1. Әкімішілік құқық ұғымын және пәнін сипаттаңыз


Азаматтардың әкімшілік құқық мәртебесінің элементтерін түсіндіріңіз



бет5/38
Дата11.03.2023
өлшемі103,65 Kb.
#171887
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Акимшилик жауаптары (копия)
тест өбс-811, 13-Дәріс.Басқарушылық және көшбасшылық, КТ сессия Шахсанам, КТ сессия Шахсанам, GELENEK VE D N T RKMEN STAN IN D N HAYATINDA GELENE N ROL [#436985]-826881, Дәріс 3-4. Азаматтық-саяси қарама-қайшылықтар, Дәріс 3-4. Азаматтық-саяси қарама-қайшылықтар 2, кылмыстык бож 111, 4. Лекция тезистері Word
12. Азаматтардың әкімшілік құқық мәртебесінің элементтерін түсіндіріңіз
Азаматтық құқықта азаматтардың әкімшілік-құқықтықмәртебесінің жалпы және арнайы түрлерін ажырата білу қажет.
Біріншіден, жалпы әкімшілік-құқықтық мәртебеге жас мөлшері, денсаулығы, айналысатын кәсібі, тұрғылықты жері және басқа факторлардың ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтар ие болады. Ол ең алдымен азаматтың конституциялық мәртебесімен байланысты. Бірақ әр адам өз өмірінде әр салада қызмет атқарып, әр түрлі жағдайлардан өтеді. Бұл азаматтардың арнайы құқықтары мен міндеттерін қалыптастырады.
Арнайы әкімшілік-құқықтық мәртебеге мемлекеттік басқару саласындағы, мемлекеттік жоғарғы оқу орны студенттері, әкологиялық аймақта тұратын тұлғалар, мүгедектер, жеке кәсіпкерлер және қауіпті жұқпалы аурулармен ауыратын науқастар ие болып, олардың арнайы құқықтары мен міндеттері қалыптасады. Сондықтан әкімшілік құқықта және басқа салаларда арнайы субьектілер және олардың арнайы әкімшілік құқықтық мәртебесі бөлініп көрсетіледі.
Әкімшілік-құқықтық мәртебесінің әлементі болып табылатын азаматтың құқықтары мен міндеттері заңды құқықтық фактілерге түскен азаматтармен мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік-құқықтық қатынастары арқылы қалыптасады. Сонымен бірге әкімшілік-құқықтық мәртебесінің келесі әлементі
- азаматтардың бостандығы мен құқықтарының әкімшілік-құқықтық кепілдігі болып саналады.
13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің әкімшілік – құқықтық мәртебесін түсіндіріңіз
Жоғарғы ///алкалы орган
Мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы-өкімдік етуші органы Үкімет болып табылады. Үкіметті Республика Президенті құрады және ол қаулылар шығарады. Республика Премьер-министрі өкімдер шығарады. Үкімет қызметі республиканың барлық аумағын қамтиды. Үкімет өзіне бағынышты өзге де барлық атқарушы билік органдарын біріктіреді және олардың жұмысына бағыт беріп отырады.
Жоғарғы билік органы
ҚР Конституциясының 64-бабына сәйкес,Қазақстан Республикасының Үкіметі-Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады,атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың кызметіне басшылық жасайды.Үкімет алқалы орган,өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында,ал Консти-туцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.
Үкімет қызметінің құқықтық негізін ҚР Конституциясы 1995 жылы 18 желтоқсандағы"ҚР Үкіметі туралы " конституциялық заң,Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары,Үкіметтің ішкі қызмет тәртібін реттейтін регламент,өзге де НҚА құрайды.
Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Республика Премьер – Министрі Республика Президентіне енгізеді.
Үкіметтің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
Үкіметтің құрамына Үкімет мүшелері – Республиканың Премьер – Министрі, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді.
Үкімет отырыстары ашық болады. Президенттің не Премьер – Министрдің бастамасымен Үкіметтің жабық отырыстары өткізілуі мүмкін.
Үкімет отырыстарын әзірлеу мен өткізу тәртібі Үкімет регламентімен белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет