1 емтихан билеті



бет1/5
Дата16.10.2023
өлшемі27,22 Kb.
#185819
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1 ЕМТИХАН БИЛЕТІ 2


1 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

  1. "Шұғыл жағдай" түсінігі, шұғыл жағдайлардың жіктелуі. Стационар деңгейінде шұғыл көмекті ұйымдастыру

  2. Қабылдау бөліміне естүссіз науқас тұсті, туыстарырының айтуы бойынша, пациент бір неше жыл бойы қант диабетімен ауырады. Есінен тануына диета сақтамауы және ауыр физикалық жұмыс себеп болды.

Объективті: науқастың жағдайы ауыр, тынысы шулы, сирек, алыстан естіледі, Куссмауль типі бойынша, терісі құрғақ, бұлшық еттерінің тонусы төмен, көз алмалары жұмсақ, аузынан ацетон иісі шығады. Қалтасында «Диабетик паспорты» бар.
1.Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Стационар деңгейіндегі көмек көрсету алгоритмін жасаңыз.
2 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Жедел тыныс жетіспеушілігі: себептері, клиникалық формалары, мүмкін асқынулар, стационар деңгейіндегі диагностика көлемі. Шұғыл медициналық көмек


2. Қабылдау болмеге зәрдеп шеккен адам алып келінді. Сол аяғын трактормен басып кеткен. Тексергенде: аяғын қозғала алмайды. Сол жақ саны қисайған, аяғы қысқарғаны көзбен көрінеді, өкшеге салмақ түссе ауырсыну байқалады, ретсіз қозғалыс. Пульс 110/мин АҚ 100/60 мм. ст. бағ.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Стационар деңгейіндегі көмек көрсету алгоритмін жасаңыз.
3 ЕМТИХАН БИЛЕТІ


  1. Бронх демікпесі: себептері, клиникалық формалары, мүмкін асқынулар, стационар деңгейіндегі диагностика көлемі. Шұғыл медициналық көмек

2. ФАП-қа 12 ж ұл бала жеткізілді. Шағымдары: бастын ауырсыну, бас айналу, құлақта шу, жүрек айну. Таудан шаңғымен түскенде жерге қатты құлады, қысқа уақытқа естен танып қалды. Болған жай есінде жоқ.
Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, қозған күйде, терісі боз, көзі сығырайған, жарыққа реакциясы бұзылмаған, t- 36,6°С, PS 57 рет/мин, толықтығы әлсіз. Шүйде аймағында 0,5х1,5 см көлемінде жарақат, шеттері тегіс емес және жұмсақ ұлпаларына қан құйылған, шамалы қанталау бар.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Стационар деңгейіндегі көмек көрсету алгоритмін жасаңыз.

4 ЕМТИХАН БИЛЕТІ


1. Стационар деңгейіндегі ЖӨР. Қан айналымының жедел тоқтауы: анықтау, жиі кездесетін себептер, тоқтау түрлері, дифференциалды диагностика.Клиникалық өлім. Клиникалық өлім белгілері. Биологиялық өлім. Биологиялық өлімнің белгілері.


2. Қабылдау бөліміне жұмыс кезінде іштің ашық жарақат алған жұмысшысы жеткізілді Науқастың жағдайы ауыр. Тері қабаты бозарған. АД 80/50 мм с.б. РS- 120 рет/мин, толықтығы әлсіз. Мықын шат аймағының алдыңғы іш қабатында 8 см ұзындықты жарақат бар, одан жіңішке ішектің ілмектері түсіп тұр. Осы жермен іш қуысы қабырғасының арасынан қан шығып тұр.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Стационар деңгейіндегі көмек көрсету алгоритмін жасаңыз.
5 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Жедел коронарлық синдром (ЖКС).Миокард инфарктісі: себептері, клиникалық формалары, мүмкін асқынулар, стационар деңгейіндегі диагностика көлемі. Шұғыл медициналық көмек


2. 14 ж ұл бала волейбол ойнау кезінде сол қолының созылған күйінде құлады. Сол бұғана аймағында ауырсыну мазалайды. Пальпациялағанда сол бұғана аймағында ауырсыну, крепитация анықталады, буынында қозғалысы шектелген. Зақымдаған жағынан қолды сау қолымен ұстап отыр.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Стационар деңгейіндегі көмек көрсету алгоритмін жасаңыз.

6 ЕМТИХАН БИЛЕТІ


1. Жүрек ырғағының бұзылуы. Диагностика. Стационар деңгейінде шұғыл көмек көрсету


2. Хирургия болімнын асханасында тамақ ішіп отырған ер адам терең демалып, айғайлап, тұншыға бастады. Түріне қарағанда көкшіл-қоңырқай түсті. Демалысы қиын, жасаурап тұр. Мойын көк тамыры ісінген.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Стационар деңгейіндегі көмек көрсету алгоритмін жасаңыз.

7 ЕМТИХАН БИЛЕТІ


1. Гипертониялық криз: себептері, формалары, клиникалық көріністері және асқынулары. Стационар деңгейінде шұғыл көмек көрсету алгоритмі.


2. Қабылдау болмеде фельдшер науқасты қарады. Металл бұйымдарын кескен кезде араның металлдық дискісінің бұзылуынан жұмысшы кеуде қуысына жарақат алды. Жағдайы ауыр. Ауа жетпеуіне шағымданады, тұншығу әр дем алған сайын күшейе түседі. Беті көгерген түсті. Кеуде қуысының оң жағында ортаңғы бұғана және алдыңы қолтық асты сызығы бойы V қабырға манайында 3х4 см жарақат бар, дем алғанда және дем шығарғанда жарақаттан көпіршікті дыбыс шығады, «жарадан дем алатын» сезім. Пальпациялауда жарақат жанында қардың сықырын сездіреді.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Стационар деңгейіндегі көмек көрсету алгоритмін жасаңыз.

8 ЕМТИХАН БИЛЕТІ


1. Жедел тамыр жеткіліксіздігі. Патогенез, естен тану мен коллапстың клиникалық көрінісі, дифференциалды диагнозы. Стационар деңгейінде шұғыл көмек көрсету тактикасы мен алгоритмін таңдау.


2. Ер адам аудандық аурухананың қабылдау бөліміне жүгінді. Ол кенеттен жүктемеден кейін оң жақтағы бел аймағында өткір ауырсыну пайда болды, ауырсыну шап аймағына, жыныс мүшелеріне беріледі, зәр шығару жиіледі, ауырсынумен және кішкене бөліктермен. Анамнезінде несеп-тас ауруы. Объективті: орташа ауырлық жағдайы, тері ылғалды, оң жақ Пастернацкийдің оң симптомы, температура 36,30 С, пульс 100 уд/мин, ырғақты, қан қысымы 130/85 мм рт.ст.б.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Стационар деңгейіндегі көмек көрсету алгоритмін жасаңыз.

9 ЕМТИХАН БИЛЕТІ


1. Құрсақ қуысы жарақаттары: себептері, клиникалық формалары, мүмкін асқынулар, стационар деңгейіндегі диагностика көлемі. Шұғыл медициналық көмек


2. Сізді қабылдау болмеге 6 жасар балаға шақыртты, ол осыдан 0,5 сағат бұрын үстіне ыстық су төгіп алған. Объективті бала бозарған, айқалайды, діріл бар, акроцианоз, бір рет құсқан. Кеуденің алдыңғы бетімен қолдары қызарған эпидермисі жыртылған. Сіздің диагнозыңыз? Дәрігерге дейінгі көмек.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Стационар деңгейіндегі көмек көрсету алгоритмін жасаңыз.

10 ЕМТИХАН БИЛЕТІ


1. Шок: ұғымның анықтамасы, жіктелуі, патогенезі. Ауырлық дәрежесіне байланысты шоктың клиникалық көрінісі. Шоктың бақылау критерийлері. Стационар деңгейіндегі шұғыл медициналық көмек


2. Медбике аурухананың терапия бөліміндегі 73 жастағы науқасқа шақырылды, ол жүректің ишемиялық ауруы диагнозы қойылған. Гипертония 3 ст.
Науқас әлсіздікке, шүйде аймақтағы қысу сипатындағы бас ауруына, бас айналуына, айқын жүрек айнуына шағымданады, оң қол мен аяқта қозғалыстардың жоқтығын көрсетеді. Тексеру кезінде: сөйлеу баяу, сөздер "анық емес" деп айтылады, ол өздігінен тік тұра алмайды. ЖЖЖ минутына 16, тамыр соғуы минутына 72, АҚ 190/110 мм. рт.б
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Стационар деңгейіндегі көмек көрсету алгоритмін жасаңыз.
.
11 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Асқазан мен 12 елі ішектің ойық жаралары: себептері, клиникалық формалары, мүмкін асқынулар, стационар деңгейіндегі диагностика көлемі. Шұғыл медициналық көмек


2. Қабылдау бөліміне бетінен жұдырықпен соққы алған ер адам келді. Жұмсақ тіндердің ісінуіне байланысты беттің асимметриясы, төменгі жақ аймағындағы гематома, тістеудің бұзылуы, төменгі жақ бойымен "баспалдақ" симптомы, сынықтардың крепитациясы.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Стационар деңгейіндегі көмек көрсету алгоритмін жасаңыз.

12 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Жедел ішек өтімсіздігі: себептері, клиникалық формалары, мүмкін асқынулар, стационар деңгейіндегі диагностика көлемі. Шұғыл медициналық көмек
2. Құлау кезінде ер адам басын ұрды. Қатты бас ауруы, айналуы , жүрек айнуы туралы шағымданады. Тексеру кезінде: сана шатасқан, терісі бозғылт, пульсі минутына 62-64 соққы. Сол жақтағы самай аймақта жұмсақ тіндердің ісінуі, сол жақ құлақтан аздап қан кету. Науқас жарыққа қарай алмайды. Сол жақ қарашығы оң жақтан сәл кеңейген.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Стационар деңгейіндегі көмек көрсету алгоритмін жасаңыз.
13 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Жедел аппендицит: себептері, клиникалық формалары, мүмкін асқынулар, стационар деңгейіндегі диагностика көлемі. Шұғыл медициналық көмек


2. Қабылдау бөліміндее 12 жастағы қызда тамырдан қан алу кезінде бозару, терлеу, қарашықтардың кеңеюі байқалды. Содан кейін естен айырылды.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Стационар деңгейіндегі көмек көрсету алгоритмін жасаңыз.
14 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Жедел панкреатит және холецистопанкреатит: себептері, клиникалық формалары, мүмкін асқынулар, стационар деңгейіндегі диагностика көлемі. Шұғыл медициналық көмек


2. Автокөлік апатының салдарынан қыз ауыр жарақат алды. Оң жақ төменгі аяғындағы ауырсынуға шағымданады, қозғалыс кезінде күрт артады. Тексеру кезінде жағдайы ауыр,тері және көрінетін шырышты бозғылт. Қан қысымы 100/160 мм.рт. ст. ст., пульс минутына 100 соққы. Оң жақ жамбас деформацияланған, 5 см қысқарған. Қозғалыс кезінде жамбастың ортаңғы үштен бір бөлігінде патологиялық қозғалыс анықталады.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Стационар деңгейіндегі көмек көрсету алгоритмін жасаңыз.
15 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Кеуде жарақаттары: себептері, клиникасы, мүмкін асқынулар, стационар деңгейіндегі диагностика көлемі. Шұғыл медициналық көмек


2. Аурухананың холында 42 жастағы науқаста кенеттен тұншығу ұстамасы дамыды. Науқас қолдарын орындықтың шетіне сүйеніп отырады, кеуде қуысы максималды тыныс алу күйінде, беті цианотикалық, қорқынышты білдіреді, тыныс алу жиілігі минутына 38.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Шұғыл көмек көрсету алгоритмін жасаңыз және әр кезеңді негіздеңіз.

16 ЕМТИХАН БИЛЕТІ


1. Құрсақ қуысы жарақаттары: себептері, клиникасы, мүмкін асқынулар, стационар деңгейіндегі диагностика көлемі. Шұғыл медициналық көмек


2. Новокаин енгізгеннен кейін хирургиялық бөлімде науқас мазасыздыққа, кеудедегі қысылу сезіміне, әлсіздікке, бас айналу, жүрек айну туралы шағымданды. Қан қысымы 80/40 мм рт.ст. ст., пульс 120 уд./мин., әлсіз толымдылықта және кернеулікте.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Шұғыл көмек көрсету алгоритмін жасаңыз және әр кезеңді негіздеңіз.

17 ЕМТИХАН БИЛЕТІ


1.Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу кезеңдері. Стационар деңгейінде жүректің кенеттен тоқтауы кезінде қолданылатын дәрі-дәрмектер: босату түрі, әсер ету механизмі, дозалары, қолдану көрсеткіштері, енгізу жолдары.


2. 42 жастағы науқас ауруханаға түсті. Шағымдары бел аймағындағы ауырсыну эпигастралды аймағанда, ауырсыну. Иррадирет сол жауырын асты аймағы, жүрек айнуы, қусуы, ауырсынулары қоймаған, дене қызуы Т-38,7 С.
Жалпы қарағанда-тері түсі қалыпты, қан қысымы-120/70 пульсі 1 мин., соғу ритмі 98 м/с тіл үстінде ақ дақтар. Пальпация кезінде іші қатты үстінгі жағында, симптомы Щеткина-Блюмбергде сол жақ қабырға астында, оң жағында ауырсыну, зәрде диастаза 924 ед.
Тапсырмалар
1. Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз.
2. Стационар деңгейінде шұғыл көмек көрсету алгоритмін жасаңыз және әр кезеңді негіздеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет