Сабақтың тақырыбы: Айналу денелері. Цилиндр және оның элементтері



Дата12.09.2022
өлшемі1,13 Mb.
#149251
Байланысты:
Оригами және математика

Оригами және математика


Орындаған: Мақсотов Райымбек
«Сәулет» МЛ 7-сынып оқушысы
Болжам: Математика мен оригами өнері арасында байланыс бар.
Жұмыстың мақсаты:
1. Оригами және олардың шығу тарихымен танысу.
2. Математика мен оригами арасында байланыс бар екенін дәлелдеу.
Міндеттері:
1. Оригамилар тарихын зерттеу.
2. Математика мен оригамилардың байланысын талдау.
3. Оригами құрастыруда математика заңдарының практикалық қолданылуын көрсету.
Зерттеу әдістері:
1. Практикалық жұмыс.
2. Ақпарат құралдарынан оригами туралы мәлімет жинау.
3. Әртүрлі оригамилар құрастырып үйрену.
4. Сауалнама жүргізу.

Оригами деген не?

  • Оригами – қағаз бетін бүктеу арқылы модельдер жасайтын жапон елінің өнері. «Оригами» (жапон сөзі)- «ори» - бүктеу, «ками» -қағаз, яғни «қағазды бүктеу» дегенді білдіреді.

Жапон халқы қағазға үлкен мән беріп, оны ерекше бағалаған. Қағаз ағаштан жасалады, ал жапондардың арғы ата-бабалары ағашты кесуге тыйым салған. Олар әрбір зат, құбылыста кішкене «ками», яғни періштелер өмір сүреді деп сенген және олар қағаз фигураларға енеді деп ойлаған. Жапондар тырнаны ұзақ өмір мен үміттің символы санаған, ел ішінде әйгілі қағаз тырна туралы аңыз тараған.
Оригами тарихынан
1200 жылдардан бастап бұл ақсүйектердің арасында кең тарап, оригами өнерін жақсы білу білімділіктің белгісі саналған. Оригамиды хат жазуда қолданған. Көбелек, тырна кейпіндегі хаттар жақсы тілекті, достықты білдірген. Құпия хат бар оригамилар ерекше тәсілмен бүктелген. Оригами өнерін білетін адам ғана қағаздың бүктеуін ұқыпты жаза отырып, құпия хатты оқи алған. Сондықтан самурайға оригами сабақтарын өту міндетті саналған.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жапондық инженер Акира Йошизава алғаш рет оригамиды құрастыру сызбасын жасау үшін ортақ белгілер жүйесін енгізді.
Қарапайым оригамилар
Жазық оригамилар біржақты оригамилар деп аталады. Бұл жағдайда желім қолданылады.
Дымқыл оригамилар
Мұнда суланған қағаз пайдаланылады. Бұл әдісте суланған қағаздың кепкен соң берілген күйін өзгертпейтін қасиеті пайдаланылады.
Модульды оригамилар
Бұл- көлемді оригамилар. Алдымен бірдей оригамилардың бірнешеуі жасалынып алынады, содан соң ретімен олар бір-біріне кигізіледі. Осылайша түрлі-түсті күрделі фигуралар жасап щығуға болады.
Наноригами
Бұл -оригамидың күрделі түрі. Нанотехнологияда қолданылады.
Оригами түрлері
  • алдымен не жасайтынын анықтау;
  • қалай жасау керектігін жоспарлау;
  • жоспарға сәйкес қадамдарды орындау;
  • әр қадамды тексеріп отыру;
  • шыққан фигураның ізделінді фигура екеніне көз жеткізу.
  • Қате жасалған болса, кері оралып, қатені түзету немесе қайта жоспарлау.

Фигураны құрастыру есепті шешуге ұқсас жүргізіледі:
Ғалымдар ғарыштық Жер серіктерінде Күннен қуаттандырғыштарды орнатуға арналған “Миура-ори» сызбасы деп аталатын оригами әдісін қолданды.
Оригами ғарышта
  • Оригами жасау кезінде біз үшбұрыш, квадрат, трапеция сияқты геометриялық фигуралармен танысамыз.
  • Модельдердің көбі шаршыдан жасалады. Олай болса, оригамида шаршының қасиеттері пайдаланылады.

Оригами-бұл математика
  • Бөлікке бөлу- геометрияның негізі, ал оригами қағазды бүктеу арқылы бөліктерге бөлу негізінде жасалады.

“Табиғат-ең керемет ұстаз”
Неміс педагогі Ф. Фребель XIX ғасырдың ортасында оригамидың геометриялық ойлауды дамытатынын түсініп, оны оқу пәні ретінде мектепке енгізуді ұсынған екен.
Ол геометрияны циркуль мен сызғыштың көмегімен емес, бүктелген қағазбен жұмыс жасау арқылы үйретуді ұсынған.
XX ғасырдың соңында геометрияның бөлімі оригаметрия пайда болды, мұнда есептер тек бүктеу тәсілімен ғана шығарылады.
Оригаметрия – оригамиды математикамен байланыстыратын бөлім
Геометриялық есептерді түсініп шығара білу үшін кеңістіктік ойлау, елестеу қабілетіміз жоғары болу керек. Біз қолымызбен жасап отырып үйренеміз! Сонда ғана үйренген нәрсеміз көбірек есімізде қалады. Сондықтан бір білімді терең үйренгіміз келсе, оны өз қолымызбен жасағанымыз пайдалы.
Бернард Шоу: « Жай ғана оқығаннан адам ештеңе үйренбейді»


Менің ұсыныстарым:
1) Оқушылар бос кездерінде оригамимен айналысса,....
2) Математика кабинетінде модульді оригамилар қойылса,.....
3) Төменгі сынып оқушылары үшін оригамилар (қызықты фигуралар, қозғалмалы ойыншықтар) жасаудан жарыстар ұйымдастырылса,....

Оригамидың шығу тарихы ерте заманнан басталған және жапон елінде дамыған. Жапон елі мәдениетінің жоғары болғанын түсіндім.

  • Оригамидың шығу тарихы ерте заманнан басталған және жапон елінде дамыған. Жапон елі мәдениетінің жоғары болғанын түсіндім.
  • Оригами өнері математикамен тығыз байланысты. Әсіресе, геометрияны игеру үшін пайдасы көп екенін білдім. Интернетте ойын ойнағаннан гөрі қағаздан түрлі қызықты фигуралар, қозғалмалы ойыншықтар жасап логикалық ойлауым мен кеңістікте елестету зейінімді дамытуым керек екенін түсіндім.
  • Оригамилардың кейбір түрлерін жасауды үйрендім және сыныптастырыммен өз білгенімді бөлістім. Болашақта оригами әдістерін терең зерттегім келеді.

Қорытынды

Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет