1-ДӘріс тақырыбы: Математикалық және компьютерлік модельдеудің негізгі түсініктері. “Модель” түсінігі


Модель –модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін объектінің/ құбылыстың



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата28.11.2023
өлшемі0,71 Mb.
#193955
1   2   3
Байланысты:
1-дәріс МКМ
16 1129 00 x
Модель
–модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін объектінің/ құбылыстың 
кейбір жақтарын ұқсастырып бейнелейтін жаңа объект. 
Есеп
Модельдеу 
субъектісі 
МОДЕЛЬ 
Объект туралы есепті 
шешуге қажетті ақпарат 
Модельдеу 
объектісі 
Өзара әсер 
Зерттеу
Сәйкестік 
(ұқсастық)
Мақсат


Модель
-объектінің нақты жұмыс істеуіне сәйкестенетін анықталған параметрлер бойынша 
жұмыс істейтін физикалық/ақпараттық алмастырушысы.
Модельдеудегі ең бастысы модельдеуші объекті мен оның моделі арасындағы өзара ұқсас 
қатысы болып табылады.
Барлық модельдердің көпбейнелілігі негізінен үш топқа бөлінеді: 
-
материалдық (табиғи) 
модельдеуші объектінің сыртқы түрін, құрылымын (кристал 
торлардың модельдері, глобус), жағдайын (самолеттің радио басқарылымды моделі) 
бейнелейтін кішірейтілген/ ұлғайтылған көшірмелері, ұстау, көру, иіскеу, есту түрінде 
болады; 

бейнеленуші модельдер
 
(геометриялық нүктелер, математикалық маятник, идеал газ, 
шексіздік); 

ақпараттық модельдер
 
– модельденуші объектінің ақпаратты кодтау тілдерінің бірінде 
жазылған сипаттамасы (сөздік сипаттау, схемалар, сызбалар, картиналар, суреттер, 
ғылыми формулалар, бағдар-ламалар). Информатика курсында негізінен ақпараттық 
модельдер ќарас-тырылады. 
Ақпараттық модель (Информационная модель; information model). Ақпараттық модель 
– 
модельденуші объектінің ақпаратты кодтау тілдерінің бірінде сипатталуы. 
 
1) басқару жүйесінде – автоматтандырылған өңдеуге жататын ақпарат айналымының 
процесін параметрлік ұсыну;
2) мәліметтер базасында - тұтастық шектеулер жиынтығы; мәліметтер құрылымын 
тудыратын ережелердің, олармен жүргізілетін операциялардың, сондай-ақ рұқсат етілетін 
байланыстар мен мәліметтердің мәнін, олардың өзгерістерінің тізбегін анықтайды
мәліметтер мен олардың арасындағы қатынастарды математикалық және программалық 
тәсілдермен ұсыну; ақпараттық құрылымдар мен олармен жүргізілетін операцияларды 
формалдық баяндау . 
Ақпараттық модельдердің басқа да ақпарат түрлері сияқты өзіндік тасымалдаушысы 
болуы керек. Олар қағаз, сынып тақтасы, қабырға – яғни, бірнәрсе жазуға, бейнелеуге 
болатындай кез-келген бет болуы мүмкін. Бұл тасымалдаушыларда модельдер түрлі 
“физикалық” тәсілдермен: қалам, бор, бояу, диапроекторлық жарық бейнесі көмегімен 
жазылады. Біздер жалпы жағдайда ақпараттық модель түсінігінің аясында берілетін 
мазмұнда түсінеміз. Мысалы, квадраттық теңдеу формуласы қалай және қайда 
жазылғандығына қарамастан квадраттық теңдеу формуласы болып қала береді. 
Модель 
(фр. modele, ит. modello, лат. modulus - өлшем, үлгі) – бұл: 
-
нақты объектінің қарапайымдандырылған ұқсасы; 
-
заттың кішірейтілген/ұлғайтылған түрдегі макеті; 
- табиғат пен қоғамдағы қандай да бір процесстің/құбылыстың бейнесі, сипаттамасы 
және схемасы; 
- жұмыс істеуі анықталған параметрлер бойынша нақты объектінің жұмыс істеуіне ұқсас 
физикалық/ақпараттық аналогы; 
- анықталған шарттарда түп нұсқа объектінің бізді қызықтыратын қасиеттері мен 
сипаттамасын алмастыра алатын алмастырушы-объектісі;
- модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін объектінің/құбылыстың кейбір нақты 
жақтарын бейнелейтін жаңа объект. 
Модельдеу 
– бұл: 
- нақты бар объектілердің (заттар, құбылыстар, процестер) модельдерін құру; 
-
нақты объектіні қолайлы көшірмемен алмастыру
-
таным объектілерін модельдері арқылы зерттеу. 
Модельдеу кез-келген мақсатқа бағытталған қызметтің ажырамас бөлігі. Модельдеу 
танымның негізгі әдістерінің бірі. 
Нақты қызметтердегі объект модельдері төмендегі жағдайларға пайдаланылады: 
-
материалдық заттарды бейнелеу; 
-
белгілі фактілерді түсіндіру; 


-
болжамдар құру; 
-
зерттелінетін объект туралы жаңа білімдер алу; 
-
болжау; 
-
басқару және т.с.с. 








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет