1. Физика пәнінің бағдарламасы – мұғалімнің негізгі құжаты. 7-9-сыныптарына, 10-11 сыныптарына арналған "Физика" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасын қарастыру, талдау жасау. Әрбір сыныпқа бөлінетін сағат санын, зертханаларды анықтау



бет1/3
Дата19.03.2022
өлшемі22,75 Kb.
#136327
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
1. Физика п ніні ба дарламасы – м алімні негізгі жаты. 7-9-
Ұнның наубайханалық қасиеттері мен сапасын анықтаудың жаңа заманғы әдістері, БЖБ 10 биология 2 токсан №1, план МОДО

1.Физика пәнінің бағдарламасы – мұғалімнің негізгі құжаты. 7-9-сыныптарына, 10-11 сыныптарына арналған "Физика" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасын қарастыру, талдау жасау. Әрбір сыныпқа бөлінетін сағат санын, зертханаларды анықтау.
Физика пәнінің мұғалімдерінеғылыми тілді қалыптастыру мақсатында білім алушылардың сөздік қорын байыту, үш тілдегі физикалық терминдермен таныстыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу;физикалық процестерге диаграммалар, сызбалар, жалпылама және талдау кестелерін жасай білу дағдыларын, баяндау, сипаттау, салыстыру, графикті талдау, қорытынды жасау және жалпылама қорыту (жазбаша және ауызша) дағдыларын қалыптастыру;есептердің шешімін сауатты ресімдеуге назар аудару;жүргізілген практикалық және зертханалық жұмыстар бойынша кеңейтілген жазбаша есептерді немесе ауызша баяндамаларды дайындай білуді дамыту; білім алушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, олардың пікірлерінің қисындылығы және дәлелдермен түйінделу дәрежесін арттыру ұсынылады. Ол үшін сабақты жоспарлау кезінде белгілі бір біліктілік, дағдыларды қалыптастырытын қолайлы тақырыптарды таңдау қажет. Физика пәнінің негізі физикалық шамаларды тәжірибе жүзінде анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, көрсеткіштерді оқи білу және нәтижені талдау. Сондықтан білім алушылар тәжірибелерді жасап қана қоймай, мәліметтерді жинақтау, талдау, градиентті тәуелділігі мен табуға қатысты кестені құрастыру, тәжірибені өткізуге әсер ететін факторларды анықтау және оның нәтижесін көре білуі керек. Сондағана білім алушы зерттеу жолын жеке меңгереді және қандай да болмасын физика заңдылығына қатысты қорытынды жасай алады. «Орындалуға міндетті практикалық және зертханалық жұмыстар тізімі» білім алушыларға пән бойынша жаңа білім алып, зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретіндей етіп іріктелген.

«Физика» пәнін оқыту мақсаты – білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.


«Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды;
9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

7-9-сыныптарда «Физика» оқу пәнінің мазмұны 8 бөлімді қамтиды:


Физикалық шамалар мен өлшеулер;
Механика;
Жылу физикасы;
Электр және магнетизм;
Геометриялық оптика;
Кванттық физика элементтері;
Астрономия негіздері;
Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі.

7-сыныпқа


«Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу»,
«Жазық фигураның массалар орталығын анықтау»
атты екі зертханалық жұмыс қосылды.
Барлығы 10 зертханалық жұмыс және 22 практикалық жұмыс қамтылған.

8-сыныпта үш бөлім яғни



  1. «Жылу физикасы»,

  2. «Электр және магнетизм»,

  3. «Геометриялық оптика» оқытылады.

8-сыныпта 10 зертханалық жұмыс және 30 практикалық жұмыс қамтылған.


9-сыныпта


«Кинематика негіздері»,
«Астрономия негіздері»,
«Динамика негіздері»,
«Сақталу заңдары»,
«Тербелістер және толқындар»,
«Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар»,
«Атом ядросы. Ядролық өзара әрекеттесу»,
«Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі» бөлімдері оқытылады.

9-сыныпта 10 зертханалық жұмыс және 46 практикалық жұмыс қамтылған.


«Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


1) Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныпта – аптасына 4 сағатты, оқу жылында 136 сағатты;
2) Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды. 10-11 сыныпқа арналған жаңартылған мазмұндағы бағдарлама 10 бөлімнен тұрады:
 механика;
жылу физикасы;
 электр және магнетизм;
 электромагниттік тербелістер;
 электромагниттік толқындар;
 оптика;
 салыстырмалы теорияның элементтері;
кванттық физика;
 нанотехнология және наноматериалдар;
 космология

10-сыныпта 9 Зертханалық жұмыс, 15 практикалық жұмыстар жұмыс қамтылды. 10-сынып оқу бағдарламаларында «Физика» пәні бойынша компьютерлік моделдеуге бірнеше практикалық және зертханалық тапсырмалар қарастырылған:


1) Зертханалық жұмыс № 5. Тұтқыр сұйықтықтың қозғалысы кезінде шарик жылдамдығының оның радиусынан тәуелділігін зерттеу, нүктенің қозғалысын моделдеу.
2) «Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негіздері» бөліміне практикалық жұмыс енгізілген, молекулалық физика заңдарын компьютерлік моделдеу.
3) «Электромагнитті тербелістер» тақырыбы электромагнитті тербелістерді компьютерлік моделдеуді; тербелмелі контурдың түрлі параметрлеріне арналған электрлік тербелістер кезіндегі электр және магнит энергиясының, кернеу мен ток күшінің тәуелділігін компьютерлік моделдеуді болжайды.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытында:11-сыныптарда – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;



Бағыты

ҚМГ

ЖМБ

Сынып

11

11

Зертханлық жұмыстар

6

6

Практикалық жұмыстар




20

Бақылау жұмыстары

2

4

Физикалық практикумдар




10




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет