1. "Дидактика" бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы


Тәжірибеде оқытудық көптеген түрлері қолданылуда



бет21/27
Дата01.05.2020
өлшемі42,94 Kb.
#65336
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Байланысты:
педагогика

Тәжірибеде оқытудық көптеген түрлері қолданылуда.

Догматикалық оқыту - европада көп ғасырлар бойы өмір сүрді, оқушылар болмыс факті, құбылыстарын және олардың арасындағы байланыстарды дайын күйінде жаттады. Оқушылар бұл материалды есте сақтап, сөзбе сөз еске түсіруі керек болды.  Олардан білімді тәжірибеде қолдану талап етілген жоқ. Оқытудың бұл түрі механикалық естің дамуына көмектеседі, бірақ жеке тұлғаның ақыл-ойының өсуіне жағдай жасамайды. Қазіргі мектепте көп қолданылатын оқыту түрлері: түсіндіру - суреттеу, проблемалық, т.б.

Модульдық оқыту - баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, оны өз жұмысын
жоспарлай, талдай, бақылай білуге үйретеді. Технологиялық картаны мұғалім жасайды. Ол әдеттегі сабақ жоспарына үқсайды. Онда тақырып, оған бөлінген сағат, оқыту мақсаты, жұмыстың түрі, оқу материалын, оқу жұмысы тәсілдерін меңгеру формалары көрсетіледі. Негізгі білімдер, тақырыпты оқу арқылы қалыптасатын жалпы оқу және арнайы іскерлік, дағдылар бөлінеді. Тақырыпты оқу нәтижесінде нені меңгеру керектігі көрсетіледі.

Модуль дегеніміз — мұғалім жасайтын оқушының оқу іс-әрекетінің жоспары. Оны баспа әрпімен теріп сыныптың әр оқушысына береді. Бұл әдістемелік құралда оқушының әр сабақтағы оқу іс-әрекетінің, мақсаты, оқу тапсырмалары, оларды орындау әдістері көрстілген
Материалмен жұмыс: зертханалық жұмыстар, есептер шығару, проблемаларды шешу, сұрақтарға жауап, тапсырмалар орындау, т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет