1. Электрокардиографиялық зерттеу науқаста: а Журектегі қабыну ошағы


Биохимиялық көрсеткіштердегі қандай өзгерістер А геппатитінің сарғайусыз формасына тән



бет232/233
Дата16.06.2023
өлшемі1,36 Mb.
#178891
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   233
Байланысты:
Барлык тест жауаптарымен
Еламан Баймухан ИМ реферат, Еламан Баймухан ИМ реферат, Еламан Баймухан ИМ реферат, Еламан Баймухан ИМ реферат, Еламан Баймухан ИМ реферат, Еламан Баймухан ИМ реферат, Еламан Баймухан ИМ реферат, Еламан Баймухан ИМ реферат, метбол.
50. Биохимиялық көрсеткіштердегі қандай өзгерістер А геппатитінің сарғайусыз формасына тән.

  1. Гипербилирубиннемия

  2. +Трансаминаза деңгейінің жоғарылауы

  3. Сілтілі фосфатазаның жоғарылауы

  4. Холестерин деңгейінің жоғарылауы

  5. Трансаминаза деңгейінің төмендеуі

51. БЦЖ ревакцинациясы алдында бірінші сынып оқушыларына Манту сынамасы жасалды. Екі оқушыда сынама оң нәтиже көрсетті. Манту сынамасының нәтижесі қандай жағдайда оң болып есептеледі?

  1. +Папула 5 мм асса

  2. Папула 2-4 мм асса

  3. Папула 0-2 мм асса

  4. Папула 17 мм асса

  5. Инъекция аймағында гиперемия болса

52. Жара инфекциясын неғұрлым тиімді алдын алу немен қол жеткізіледі?
1. асептикалық таңғышты салумен
2. антибиотиктерді көктамырға енгізе отырып
3. жарақатқа протеолитикалық ферменттерді енгізумен
4. жараны антибиотиктермен қаптаумен
5. +біріншілік хирургиялық жараны өңдеумен

53. Жұлынның зақымдануының тұрақты белгісі болып табылады


1. +жамбас мүшелері қызметінің бұзылуы
2. буындардағы серіппелі бекіту
3. жүрек қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар
4. тыныс алудың бұзылуы
5. бет нервінің парезі


54.Пациенттің қай қалпында талаққа пальпация пальпация жүргізіледі:

  1. +оң қырында

  2. сол қырында

  3. шалқасынан жатқанда

  4. отырғанда

  5. тұрғанда


55.Тыныс алу қимылының тереңдігі мен жиілігінің жиілеуімен жүретін субъективті ауа жетпеу сезімі:

  1. тұншығу

  2. жөтел

  3. +ентігу

  4. тахипноэ

  5. брадипноэ


56.Науқас К., 42 жаста, мейрігерге қиын және жиі,ауырсынумен зәр шығаруға, дене температурасының жоғарлауына, жалпы әлсіздіккке, бас ауруына, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне шағымданады. Зәр шығарудың қай бұзылысы жайлы ойлайсыз?

  1. странгурия

  2. +дизурия

  3. ишурия

  4. поллакиурия

  5. полиурия


57.Науқас М., 52 жаста, ентігуге, тез шаршағыштыққа, еңбекке қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Қарау кезінде жағдайы орташа қанағаттанарлық , терісі қаыпты түсті, тамақтануы жоғары. Ішкі мүшелерінде патология анықталған жоқ. Салмағы – 92 кг, бойы-168 см. Осы науқастың дене салмағы индексін анықтаңыз:

  1. 28,9

  2. +32,8

  3. 35,8

  4. 36,9

  5. 38,8


58.Пневмониямен ауыратын науқастың туыстары жөтелдің күшеюіне, мол көлемді, жағымсыз иісті қан аралас іріңді қақырықтың бөлінуіне байланысты «Жедел жәрдем» шақырды. Өкпе аускультациясында амфорлы тыныс, ылғалды орта және ірі көпіршікті сырылдар. Науқаста дамыған синдромды көрсетіңіз:

  1. өкпе тінінің тығыздалуы

  2. ателектаз

  3. бронх обструкциялық

  4. +өкпедегі қуыс

  5. өкпе тінінің жоғары ауалылығы

59.5-жасар балада дене қызуының 40 С – қа көтерілуі, көп реттік құсу, басының ауырсынуы, аурудыңбасталуынан 10 сағаттан кейін денесінде, басымырақ жамбас, сан, балтыр аймақтарында жұлдызшалы, геморрагиялық бөртпе пайда болды. Ықтимал диагноз:

  1. +менингококкты инфекция

  2. стрептококкты инфекция

  3. геморрагиялық васкулит

  4. тромбоцитопениялық пурпура

  5. иерсиниозды инфекция


60.Ойық жарасы бар науқаста эпигастрийда ауырлық сезімі, жүрек айну, «шіріген иісті» кекіру, таңғы уақытта мол құсу, құсық массасында кешегі жеген тамағы. Науқаста не болуы мүмкін?

  1. профузды қан кету

  2. ойық жараның тесілуі

  3. ойық жара пенетрациясы

  4. малигнизация

  5. +қақпа (приватник) стенозы


61.Іштің жоғары бөлігінде айналмалы сипаттағы интенсивті ауырсыну, жүрек айну, жеңілдік әкелмейтін құсу, диарея, стеаторея, қандағы амилаза мөлшерінің жоғарлауы қай ауруға тән?

  1. энтероколит

  2. он екі елі ішектің ойық жарасы

  3. асқазанның ойық жарасы

  4. +панкреатит

  5. созылмалы гастрит


62.Жүріп-тұруының, сөйлеуінің, дененің бір бөлігіндегі сезімталдықтың бұзылуы симптомына жатады:

  1. +Ошақты

  2. жалпы милық

  3. шешім қабылдайтын

  4. реттелетін

  5. реттелмейтін


63.Балабақшада 3 жастағы баланың дене температурасы 37,8 С дейін жоғарлаған, мұрынның бітелуі, бетінің, төсінің, арқасының, аяқтарының терісінде, бастың шаштық бөлігінде мөлдір құрамды сұйықтықты кіші көпіршіктер анықталды. Қаңқасы аздап гиперемияланған. Қай ауруды болжауға болады?

  1. +Желшешек

  2. скарлатина

  3. қызылша

  4. қызамық

  5. аллергиялық дерматит


64.Қанның резус-фактор анықтауда медбике Д-супер цоликлонын қолданды, планшетте 0,1 мл цоликлон және 0,01 мл қанды араластырды. Нәтижесін қанша уақыттан кейін бағалау қажет?

  1. араластырғаннан кейін

  2. 1 минуттан кейін

  3. +3 минуттан кейін

  4. 5 минуттан кейін

  5. 10 минуттан кейін


65.Әкесі 1 жасар баласын жоғары лақытырып тұрып, байқаусызда еденге құлатып алды. Бала басымен соғылып, қысқа уақытқа есінен тану, тынысының тоқтауы, тері жабындары бозаруы, 1 ретті құсу болды.Соңынан бала ұйықтап қалды. Қарағанда оң жақ төбе көлемі 3*2 см аймағында ішке қарай, тереңдігі 0,7см-ге кіріп тұр. Сол жақ білектің деформациясы, пальпацияда қатты ауырсынады. Неврологиялық статусында патологиялық белгілер жоқ. Нақты диагноз қою үшін мейіргерлік тексеру жоспарыңыз:

  1. +бас сүйегінің және білек сүйектерінің рентгенографиясы, бастың КТ

  2. бас және білек сүйектерінің рентгенографиясы, люмбальды пункция

  3. бас және білек сүйектерінің рентгенографиясы, бас миын УДЗ

  4. бас және білек сүйектерінің рентгенографиясы, артериалды қысымды өлшеу

  5. бас және білек сүйектерінің рентгенографиясы, көз түбін тексеру


66.Науқас құсқан кезде құсық қалдықтары тыныс алу жолына түсті, науқас көгеріп, жөтеле бастады, тыныс алуы қиындады. Мейіргердің іс-әрекеті:

  1. дәрігер реаниматологты шақыру

  2. +ауыз қуысын тазарту, тыныс алуды ынталандыру

  3. жедел түрде трахеостомия жасау керек

  4. асқазанға сүңгі салу, фонендоскоппен тыңдау

  5. сырт киімдерін шешу, тез арада емханаға жеткізу


67.Қабылдау бөліміне іштің тұйық жарақатын алған науқас перитонит белгілерімен келді. АҚ 70/40 мм.с.б.б. дейін төмендеген. Қан құюға көрсеткіш:

  1. жедел ревматикалық қызба

  2. өкпе ісінуі

  3. +массивті қан жоғалту

  4. созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

  5. бүйрек жеткіліксізді


68.Гемотрансфузиядан 30 минуттан кейін науқаста қалтырау, дене температурасының 37,6 С дейін жоғарылауы, бас ауру, селқостық, өздігінен басылатын бұлшықеттеріндегі ауырсыну пайда болды. Науқаста дамыған жағдайды көрсетіңіз:

  1. +жеңіл дәрежелі гемотрансфузиялық реакция

  2. орташа дәрежелі гемотрансфузиялық реакция

  3. ауыр дәрежелі гемотрансфузиялық реакция

  4. аллергиялық реакция

  5. циркуляторлы жүк түсу


69.Асқазан ойық жарасы перфорацияланғанда науқастың қалпын анықтаңыз:

  1. + «қалаш» (бүрісу, эмбрион) қалпы

  2. ортопноэ

  3. дене қалпын үнемі ауыстыру

  4. «тыңшы ит» қалпы

  5. ішпен жату


70.Науқас төбелес кезінде ауыр затпен басынан соққы алды, есінен танды және құлады. Қарау кезінде мұрын мен құлақтан ликфор ағуда. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

  1. + бас сүйек негізінің сынуы

  2. бас миының соғылуы

  3. бас миының жаншылуы

  4. бас миының шайқалуы

  5. субдуральды гематома


71.Төбелесте 22 жастағы пациенттің сол иығының орта бөлігіне пышақ тиді. Пациенттің есі анық, терісі бозарған. Жарадан шапшып ашық-қызыл қан ағып жатыр. Осы симптомдар қандай жағдайға тән?

  1. + Артериалды қан кету

  2. Венозды қан кету

  3. Капиллярлы қан кету

  4. Паренхиматозды қан кету

  5. Ішкі қан кету


72.Науқас айналаға қарап тұрып, терезеден біреу оны шақыоыр тұрғанын айтады және оған жауап қайтарады. Дәл осы жағдай басқалардың да бірдей еститініне сенімді. Бұзылуды анықтаңыз:

  1. Рефлекторлы галлюцинация

  2. + Шынайы галлюцинация

  3. Психосенсорлық бұзылулар

  4. Парейдолиялық иллюзия

  5. Псевдогаллюцинация


73.Жоғары көңіл-күймен, айқын мимика және ыммен, жылдам сөйлеумен, жоғары әрекетпен сипатталатын қозу:

  1. аутестикалық

  2. катотоникалық

  3. + гебефрениялық

  4. маниакальды

  5. астениялы


74.Интеллект бұзылыстарына жатады:

  1. ұйқының бұзылысы

  2. + деменция

  3. эйфория

  4. астения

  5. конфабуляция


75.55 жастағы ер адам көңіл-күйдің төмендеуіне, ұйқысыздыққа шағымданады. Науқаста барлығына пессимисттік көзқарас анықталады. Жанұясында өзінен басқа ешкім үй жұмыстарыммен айналыспайтындығын айтады. Жағдайы көршілерімен арасында соттық дау-дамай шыққаннан кейін нашарлаған. Болжам диагноз?

  1. + эндогенді депрессия

  2. атипті депрессия

  3. психогенді депрессия

  4. маниакальді психоз

  5. циклотимия


76.Дене температурасының 38-39 С дейін жоғарлауына, басының ауруына, жұтыну кезінде тамағының ауруына, жоғары саливацияға шағымданған студент келді. Фарингоскопиялық: бадамша бездердің ұлғаюы және гиперемия, көлем 1-3 мм, беткейінде көптеген домалақ сарғыш нүктелер. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияда ауырсынады. Болжамды диагноз қойыңыз:

  1. катаральды баспа

  2. + фолликулалы баспа

  3. лакунарлы баспа

  4. фибринозды баспа

  5. ойық жаралы-қабыршақтық баспа


77.20 жастағы науқаста мұрын жарақатынан кейін мұрнынан қан кетті. Сіздің әрекетіңіз:

  1. + науқасты отырғызу, басын алдыға және төмен еңкейту, кеңсірігіне салқын қою және мұрын саңылауыларына 3% сутегі асқын тотығына малынған тампон қою

  2. науқасты отырғызу, басын шалқайту, кеңсірігіне салқын қою және мұрын саңылауыларына 5% сутегі асқын тотығына малынған тампон қою

  3. науқасты отырғызу, басын төменге және алдыға еңкейту, кеңсірігіне салқын қою және мұрнына новокаин ерітіндісіне малынған тампон қою

  4. науқасты отырғызу, басын шалқайту, кеңсірігіне салқын қою

  5. науқасты отырғызу, басын төмен және алдыға шалқайту, кеңсірігіне салқын қою


78.Балада жедел риниттің екінші сатысында мұрыннан бөлінетін сұйықтықтың сипаты қандай?

  1. шырышты бөлініс

  2. + серозды бөлініс

  3. шырышты іріңді бөлініс

  4. жалқаяқты бөлініс

  5. бөлініс болмайды


79.Дифтериялық круп негізінде қандай патогенетикалық механизм жатыр?

  1. көмей шырышты қабатының жедел қабынуы

  2. + көмей фиброзды қабатының жедел қабынуы

  3. көмей шырышты қабатының созылмалы қабынуы

  4. маңдай қойнауының жедел қабынуы

  5. торлы қойнаудың жедел қабынуы


80.Физикалық жүктемеге (реакцияның) рациональды типіне жатқызуға болады:

  1. +Нормотоникалық

  2. гипотоникалық

  3. гипертоникалық

  4. сатылы

  5. дистониялық



81.Мұрын сүйегі сынуында, репозициялау кезінде сүйекті бекіту түрі және мерзімі:

  1. алдыңғы тампонада 24 сағатқа

  2. +алдыңғы тампонада 48 сағатқа

  3. гипстік лангетамен 48 сағатқа

  4. пелот көмегімен 50 сағатқа

  5. алдыңғы тампонада 24 сағатқа


82.Анамнезінде бір апта бойы ауырады. Объективті қарағанда, ауырсыну және интоксикациялық синдром, су-электролит бұзылыстарына байланысты жағдайы ауыр. Ішін қарағанда Валя, Шланге, Скляров симптомдары оң мәнді. Бұл клиникаға сәйкес ауруды атаңыз:

  1. жедел панкреатит

  2. +жедел ішек өтімсіздігі

  3. жедел холецистит

  4. асқазанның ойық жарасы

  5. жатырдан тыс жүктілік



83.Қою шие түстес қанның ағуы қандай қан кетуге тән:

  1. капиллярлы

  2. аралас

  3. +венозды

  4. артериальды

  5. тамырлық



84.Медициналық пунктке оң иық буынын қатты жарақаттаған науқас келді. Қарау кезінде медбике оң иықтың конфигурациясының өзгеруін және деформациясын, қолдарының айырмашылығын, осы буынның қимылы шектелгенін анықтады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

  1. +буынның шығуы

  2. сынық

  3. соғылу

  4. созылу

  5. бұлшықеттердің созылуы


84.Жараны инфекциядан қорғаудың эффективті алдын алу шарасы:

  1. Көктамыр ішіне антибиотик енгізу

  2. Жараға протеолитикалық ферменттер енгізу

  3. Жараға антибиотиктер енгізу

  4. +Асептикалық таңғыш салу

  5. Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу


85.Бұлшықеттің электрлік белсенділігін анықтайтын әдіске жатады:

  1. миотонусометрия

  2. динамометрия

  3. +миография

  4. электроэнцефалопатия

  5. денсимтометрия


86.Тері жамылғыларының бозаруымен, сілекей ағумен, бас айналу сезімімен жүретін төс ауруындағы жағымсыз сезім:

  1. қыжыл

  2. +жүрек айну

  3. кекіру

  4. құсу

  5. лоқсe




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   233




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет