1. Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері. Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінде, пәнді игеру нәтижелеріне қойылатын талаптар


Ерте жастағы баланың физикалық психикалық және тұлғалық дамуы?



бет5/5
Дата25.09.2022
өлшемі25,23 Kb.
#150693
1   2   3   4   5
Байланысты:
эсселер
Адренергические средства
5. Ерте жастағы баланың физикалық психикалық және тұлғалық дамуы?
Ерте балалық шақ - баланың физикалық, психикалық және жеке дамуының жеделдігімен және оның ерекше тәуелділігімен сипатталатын онтогенездің ерекше кезеңі болып табылады. Сондай-ақ,балалардың балалық және аралық субъектісінің әлеуметтік жағдайында көрінетін ересектермен өзара әрекеттесу кезеңі. Бұл жоғары деңгейге байланысты тәрбиешілердің, ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігінің мәні және олардың нәтижеге деген үлкен жауапкершілігі нәрестені өздігінен жиналатын және мақсатты түрде ұйымдастырылған тәрбиелеу мен оқыту болып табылады.Ерте балалық жасындағы балаларға 1 және 3 жас аралығындағы балаларды жатқызамыз. Жас ерекшеліктеріне сай даму қалай болмақ?Алдымен балалардың физикалық дамуына тоқталып өтсем:
Физикалық даму – балалық шақтың әр кезеңінде баланың бойының, дене салмағының, жекелеген дене мүшелерінің және биологиялық өсіп-жетілуінің өсу үдерісі болып табылады. Өмірдің алғашқы жылында яғни, 1 жаста бала дамуы қарқынды түрде жүреді.Дұрыс күтімдегі бала,тез дамиды,тез өседі.Ай сайын 600—700 грамм салмақ қосып, бойы 2-3 см дейін өседі.Жыл соқына қарай салмағы 10 немесе 10,5 кг,бойы 70-75 см дейін болады.Сондай-ақ сүт тістері шығып,8 тісі болады. Екі жастағы баланың салмағы орташа есеппен 12,0 - 12,7 кг, бойының ұзындығы 85,0 - 86,0 см жетеді, 20 сүт тісі болады. Үш жасар балалардың бойы 93 - 94см, салмағы 14 - 14, 5 кг болады. Орталық жүйке жүйесінің қызметі жетіледі. Бұл балалардың жұмысқа қабілеттілігімен байқалады. Балалар іс - әрекеттің бір түрімен 20 минутқа дейін шұғылдана алады. Балалардың қимыл – қозғалысы белсенді жетіле түседі. Жүгіру, өрмелеу, лақтыру сияқты қимылдары дамиды.Келесі баланың психикалық да муына келетін болсақ, баланың танымдық және еріктік үдеріснің, эмоциясының, психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуындағы өзгерістер психикалық даму деп аталады. Бір жастағы бала дамуында психикалық өзгерістер болады яғни, дыбысты, заттардың түсін, сыртқы пішінін ажырату қабілеті дамиды. Өмірдің екінші жылының алғашқы айларында дене және психикалық даму ерекшеліктері сақталады, үйренген қимылдар, заттармен іс-әрекеттер, тілдік әрекеттер жетіле түседі.Дегенмен психикалық және дене дамуы бұл жаста баяулайды.Үш жастағы баланың психикалық дамуы жас ерекшелігінде ,жеке ішкі бағытында қалыптасады, ол өзінің мінез-құлқын сезінумен және ересектер әлеміне деген қызығушылығымен сипатталады. Бала өз еңбегінің нәтижесін сын қөзбен бағалай алады, өз күш-жігерінің нәтижелерін нақты елестете алады.Бұл жастағы балалар қандай-да бір затты есте сақтаумен емес танып-білуімен ерекшеленеді.Келесі кезекте,тұлғалық даму ұғымына түсінік беретін болсам жалпы,жаңа туған нәрестені тұлға деп айту қиын.Дегенмен сәби өсе келе оң солын танып,ересек адам болып жеке тұлға болып қалыптасады.Менің түсінігімше,тұлғалық даму әр жас кезеңінде қалыптасатын қасиеттер,дағдылардың көрініс беруі.Мысалы,1 жастағы балалардың мінез-құлқында аса өзгешеліктер байқала бермейді,көбіне уақытты ұйқымен тыныш өткізеді. 2 жастан бастап ересектердің сөзіне алаңдап,құлақ түріп мән бере бастайды.Сондай-ақ сөздік қоры да молаяды.Кемінде екі жасар балалар 200-300 сөзге дейін біледі.Ал,3 жастағы балалардың тұлғалық дамуында қыңырлық,өзімшілдік секілді сапалық қасиеттер қалыптаса бастайды.Бұл жайлы психолог Л.Выготскийдің жас ерекшеліктеріне сай дағдарыс көрініс табатындығын айтқанынан білеміз. 3 жасар балалардың сөздік қоры 1500 ден 2000 сөз аралығында болады.
Қорытындылай келе,дүние есігін жаңа ашқан нәрестенің физикалық,тұлғалық,психикалық даму сатылары жақсы өтсе болашақта жеке тұлға болып қалыптасады. Балаларды уақытында және дұрыс тәрбиелеу - баланың жан-жақты дамуының маңызды шарты.Жеке даму үдересін қалыпты тұрғыда қадағалау да тәрбиенің бір түрі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет