№1 дәрістің тақырыбы: Әдебиеттану ғылымына кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеттері



Дата10.12.2021
өлшемі56,74 Kb.
#78648
Байланысты:
1 дәріс
физика-1.

№1 дәрістің тақырыбы: Әдебиеттану ғылымына кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеттері

1. Әдебиет дегеніміз не?

  • 1. Әдебиет дегеніміз не?
  • 2. Әдебиет туралы ғылым және оның салалары.
  • 3. Суреткер табиғаты

1. Әдебиет дегеніміз не?

  • Әдебиет деген сөздің түп төркіні арапша атаудан шыққан – сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Әдебит дегеніміз не? Әдебиет - өнер. Өнердің түрі көп, кескін өнері, мүсін өнері, сәулет өнері т.б. Ал әдебиет қандай өнер? Әдебиет – сөз өнері. Әдебиетшінің құралы – тіл. «Сөз әдебиеттің құрлылыс материалы» (Федин).
  • Сөз өнері – бар өнердің басы, «өнер атаулының ең қиыны және күрделісі» (Бальзак), «ең жоғары түрі» (Белинскиий). Қазақ халқы «өнер алды – қызыл тіл» деген білгір тұжырымы да тегін айтылмаған.

2. Әдебиет туралы ғылым және оның салалары.

  • Әдебиеттану – сөз өнерін зерттейтін ғылым, яғни әдебиет туралы ғылым.
  • Әдебиет туралы ғылым негізгі үш түрлі салаға бөлінеді: әдебиет тарихы, әдебиет теоиясы, әдебиет сыны.
  • Әдебиет тарихы бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, одан бергі даму-қалыптасу жолдары, ерекшеліктері қандай, қай кезеңдерде қандай өкілдері болды және олардың шығармашылығы әдебиеттің дамуына қаншалықты үлес боп қосылды, т.б. осы тәрізді мәселелерді жан-жақты қарастырады.
  • Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыпьтайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың прициптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс меселелерін түп-түгел тек әдебиет теориясыан ғана танып-біле алады.
  • Әдебиет сыны - әдебиеттану ғылымының негізгі салаларының бірі. Сын әдебиеттің айнасы. Көркем әдебиет өзінің қандай күйде екенін сыны арқылы ғана көре алады. «Сын - әдебиеттің өзін-өзі тану құралы» (Белинский). Әдеби сын көркем әдебиет пен бірге пайда болып, онымен бірге дамиды. Әдебиеттің ілгерілеуіне алғышарттар, жағдайлар жасап, жақсысын асырып, жаманына шырылдап, ылғи да басы-қасында бәйек болып жүретін» де осы сын.

Әдебиттану ғылымның негізгі салаларымен бірге жанама тараулары да бар. Текстология, историография, библиография.

  • Текстология - әдеби туындылардың мәтінін зерттейді. Текстология көркем шығарманың тұрақты түп нұсқасын белгілейді, баспа тарапынан кеткен әріп, еміле қателері болса да ұқыппен түзеп отырады. Автор тарапынан тыс қысқарған немес орынсыз өзгертілген жерлері болса, қалпына келтіріледі.
  • Историография - әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойғы тарихи дамуы туралы дәйектемелер мен деректер, мәліметтер мен материалдар жинағы.
  • Библиография – көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы. Бұл да ғылыми мақсат үшін крек. Әдебиет пен әдебиеттану тарапындағы қандай арнаулы зерттеулер болсын, оған қажет материалдардың бәрін библиографиялық көрсеткіштер арқылы іздеп тауып, пайдаланады.

3. Суреткер табиғаты

  • Әдебиет - өнердің бір түрі, сөз өнері дедік. Ендеше оны жасаушы кім? Суреткер кім? Талант табиғаты деген не ?
  • 1-ден сезім. Нәзік сезімталдық.
  • 2-ден. Бақылау. Жіті бақылағыштық.
  • 3-ден, қиял. Творчестволық фантазия.
  • 4-ден. Интуиция. Өлең жазу – есеп шығару емес.
  • 5-ден, өмірбаян. Ғұмырнама. Тәжірибе молдығы.
  • 6-дан, парасат. Сананың саралығы.
  • 7-ден, шеберлік.
  • 8-ден, шабыт.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет