің университетте алған теориялық білімдерін тереңдетіп бекіту және білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие процесінде жан-жақты қолдану іскерліктерін қалыптастыру.
Оқу-тәрбие прктикасының міндеттері:
-студенттердің жоғары оқу орнында алған білімдерін, іскерлік, дағдыларын кәсіби іс-әрекетінде өздігінше пайдалана білу;
-студенттердің білім беру мекемелеріндегі тәрбие процесіментанысуы және бақылауы;
-сынып жетекшінің, үйірме жетекшілерінің, секция және факультативтердің негіізгі бағыттарын оқып-үйрену;
-оқу жылы бойынша сынып жетекшісінің, үйірме жетекшісінің жоспарларының құрылымымен, мазмұнымен танысу;
-оқушыларды бақылау, сынып жетекшісінің және сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар жетекшілерінің іс-әрекетінінің, сонымен қатар оларды өткізу барысын бақылау, іс-шараларды талдаудың жалпы педагогикалық біліктіліктерін қалыптастыру.
Педагогикалық практика студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, кәсіби құзіреттілігін жетілдіріп, перспективті мүмкіндіктерін аша түседі. Яғни болашақ педагогтар тиімді білім беру әлеуетін қалыптастыруды қажет ететін ортаға түсіп, студенттер алған білімдерін, іс- әрекет тәсілдерін іс жүзінде қолданып, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін жинақтап, эмоционалды құндылықты қарым-қатынас пен әлеуметтік қасиеттерге ие болады.
Тәжірибе студентке күтілетін іс-әрекет аясында педагогтың жұмыс мазмұны мен міндеттерімен танысуға және теориялық, практикалық курстарды зерттеу барысында өзінің білімі мен іскерлігін бекітіп, тереңдетуге мүмкіндік береді. Бұл қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлауға біртұтас үрдіс ретінде қарап, педагогикалық практика барысында студенттердің білім берудегі тек әдістемелік дағдысын қалыптастыруға көңіл бөліп қана қоймай, олардың теориялық білімін көтеру, тәрбие мен оқытудың дидактикалық жүйесін меңгеру мүмкіндігін жетілдіру керектігін көрсетеді.
Педагогикалық іс-әрекетті құзыретті жүзеге асыру тек қана практика барысында меңгеруге болатын бірқатар біліктерді талап етеді:
- педагогикалық міндетті қою және шеше алу білігі;
- қарым-қатынас жасау, ынтымақтастық пен өзара әрекет ретінде педагогикалық үдерісті ұйымдастыру білігі;
- балаға, оның жеке дара ерекшеліктеріне бағдарлана білу;
- өз бетінше білім алу біліктері мен дағдылары.
Педагогикалық практиканың ұйымдастырылуы төмендегі шарттарды қамтиды:
1) мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің объектісі – тұтас педагогикалық үдерісті түсіндіруге бағытталған, теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы;
2) студенттің оқу іс-әрекетінің біртіндеп күрделенуіне байланысты бірінші курстан бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканы ұйымдастырудың жүйелілігі, кезеңдері;
3) педагогикалық практиканың болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің нақты мамандығына қарай бағыттылығы.Үзіліссіз педагогикалық практиканының негізгі мақсаты –студенттердің оқу-тәрбие үдерісін бақылай алу және талдай алу қабілеттерін жүзеге асыру, мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының мәні мен логикасын түсіндіру.Үзіліссіз педагогикалық практика міндеттері:

  • психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді жалпылау және бекіту, оларды нақты педагогикалық міндеттерді шешуде қолдану;

  • болашақ мұғалімдердің бойында педагогикалық біліктер және дағдыларды, жеке тұлғалық кәсіби мәнді сапаларды қалыптастыру;

  • студенттердің мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылықтары мен сүйіспеншілік сезімдерін, педагогикалық өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілік сезімдерін тәрбиелеу;

  • педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық, зерттеушілік тұрғыдан келуге жаттықтыру;

  • балаларды, олардың жас және жеке ерекшеліктерін зерттеу және зерттеу әдістерін меңгеру.

  • Педагогикалық іс-тәжірибе төмендегідей біліктерді меңгеруге негіз болуы қажет:

  • ұжымның жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін анықтау;

  • дамыту және тәрбиесін диагностикалау, жобалау мақсатында оқушы жеке тұлғасын және оқушылар ұжымын зерттеу;

  • педагогикалық іс-әрекетті ағымдық және перспективті жоспарлау, әрі жүзеге асыру;

  • оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау, психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;

  • әдістемелік әдебиетпен, мектеп оқулықтары және бағдарламаларымен жұмыс істеу, шығармашылықпен материал таңдау, сабаққа және сыныптан тыс іс-шараларға көрнекі құралдар дайындау;

  • оқушының дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімнің жұмыстың ең нәтижелі формалары мен әдістерін таңдауын бақылау;

  • оқушының даму деңгейіне диагностика жасау;

  • өз іс-әрекетінің қорытындысын өзіндік талдауды жүзеге асыру;

  • сыныптаға өзіне-өзі қызмет етуді ұйымдастыру;

  • сыныптағы редколлегия жұмысына жетекшілік жасау (қабырға газетін, сынып бұрышын, стенд т.б. өңдеу );

  • экскурсия, мәдени саяхат, оқырмандар конференциясын ұйымдастырып, өткізу;

  • балалар шығармашылығының көрмесін, ең жақсы ән айту, өлең оқу сайысын, көрнекі құралдарды дайындауды ұйымдастыру;

  • оқушылардың күнделіктерін тексеру;

  • үлгермейтін оқушылармен жұмыс істеу;

  • жеке ұжымдық шығармашылық істерді жоспарлау;

  • қызығушылықтарын ескере отырып, оқушылардың түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру (ойын, еңбек, коркем-шығармашылық, туристтік өлкетанушылық);

  • балалармен, оқушылардың жеке топтарымен қарым-қатынас жасау;

  • мұғалімдермен, достарымен дұрыс өзара қарым-қатынас орнату.

  • Педагогикалық практиканы жоғары оқу орнындағы оқумен параллельді түрде аптасына – 1,5 сағат көлемінде өтеді. Практика барысында бір сыныпқа бір студенттен бөлінеді.

Педагогикалық практиканың мазмұны:
1) зерттеу жұмыстары:
- пән мұғалімі мен сынып жетекшісі жұмысының жүйесі (пән мұғалімі, сынып жетекшісімен сұхбат, жұмыс жоспарларымен танысу);
- оқушы тұлғасын зерттеу.
2) ағымдағы оқу-тәрбие жұмыстарына қатысу:
- тәрбие жұмыстарын, оқушылар және ата-аналармен жұмысты жоспарлау
және ұйымдастыру бойынша сынып жетекшісіне көмектесу;
- әдістемелік әдебиеттерді жинақтау, көрнекі құралдарды, дидактикалық материалдарды даярлау бойынша мұғалімге көмектесу;
- пән бойынша кештер ұйымдастыру;
- пән бойынша үйірме жұмыстарын орындай алу;
- оқушыларды пән олимпиадасына дайындау бойынша мұғалімге көмек көрсету;
- пән бойынша үлгермеуші оқушылармен жұмыс;
3) педагогикалық бақылау жүргізу;
- пән мұғалімі, сынып жетекшісі, оқушы тұлғасы, өз қызметіне талдау жасау (Осы шаралардың барлығы практика күнделігіне тіркеліп отырады. Күнделіктегі жазбалар студенттің есеп материалдарын дайындауында қолданылады). Педагогикалық практика аяқталған соң студент төмендегі құжаттарды тапсырады:
1) студенттің орындаған жұмысы жөніндегі есебі;
2) күнделік;
3) педагогикалық бақылау күнделігі;
4) пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің студентке берген мінездемесі.
3.Практиканың мазмұны1-курс (1, 2 семестр)Мақсаты:мектептің күнделікті жұмысын теориямен байланыстыра білу, зерттеушілік қабілетті қалыптастыру, оқушы тұлғасын қалыптастырудағы қазіргі түсінікті бекіту, оқушының рухани, эстетикалық және дене тәрбиесі көрсеткіштерін бақылау.
Міндеттері:
- теориялық білімді практика барысында бекіту;
- педагогикалық икем-дағдыларды қалыптастыру;
- сыныптағы педагогикалық үдерісті бақылап, талдау жасай білу;
- тәрбие жұмыстарын жоспарлау;
- жалпы педагогикалық үдеріс жүйесіндегі нақты тәрбиелік міндеттерді анықтау;
- осы міндеттерді орындау үшін оқушыларды ұйымдастыра білу;
- тәрбие жұмыстарының жеке түрлерін өткізу.
Өз бетімен тәрбие жұмыстарын жоспарлай білу:
- жеке оқушылармен әр түрлі оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу
(пән бойынша үлгермеуші оқушылармен жеке жұмыс, тәлім-тәрбиеге байланысты оқушылармен сұхбат жүргізу және т.б.);
- пән мұғалімі, сынып жетекшісі, тәрбиеші, педагог-психолог жұмысы
туралы ұсыным жасау;
- сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының, сабақтың жеке түрлерінің негізгі формаларымен танысу;
- педагогикалық зерттеудің жеке әдістерін игеру.
Тапсырмалар1-семестр. 1-8 апта:
1) білім микроортасын (сынып, топ) зерттеу;
2) жеке оқушының мүмкіндіктерін зерттеу.
Осы тапсырмаларды орындау үшін студент сыныптағы бір оқушыға жауапты болады. Материалдар жинақталып, есеп дайындалады.
1-семестр. 9-15 апта:
1) сынып жетекшісінің екінші тоқсандағы жұмысымен танысу;
2) сыныпты Жаңа Жылдық мерекеге дайындауда сынып жетекшісіне көмек көрсету.
Студенттер өздері бекітілген сыныптың жетекшісі қызметін бақылайды. Мерекеге дайындық барысында сценарий дайындауға, оқушыларға жүктелген міндеттердің жүзеге асуына, дайындық, костюмдер даярлауға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет