Наурызбай ауданы әкім аппаратының 2016 жылдың II тоқсанында атқарған жұмыстары Көріктендіру бөлімі



Дата21.04.2017
өлшемі348,57 Kb.
#14461
Наурызбай ауданы әкім аппаратының 2016 жылдың II тоқсанында

атқарған жұмыстары


Көріктендіру бөлімі:

Аудан аумағының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында мердігер ұйымдардың басшыларымен елдімекендердің тазалығы бойынша комиссиялық шығу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Алматы қаласының санитарлық тазалығы және көріктендіру бойынша штабының хаттамасы негізінде, Алматы қаласы табиғи-ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының аудандық аумағындағы санитарлық тазалау және көріктендіру жөнінде ескертпелері бойынша апта сайын жұмыстар атқарылуда.

2016 жылғы жасалған келісім шартқа сәйкес «Керим Жол» ЖШС, «AN-Курылыс» ЖШС, «Магнолия Дистард» ЖШС медігер ұйымдары, шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-ы «Алматы тазалық» ЖШС-гі күшімен қалалық, аудандық және жергілікті мәні бар көшелерде тазалық жұмыстары атқарылып, келесі жұмыс түрлері орындалды:

-аумақты тазарту;

-механикалық сыпыру жұмыстары;

-қоқыс сауыттарын дизенфекциялау және тазалау;

- арық жүйелерін тазалау жұмыстары

«Магнолия Дистард» ЖШС және «Алатау Авто Спец Техника» ЖШС мердігер ұйымдарымен жасыл аймақтарды күту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Алматы қаласының әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың басынан бастап аудан аумағында тұрғындар мен мердігер ұйымдардың қатысуымен 10 желілік сенбілік өткізіліп, 198 м3 қоқыс полиганға шығарылды.

Алматы қаласы Ветеринариялық орталығымен бірлесе күнделікті қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың басынан бастап 1788 қаңғыбас ит ауланды.

Аудан аумағында сыртқы жарық жүйесінің қажет ететін көшелердің түгендеу жұмыстары жүргізілді. «АлматыҚалаЖарық» МКК бірлесіп кемшіліктерді түзету, жанбайтын шамдар мен ақауы бар желілерді ауыстыру және жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Наурызбай ауданы аумағында «МБ Дорстрой» мердігер ұйымының күшімен жалпы көлемі 5345,74 ш. м. жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ мердігер ұйым «Комфорс» ЖШС күшімен 14 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бағдарлама әкімгері Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына жаңа арық жүйесі және орташа жөндеу жұмыстарын қажет ететін көшелердің тізімі жіберілді.

Қазіргі уақытта «Комфорс» ЖШС және «Алонс» ЖШС мердігер ұйымдарың күшімен Гроза мен Рысқұлов көшелерінде жол жөндеу жұмыстары басталды.

Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесіп аудан аумағында көгалдандыру мақсатында ағаш және гүл отырғызуға қолайлы жерлерді анықтау жұмыстары жүргізілді.


Ағымдағы жылдың наурыз айында аудан аумағында жалпы саны 700 үйеңкі, шаған, қараған көшеттері отырғызылды.

Біркелкі гаммалық түске келтіру мақсатында Қонаев көшесі мен Надыров көшесінің қоршауларына бояу жұмыстары жүргізілді.

Мердігер ұйымдар «Алатау Авто Спец Техника» ЖШС және №3 «Қазақ саңылаулар қоғамы» күшімен жыл басынан 96 дана санитарлық кесу және 1143 дана санитарлық қырқу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыс жалғасуда.

Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының тапсырмасымен аудан аумағын абаттандыру мақсатында «Жасулан Флора» ЖШС және «Зеленстрой НС» ЖШС мердігер ұйымдарының күшімен жалпы ауданы 3000 м2 қамтитын Шаляпин, Рысқұлов, Әуезов, Надыров, Асқаров және Қонаев көшелерінде гүл отырғызу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Қонаев және Рысқұлов көшелерінде тік көгалдандырудан 41 данасы койылды. Қонаев көшесінің бағытында «Таусамалы» базарына қарама қарсы 4 вазон қойылды.


Коммуналдық шаруашылық бөлімі:

«ТКШ жаңғырту» бағдарламасының жүзеге асырылуы:

«ҚР ТКШ жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Наурызбай ауданы әкімі аппараты тарапынан төмендегі жұмыстар жүргізілді.

Аудандық ПИК басшылары апта сайын тұрғындармен көппәтерлі тұрғын үйлерде және «ТКШ жаңғырту» бағдарламасында кондоминиум нысандарын құру мәселесін анықтау үшін жиналыс өткізілді.

«ТКШ жаңғырту» бағдарламасын енгізу «Рахат» ПМИК төрағасынан ұсыныс түсуде. Алдағы уақытта тұрғындармен жиналыс өткізу және құжаттары дайындау жоспарлануда.

Көппәтерлі тұрғын үйлердегі аула аумағының санитарлық ахуалы бойынша «Қалқаман», «Асу», «Рауан» ПМИК ескерту берілді. Бөлім қызметкерлерімен аудан аумағының санитарлық жағдайы тұрақты бақылауда.

ПИК қызметін тексеру бойынша комиссия құрылды. Қазіргі уақытта 4 ПИК бойынша: Премьера, Акжар, Асу, Рауан тексеру жұмыстары басталды.



«Алматы аулалары» бағдарламасының жүзеге асырылуы:

Наурызбай ауданы бойынша Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына және Алматы қаласы кәсіпкерлікті дамыту басқармасына құрылыс жұмыстарын қажет етіп отырған 30 жуық балалар алаңының тізімі жоданды.

2015 жылдың аяғында «АвтоГазТрейд» ЖШС мердігер мекемесінің күшімен Ақжар шағынауданы, Дәулеткерей көшесіндегі 11 және 13 үйдің 2 балалар алаңының құрылыс жұмыстары аяқталды. «Зидан» ЖШС мердігер күшімен Таусамалы шағынауданы, Молдағұлов көшесі, 28Г және Қалқаман шағынауданы, Байтұрсынов көшесі, 8 мекенжайы бойынша 2 балалар алаңының құрылыс жұмыстары жүргізілді.

«Премьера» тұрғын үй кешенінде «Премьера-29» ПИК күшімен футбол алаңы салынып, пайдалануға берілді. Кенгуру Казахстан мекемесінің демеушілігімен Таусамалы шағынауданындағы, №187 орта мектебінің аумағында көпсалалы спорт құрылғылары орнатылды.

2016 жылы инвестор «Қазкоммерцбанк» АҚ күшімен Қалқаман шағынауданы, №3 үйдің балалар алаңы футбол алаңымен бірге жасалып, аяқталды.

«Жана Алатау» ҚФ күшімен 3 мекенжай бойынша спорт алаңы және фудбол алаңының құрылыс жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта 3 алаңды жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Самгау» ЖШС күшімен Ақжар шағынауданы, Санаторная көшесіндегі аула аумағында құрылыс жұмыстары басталды.

Сондай-ақ, «Комстроймонтаж» ЖШС күшімен Таусамалы шағынауданы, Қонаев көшесіндегі 2 аула аумағында құрылыс жұмыстары басталды.

Жалпы аудан бойынша 10 алаңға құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді және 6 алаңға құрылыс жұмыстарын жүргізу басталды.

Басқа мекенжайлар бойынша инветорларды жұмылдыру жұмыыстары жүргізіліп жатыр.



Электржабдықтау:

№408 трансформаторлық қондырғысына айырғыш, сым реттеу, сақтандырғыштар, сым ауыстыру және быйланыс сақтандырғыштарды ауыстыру бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жасалды.

№№305, 303, 304, 306, 307, 301 трансформаторлық қондырғыларға жол жиегін бұтақтан тазалау, жабдықтарды техникалық қызмет көрсету бойынша ағымдағы жабдықтарды жөндеу жұмысы және трансформаторлық қондырғының ауласын қоқыстан тазалау жұмыстары атқарылды.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС мен біріге отырып аудан аумағындағы темір бетонды бағандарды ақтау және дұрыстау жұмыстары жүргізілді.

Сумен қамтамасыз ету:

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тапсырмасымен Қалқаман – 1,2,3,4 және Алты-Алаш шағын аудандарында 2014-2016 жылға су және кәріз жүйелерінің күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда 80 % игерілді. Жүргізіліп отырған жұмыстар күнделікті бақылануда.

«Қарғалы» өзеніндегі тазалау және хлорлау құрылғысымен Қарғалы, Қарағайлы, Құрамыс, және Таусамалы шағынаудандарын ауыз сумен және кәріз жүйесімен қамтитын жаңа суқоймасының құрылысы бойынша жобалық- сметалық жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар «Ақсай» өзенінен Таусамалы, Тастыбұлақ, Ақжар, Наурыз және Шұғыла шағынаудандарын ауыз сумен және кәріз жүйесімен қамтитын су қоймасы құрылғысы жұмысы бар.

Қазіргі уақытта Таусамалы шағынауданында жаңа екі ұңғыма құрылысы басталып, 2 ұңғыманың жөндеу жұмыстары аяқталды.

Бүгінгі күнде осы үш айдың ішінде Наурызбай АПУ (аудандық пайдалану учаскесі) 10 мекенжайда - су құбыры құдығынан ағуды орнына келтіру, 40 мекенжайда - жерасты ағуын орнына келтіру, 13 мекенжайда - су құбыры құдығын тазалау, 10 мекенжайда - тиек ауыстыру, су құбырын шаю – 15 мекенжайда, 10 мекенжайда - су құбыры құдығын ағымдағы жөндеу, 2 мекенжайда - есік қақпағымен ауыстыру, 1 мекенжайда жабуға тақта орнату, 4 мекенжайда – су құбыры құдығын ашып жолды кәсіби тексеру жұмыстары жүргізілді.

Газбен жабдықтау:

«Алматы газ тармағы» ЖШС мен біріге отырып қарыз иелерін ажырату бойынша аралау жұмыстары жүргізілуде. Жеке сектор бойынша бүгінгі күні 45 мекенжай бойынша 13 млн. 960 мың 16,56 теңге көлемінде қарызды құрап отыр. Осы мекенжайлардың ішіндегі 24 тұтынушыны қызмет көзінен өшіру жұмыстары жүргізілді.

Алматы облысы газ шаруашылықтар қауымдастығы Наурызбай ауданында газ құбыры өтіп жатқан 700 үйде газ жоқтығын ескере отырып орташа және төмен қысымдағы газ ағымдағы жылдың 1 наурызынан жеке тұрғын үйге бағаның 190 000 тенгеге дейін төмендеді.
Мемлекеттік-құқықтық бөлімі:

Мемлекеттік – құқықтық бөліммен ұдайы түрде нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамаларына сәйкестігі тексеріледі.

2016 жылдың 2 тоқсанында бөлімге жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 45 өтініш пен хаттар заңнамада көрсетілген мерзімде қарастырылып, оларға жазбаша түрде тиісті жауап берілді.

Бөлім ұдайы аудан Әкімі аппаратының мүддесін белгіленген тәртіпке сәйкес сотта, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдарда аудан Әкімі аппаратының құқықтық мәселесіне қатысты сұрақтары бойынша мүддесін қорғайды.

Сонымен қатар, бөліммен келесідей іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді:

Есепті кезеңде Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 4 отырысы өткізілді.

Есепті кезеңде мүлікті жария ету бойынша, 24 220 705 102 теңге соманы құрайтын 804 арыз қабылданды, 11 576 714 219 теңге соманы құрайтын 516 мүлік жария етілді, 1 124 140 000 теңге соманы құрайтын 38 арыз қайтарылды, жұмыста 250 арыз, 517 кеңес берілді.

Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментіне және Алматы қаласы қаржы басқармасына күнделікті электронды түрде жария ету туралы ақпарат беріледі.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша комиссия жұмысына (электрондық конкурсқа) ұдайы қатысуда;

Бөлім ұдайы келесі комиссиялар жұмысына қатысады:

-«Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылғы 22 маусымынан


1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кем дегенде 6-ай еңбек еткен тұлғалардың жұмыс өтілін анықтау жөніндегі аудандық комиссиясының;

-Наурызбай ауданы Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және қабылдау, оларға куәлік беру жөніндегі арнайы комиссиясының;

-Наурызбай ауданы бойынша он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш берген тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеруді жүргізу бойынша учаскелік комиссиясының.

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс және маслихат депутаттарының кезекті сайлауын өткізу аясында, бөлім террористік тұрғыдан осал объектілерді анықтау мақсатында құрылған жұмыс тобы құрамында, 2015 жылғы 30 наурызда Наурызбай ауданы әкімінің шешімімен бекітілген, Наурызбай ауданы аумағында құрылған сайлау учаскелерін тексеру жұмыстары жүргізілді.

Террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша мемлекеттік - құқықтық бөлім құзыретті мекемелермен бірлесе террористік тұрғыдан осал объектілерге зерттеу жүргізіп, басшыларына террористік тұрғыдан осал объектілерге қатысты талаптарды бұзу бойынша мәлімдеме таратты.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімі:

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп:

Алматы қаласы статистика департаментінің мәліметі бойынша аудан аймағында 856 кәсіпорын тіркелген, оның 849 – шағын, 5 – орта, 2 – ірі, 653 – жұмыс істейтіндер:

соның ішінде әлі жұмыс істемейтіндер (жаңалары) – 175,

белсенді – 224,

уақытша жұмыс істемейтіндер – 254,

таратылу процесінде – 3;

соның ішінде меншік нысандары және түрлері бойынша:

мемлекеттік – 13,

жеке – 828,

мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз) – 1,

бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен) – 13,

шетелдік – 15.

Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 2016 жылғы қаңтар-мамыр айларына қазіргі бағасында 995 млн. теңге соммасын құрады, 2016 жылдың қантар-мамыр айларында физикалық көлем индексі 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60,1 % құрады, қала бойынша көлемдегі ауданның үлесі – 0,35%.

Аудан бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі 3 млрд. 586 млн. теңге соммасын құрады, алдағы өткен жылғы сәйкес кезеңге 3,2 есе, қала бойынша көлемдегі ауданның үлесі – 2,3%, бөлшек сауда айналымының көлемі 227 млн. 700 мың. теңге құрады, алдағы өткен жылғы сәйкес кезеңге 47,2 %, көтерме сауда көлемі 201 млн. 100 тыс. тенге.

Есеп беру тоқсандығына «Кәсіпкерлер күні» акциясы аясында екі көшпелі жиналыс өткізілді. Аталған жиналыста «КДҚ «Даму» АҚ аймақтық филиалы және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерімен мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жолдарын түсіндіру жұмыстары жұргізілді. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің мамандарымен күнделікті түрде барлық мүдделі шағын және орта бизнес субъектілеріне кері байланыс арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Салық түсімдері:

Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметі бойынша 2016 жылғы 23 маусымдағы жағдайға сәйкес аудандағы салық түсімдерінің сомасы 2 млрд. 334 млн. 292 мың теңгені құрады. Ағымдағы жылдың жоспары 4 млрд. 173 млн. 292 мың теңге, жоспардың орындалуы 55,9 % құрады.

Олардың: республикалық бюждетке 893 млн. 981 мың теңге, жергілікті бюджетке 1 млрд. 440 млн. 311 мың теңге.

Кәсіпкерлікті тіркеусіз жүзеге асыратын және ауданға қайта тіркелмеген тұлғаларды анықтау бойынша бағытталған жұмыс жүргізілуде. Аудан әкімі аппаратының, аудандық ішкі істер басқармасының және мемлекеттік кірістер басқармасының арасында өзара әрекеттестік туралы жасалған меморандум аясында жүргізіліп жатқан бірлескен жұмыстардың нәтижесінде:

Тұрғын үйлерді жалға беретін 77 салық төлеуші жеке кәсіпкер ретінде есептік тіркеуге;

Жаңадан 12 768 жеке тұлға тіркелді;

Жаңадан 204 заңды тұлға, оның ішінде 106 қайта тіркелді;

Жаңадан тіркелген жеке кәсіпкерлердің жалпы саны 1 962, оның ішінде 1 728 қайта тіркелді.

Қорытындысында жаңадан 14 934 субъект тіркелді.

Алматы облысы Қарасай ауданының көлік құралдары бойынша уәкілетті органының тізіміне сәйкес, Алматы қаласына қайта тіркеуге жататын жалпы саны 9994 құрайтын көлік құралдарына қосымша талдау жүргізілді. Заңды түсіндірумен «Қазпочта» АҚ арқылы 4 673 салық төлеушіге хабарлама жіберілді. Қазіргі таңда Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 2082 көлік құралы тіркеуде.

Аталған көлік құралдарынан салық түсімдерінің күтілетін сомасы 100,0 млн. аса теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта ауданда тіркелген заңды тұлғалардың саны- 1 236, Жеке кәсіпкер- 3 716, жеке тұлғалар- 45 476.

Жаңа жұмыс орындарын ашу:

Жылдын басынан 391 жаңа жұмыс орны ашылды:

- өнеркәсіп- 7;

- сауда және қызмет көрсету саласында – 136;

-көлік және байланыс саласында – 20;

-білім беру саласында – 53;

- құрылыс саласында – 5;

-басқа салаларда -170.

Заңсыз (жабайы) саудамен күресу мақсатында белгіленбеген жерде Заңсыз (жабайы) сауда және ұсақ бөлшек сауда нысандарын жою бойынша аудандық комиссия құрылды, оның құрамына прокуратура органының, ІІБ, аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау, АЭҚ, аудандық ветеринарлық инспекция, экология бөлімі, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, ТЖ және мемлекеттік кірістер басқармалары, Алматы қаласы экология департаменті қызметкерлері кіреді.

Заңсыз (жабайы) сауданы жою бойынша жұмыстар барысында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 204 бабы бойынша жергілікті атқарушы орган белгілемеген жерде сауда жасағаны үшін 593 880 теңге соммасына 440 хаттама толтырылды. Белгіленбеген жерлердегі ұсақ бөлшек сауданың жыл басынан жойылған нысанының саны 10.



Инфляциялық үдерістер талдау:

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілу фактілерін болдырмау мақсатында тұрақты негізде ауданда орналасқан сауда кәсіпорындарына бару арқылы баға мониторингі жүргізілуде, сондай-ақ осындай фактілерді болдырмау үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік маңызы азық-түлік тауарларының бағаларын ұстау бойынша Наурызбай ауданы әкімі аппараты мен ауданның сауда кәсіпорындары арасында (базар, дүкен) және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарымен (ресторан,кафе) меморандумдар жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде, сонымен қатар жеткізушілер тарапынан бағалардың өсу жайттары бойынша жедел ақпарат беру үшін ол жерде жедел телефон желісінің нөмері көрсетілген. 28.06.2016 ж. жағдай бойынша 143 меморандум жасалды.

Күнделікті сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін 297-04-12 жедел телефон желісі жұмыс істейді және 28 маусымдағы жағдай бойынша арыз-шағымдар түспеді. Аталған жұмыс күнделікті бақылауда.

Аудан аумағында демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Алматы облысы Қарасай ауданы ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер қатысады. Есепті кезеңде 50 жәрмеңке өткізілді.

Инвестициялар тарту:

Қазіргі уақытта инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде және аудандағы жеке кәсіпкерлік нысандарымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі сұрағы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауыл шаруашылық жер учаскелерінің түгендеу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар «ҚазАгроФинанс» АҚ АФ желісі бойынша несиелеу және «Агробизнес-2020» бағдарламасына қатысу үшін ауыл шаруашылық жер иелерінің арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«ЖерҒӨО» РМК Алматы қалалық филиалы ақпараты бойынша Наурызбай ауданы аумағында «шаруа қожалығын жүргізу үшін», «тауарлы шаруа қожалығын жүргізу үшін» нысаналы мақсатындағы жалпы аумағы 2500 га-дан асатын 700-ден астам жер телімі бар. Оның ішінде бүгінгі таңда 303-ке жуық жер телімдерінің иелері Алматы қаласының шекарасына кіруіне байланысты сәйкестендіру құжаттарын қайта рәсімдеді.

Қазіргі уақытта, Таусамалы ықшамауданында ауданы 1,54 га жер учаскесінде бос тұрған ғимаратты қайта құру арқылы ТОО «Деметра» инвесторымен күнделікті шамамен 3 тоннаға дейін дайын өнімді өндіруге қабілетті ет өңдеу цехының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, «СПМК - 3» ЖШС тоқтап тұрған өнеркәсіп кәсіпорнының аумағында «Монолит Бетон Сервис» ЖШС жалға алу жолымен тауарлы бетон өндірісі және «Солитон +» ЖШС шағын пішінді сәулет бұйымдары өндірісі ашылды.

Алматы қаласының 2015-2019 жж. Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша қазіргі таңда Өңірлік координациялық кеңеспен 2 жоба мақұлданды.

Барлық құны 60 млн. тенге болатын және 25 жаңа жұмыс орнын ашатын, «Альянс» ЖШС – нің өндірістік-қоймалық ғимараттың құрылыс жұмыстары, оптикалық сымдар, жартылай сымдар, оптикалық және энергетикалық желілер үшін сплиттерлер және желілік темір арқаулар шығару бойынша қызметтегі өндірісті модернизациялау жобасы мақұлданды.

Сонымен бірге, барлық құны 300 млн. теңге болатын және 56 жаңа жұмыс орны ашылатын, «Деметра ПК» ЖШС-нің ет өнімдерін қайта өңдейтін цех құрылысы жобасы.

«Бизнестің жол картасы- 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында Алматы қаласы өңірлік координациялық кеңесімен сомасы 50 млн. теңге тіс емдеу қызметін көрсететін және жаңа 10 жұмыс орнын құратын «Дэди-С» ЖШС мақұлданды, сонымен бірге жалпы сомасы 3 млн. теңге пластик және полимер өндірісі бойынша «ЭКО» ЖК (инновациялық грант) жобасы.

«Жібек жолы» – Алматы қаласының шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын қаржыландырудың өңірлік бағдарламасы аясында 2 жоба мақұлданды.

1. «Денисова О.П.» ЖК айналым қаражатына 28 млн. 300 мың теңге көлемінде.

2. «Аюпова Н.В.» айналым қаржатына 5 млн. теңге.

Аталған бағытта бизнесті қолдаудың мемлекеттік құралдарын дәріптеу бойынша әкім аппаратымен бағытталған жұмыстар жүргізілуде, барлық мүдделі органдардың және кәсіпкерлердің қатысуымен көшпелі жиналыстар жүйелі түрде өткізілуде, жадынамалар және т.б. таратылуда.

Қоғамдық көлік:

Есептік кезеңде қоғамдық көлік бойынша аудан тұрғындарынан автобустардың қатарға жеткілікті мөлшерде шықпауы себебінен көптеген наразылықтар мен арыздар түсіп, осыған орай автобустардың аралық интервалдары 20-дан 25 минутке дейін созылды. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының берген түсініктемесіне сәйкес бірнеше тасымалдаушылар «Оңай» бірыңғай картасының енгізілуі себебінен маршрутта қызмет көрсетуден бас тартты. Қоғамдық көлік маршруттары интервалының сақталуын анықтау бойынша мониторинг барысында ауданда интервалдың сақталмауы №11, 22, 44 маршруттарда анықталды.

Сонымен қатар, жылдың басынан №4 маршрут Қарағайлы ықшамауданына дейін созылды (№192 мектеп). Аталған маршрутты созу Қарағайлы ықшамауданы тұрғындарын сапалы қоғамдық көлікпен қамтамасыз етуде, қазіргі таңда жоғарыда аталған маршрутқа қатысты тұрғындар тарапынан наразылықтар жоқ.

Сондай-ақ, Премьера ықшамауданы тұрғындарының көптеген өтініштері мен ұсыныстарының негізінде Премьера, Шұғыла ықшамауданы тұрғындарын қамтумен №137 маршрут Жайлау көшесіне дейін созылды.

Бұдан бөлек, Қарғалы және Рахат ықшамауданы тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамту мақсатында №104 маршрутты Кооптехникумға созу сұрағы қарастырылуда.
Әлеуметтік сала бөлімі:

Комиссиялар бойынша:

Іс-әрекетке қабілетсіз азаматтарды қамқорлыққа және қорғаншылыққа алу органымен 1 құжат қарастырылып, қорғаншылық тағайындалды;

Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеуді тіркеу комиссиясының 11 отырысы өткізіліп 30 азаматтың құжаттары қарастырылыды (30 - куәлік, 30 – бірыңғай жәрдем ақы төлеу);

1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында
6 айдан кем емес жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу бойынша Наурызбай ауданы әкімінің жанындағы арнайы комиссиясының 6 отырысында 12 адамның құжаттары қарастырылды;

Халықтың аз қамтылған қатарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша аудандық комиссияның 20 отырысы өткізілді, 199 құжат қаралып, жәрдемақы тағайындалды;

18 жасқа дейінгі балалары бар көп балалы аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға жәрдемақы төлеу бойынша комиссиясының
15 отырысы өткізіліп, 41 құжат қарастырылды;

Ведомствоаралық әлеуметтік маңызы бар ауруға қарсы және алдын алу жөніндегі комиссиясының 2- отрысы өткізілді.

Атқарылып жатқан жұмыстар 2016 жылғы жоспарға сәйкес жүргізілуде, комиссия отырысы өтініш түсуіне байланысты өткізіледі.

2016 жылғы 1 ақпаннан 6 ақпан аралығында өткізілген аудан әкімінің тұрғындармен кездесуінде 11 өтініш түсіп оның ішінде:

2 – қол жетімді тұрғын үй бағдарламасымен үйге есепке тұру;

2 – әлеуметтік көмек бойынша;

3 – жаңа балабақшаның, емхана және аурухананың ашылуы бойынша;

1 – тылда жұмыс істегендер статусын алу туралы;

1 – тұрғын үй көмегі бойынша;

1 – мекенжайға тіркелу бойынша;

1 – емханада ультра дыбыстық тексеру құрылғысын жоқтығы туралы;

Өтініш білдірген тұлғалардың екеуіне «1000 мейірімді іс» акциясы аясында, жетуіне ҚР заңының аясында, тағыда екі тұлғаның өтініші Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясына қайта жолданды.

Жылдың басынан бастап «1000 мейірімді іс» акциясы аясында, азық-түлік жинағы, емдеу – сауықтыру шипажайына жолдама, тегін дәрі-дәрмек және медицина мекемелерінен тексерістен өтуге сертификат, киім-кешек, кеңсе тауарлары мектеп жасындағы балаларға, қайырымдылық ас, көмір сияқты әлеуметтік көмек 172 мұқтаж азаматтарға көмек көрсетілді.

2016 жылғы 15 қаңтар күні Наурызбай ауданы әкімінің аппараты аудандық ақсақалдар алқасымен бірге Ақжар ш/а №186 мектепте, «Әскери – патриоттық, құқықтық, жастарды рухъани дағдылау жұмысы бойынша Азаматтық форум» өтті.

2016 жылғы 5 ақпан күні Алматы қаласы әкімі аппаратының қолдауымен 6 тұрғынына (3 зейнеткер, 2 тылда жұмыс істеген, 1 «Алтын алқа» иегері) 2 – 12 мамыр аралығында «Қазақстан» шипажайына демалуға жолдама берілді.

2016 жылғы 9 ақпан күні Алматы қаласы әкімінің қолдауымен


4 тұрғынға азық – түлік жинағы таратылды.

2016 жылғы 10 ақпан күні 50 ақсақалдар алқасы мүшелерімен аз қамтылған зейнеткерлерге «Байтерек» мейрамханасында қайырымдылық асы берілді.

2016 жылғы 11-12 ақпан күндері «Шұғыла» 12 тұрғынға оның ішінде:мүгедек, жалғыз тұратын зейнеткер, аз қамтылған соғыс және тылда жұмыс істеген ардагерлерге көмір, азық – түлік жинағы, кеңсе тауарлары таратылды. Көрсетілген іс – шараға «Алматы» ТК және «Алматы ақшамы» газеті қатысты.

2016 жылғы 17 ақпан күні аудан әкімі аппараты ұйымдастыруымен «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Наурызбай ауданы Ақсақалдар алқасының төрағасы М. Каркенов «Құрмет» төс белгісімен мараппатталды.

2016 жылғы 18 ақпан күні Наурызбай ауданы әкімінің аппараты қызметкерлері №188 жалпы білім беру мектебімен бірге (Таусамалы ш/а) «Біз – Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты әскери – патриоттық семинар өткізілді, сондай – ақ, ҚР Тәуелсіздігінің 25 – жылдығы мерейтойына орай, аудандық мектептерде 8 Ауған соғысы ардагерлеріне арналған іс – шара өткізіп, естелік сыйлықтар және азық – түлік жинағы таратылды.

2016 жылғы 19 ақпан күні Алматы қаласы әкімінің қолдауымен 4 аудан тұрғына (көпбалалы, жалғыз тұратын зейнеткер, 2 ауған соғысы мүгедегі) 5000 теңге көлеміде медициналық мекемелерден тегін тексерістен өтуге сертификат берілді.

Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні №7 ҚКА мәжіліс залында Наурызбай ауданы әкімінің келесі сұрақ бойынша жұмыс жиналысы өткізілді:


  1. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы және 2016 жылғы Алматы қаласы дамыту бағдарламасын Наурызбай ауданында жүзеге асырылуы;

  2. «Кәсіпорындарда жұмыскерлердің алдында бершегі (қарыз) болдырмау».

Жиналысқа Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары – Ш.Ақбергенова, аймақтық кәсіподақ бірлестігінің заңгері – А.Бақаев, аудандық құрылымдық бөлімшелерінің және кәсіпкерлер, сондай – ақ, «Алматы» ТК, «Алматы ақшамы» гәзетінің өкілдері қатысты.

2016 жылғы 19 наурыз күні Наурызбай аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында «1000 мейрімді іс» акциясы аясында «Наурыз» мейрамымен тұрғындарды оның ішінде: тылда жұмыс істеген ардагерлер, азқамтылған, көпбалалы жанұя, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерді құттықтау ұйымдастырылды. Шақырылған 20 адамға, аудан әкімі атынан азық – түлік жинағы және естелік сыйлықтары таратылды. Көрсетілген іс –шара туралы басылым «Алматы ақшамы» гәзетіне жарияланды.

Ағымдағы жылдың 19 – 24 наурыз аралығында 23 жүре алмайтын зейнеткерлер мен мүгедектердің және 100 жастан асқан ұзақ өмір сүруші қарияларға азық – түлік жинағымен ақшалай конверт сыйланды. «Хабар» ТК түсірілім жасалынды.

2016 жылғы 22 сәуір Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Ж. Кужамбериеваның төрағалымен «Көші – қон арасында жұқпалы ауру туберкулездің алдын алу бойынша» жұмыс жиналысы өткізілді.

2016 жылғы 27 сәуір Чернобыл атом электростанциясы жарылысының 30 – жылдығына орай қатысушыларын Наурызбай ауданы әкімінің қабылдауы ұйымдастырылды.

2016 жылғы 3-11 мамыр аралығында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 71-жылдығы аясында 700 ардагерге қайырымдылық түскі ас беріліп, медицина мекемелерінде ашық есік күні, мектептерде ашық сабақтар, сынып сағаттары, ардагерлерді мекепт оқушылармен кездесулері өткізілді.

2016 жылғы 3-10 мамыр аралығында ауданның құрылымдық бөлімшелер және әлеуметтік қызметкерлермен 315 жүре алмайтын, 90 жастан және 100 жастан асқан ардагерлермен, ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне, жалғыз тұратын зейнеткерлермен ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің жесірлеріне азық –түлік жимнағы қан қысымын өлшейтін құрылғы (тонометр) таратылды.

2016 жылғы 9 мамыр күні Наурызбай ауданы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 71-жылдығын аталып өтті. 200 ардагерге дастархан жайылып, концерттік қойылым көрсетілді.

2016 жылғы 20-21 мамыр күндері Алматы қаласының мың жылдығы аясында ұйымдастырылған «1000 мейірімді іс» қайырымды іс акциясында №1 қалалық клиникалық ауруханада «Донор күні» өткізілді, 100 адам өз еріктерімен қан тапсыруға келіп, оның 78-іне қан алынды. Қан тапсырушылардың барлығы АИТВ жұқпалы инфекциясына, В, С гепатитіне тексерілді.

2016 жылғы 20 - 23 маусым аралығында «Алматы қаласы салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығымен бірге ауданның шағынаудандарында (Қарағайлы, Қалқаман, Таусамалы және Ақжар) семинар өткізіліп, 428 тұрғын қатысты.

2016 жылғы 29 маусым 1 шілде аралығында жеке медициналық мекемелер мен стоматологиялық орталықтарда «Ашық есік күндері» өткізілді.

2016 жылғы 29 маусымнан 1 шілде аралығында Наурызбай ауданы әкімі аппараты Қызыл ай қоғамымен бірлесіп, 200 отбасыға (1000 адам) аз қамтылған, көп балалы, жалғыз тұратын мүгедектер мен зейнеткерлерге қайырымдылық көмек көрсетілді.

Жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгдектер үшін үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 10 әлеуметтік қызметкер және 1 меңгеруші жұмыс істейді. Бөлімшеде 54 адам есепке алынған, оның ішінде:


  • Зейнеткерлер саны – 24;

  • ҰОС қатысушылар – 2;

  • ҰОС мүгедектері – 2;

  • Тылда жұмыс істеген ардагерлер – 16;

  • Мүгедектер – 10;

  • ҰОС қатысушысының жесірі – 1;

  • Қайтыс болған ауған соғысының анасы – 1.

Ауданда келесідей әлеуметтік қорғалмаған тұрғындардың мұқтаждарын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнде келесідей халық нысандары анықталып отыр:



  • Жәрдемақы және зейнетақы алушылардың жалпы саны – 11 268, оның ішінде: 5 482 жәрдемақы алушы, 5 786 жасы бойынша зейнетақы алушы;

  • ҰОС қатысушылар және мүгедектері – 11;

  • ҰОС қатысушыларымен мүгедектеріне теңестірушілері – 112;

  • Тылда жұмыс істеген ардагерлер – 366;

  • 1, 2, 3 топтағы мүгедектер – 1245;

  • Мүгедек балалар – 210;

  • Ордендер және медальдармен марапатталған аналар саны – 355;

  • Көпбалалы отбасылар саны – 638;

Жұмыспен қамту бойынша атқарылған жұмыстар:

Аудандық жұмыспен қамту орталығы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» және «Алматы қаласы аумағын дамыту» бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша қызмет атқарады.

Жыл басынан аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына 680 адам жұмыссыз ретінде тіркеуге алынды.

Тұрақты жұмыс орына берілген 700 адамды жоспарға сәйкес, 454 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына (мемлекттік бюджет) 33 – адамды жіберу жоспарланып, I жарты жылдықта 32 адам жіберілді. 4 млн. 856 мың теңге бөлініп, 3 млн. 912 387 теңгесі игеріліп отыр.

Әлеуметтік жұмыс орындарына (жергілікті бюджет) 11 – адамды жіберу жоспарланып, I тоқсанда 10 – адам жіберіліп отыр. Бөлінген 3 млн. 805 мың теңгенің 680 мың 729 теңгесі игерілді.

Жастар тәжірибесіне 26 адам жіберу жоспарланып, 29 жас түлектер тәжірибе жинақтауға жіберіліп, 1 жылға бөлінген 6 млн. 941 мың теңгенің
4 млн. 349 мың 140 теңгесі игерілді.

Тұрақты жұмыс орындарына 700 адам жіберу жоспарланып, 191 адам жіберіліп отыр.



«Жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы төмен тұрғындарды қайта оқыту, жұмысқа орналасуға көмектесу және өз ісін ұйымдастыру арқылы, жұмыспен нәтижелі қамтылуына жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларына тарту, түсіндіру жұмыстары атқарылуда.

Оқыту курстары бойынша:

Кәсіби даярлау курсына жоспар бойынша 3 адам жіберу жоспарланып, 2015жылда жіберілген 3 адам оқуларын жалғастыруда. Қайта даярлау курстарына жоспар бойынша 12 адам, біліктілігін арттыру бойынша 2 адам жіберу жоспарланып, I жарты жылдыққа оқыту курстарына жіберілмеді.



Денсаулық сақтау:

Қазақстан Республикасы «Денсаулық» 2016-2020 жылғы денсаулық сақтауды дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында 2016 жылдың 1 жарты жылдығында Наурызбай ауданы АМБ – мен ауданда және Алматы қаласында тұрғындарына медициналық көмек беруді жетілдіруге бағытталған жұмыстар атқарылды.

№1 ҚКА жыл басынан 11 577 емделуші түсіп, оның 11 332 емделіп шықты.

№7 ҚКА жыл басынан 12 185 емделуші түсіп, оның 12 185 емделіп шықты.

№26 ҚЕ – 31 507 адам тіркелген. Профилактикалық терсеру жоспарының 75 % орындалды.

№27 ҚЕ – барлығы 17 053 тұрғын тіркелген. Тұрғындарға медициналық көмекті жалпы тәжірибе дәрігері көрсетуде, 8 участкеге. Профилактикалық терсерудің жалпы жоспары бойынша 75,9% орындалды.

Әлеуметтік маңызды ауруларға қатысты, қатерден сақтау үшін тұрғындарды хабардар ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Дәрі – дәрмекке мұқтаж адамдар №26 және 27 ҚЕ дәріханасы арқылы қамтамасыз етілуде.

Қалқаман дәрігерлік амбулаториясы (№18 ҚЕ филиалы)

Бүгінгі күнде қызмет көрсетілетін тұрғындардың саны – 19 422 адамды құрайды, оның – 10 619 ересектер, 674 – жас жеткіншектер, 7476 – балалар. Барлығы емханаларда «Салауатты өмір салты» тақырыбы бойынша акциялар, ашық есік күндері, семинарлар, дөңгелек үстелдер, спорттық іс – шаралар, денсаулық мектебі т.б. Барлығы – 8595 адам қамтылды.

Жәрдемақы төлеу бойынша көрсетілетін көмек:

Жыл басынан әлеуметтік көмек және жәрдемақы алу бойынша 390 тұлға өтініш білдіріп, қазірге таңда 5 млн. 83 мың 745 теңге көлемінде жәрдемақы төленді. Оның ішінде:

18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы: 81 адам, 677 мың 537 тенге;

Арнаулы әлеуметтік көмек 15 адам, 158 мың 622 теңге;

Тұрғын үй көмегі 27 адам, 272 мың 647 теңге;

Мүгедек балады оқыту жәрдемақысы – 15 бала, 388 мың 274 теңге;

5,5 АЕК – 13 адам, 860 мың 101 тенге;

7 АЕК – 128 адам, 1 млн.898 мың 295 тенге;

7,5 АЕК – 55 адам, 828 мың теңге;

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау:

Мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды жеке көмекшілермен, және санитарлық гигиеналық, көмекші тағы басқа да құралдармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша аудандық бөлімге жыл басына 390 адам мүмкіншілігі шектеулі азаматтар келіп 269 адам қамтамасыз етілді. Оның ішінде: -жүріп - тұруы қиын бірінші топтағы мүгедетерді жеке көмекшілердің көмегімен қамтамасыз ету бойынша 48 мүгедектерден құжаттар қабылданып, 47 адамға жеке көмекші тағайындалды.

-Кресло-арбамен қамтамасыз ету үшін 20 адамнан құжат қабылданды, 6 адам қамтамасыз етілді;

-Санаторий-курортық емдеуге - 142 адамнан құжат қабылданып, 43 адам қамтамасыз етілді;

-Тифлотехникалақ құралдармен 4 адамнан құжаттар қабылданып, 2 адам қамтамасыз етілді.

-Сурдотехникалақ құралдармен 15 адамнан құжаттар қабылданып, 10 адам қамтамасыз етілді.

-Протезді-ортопедиялық орталыққа 48 адамнан құжат қабылданып, 47 адам қамтамасыз етілді..

-Санитарлық гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге 77 адамнан құжат қабылданып, 75 адам қамтамасыз етілді.

-Жеке көмекші тағайындау бойынша 58 адамнан құжат қабылданып, 52 адамға жеке көмекші тағайындалды.
Аудан зейнеткерлері мен ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету бойынша:

Аудандық ардагерлер алқасы арқылы 2016 жылғы 6 ай көлемінде демеушілердің қолдауы мен бірнеше аудан ақсақалдары мен зейнеткерлеріне келесідей көмек көрсетеді:

2 адамға үйін жөндеу жұмыстары 100 мың теңге көлемінде;

3 адамды отынмен қамтамасыз ету, 70 мың теңге көлемінде;

12 адамға коммуналдық шығындарын өтеуге көмек көрсету, 112 мың теңге көлемінде;

130 адамға 10% жеңілдікпен дәріханалардан дәрі-дәрмектер алуға көмек;

230 адамға 10% жеңілдікпен азық-түлік алуға көмек;

230 адамға тегін кинотеатрмен көрмелерге баруға көмек;


Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі:

Наурызбай ауданы әкімі орынбасарының 2016 жылға бекіткен жоспарына сәйкес 2 тоқсанда мәдени, спорттық, қайырымдылық және т.б. әртүрлі шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

18 сәуір күні Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай №192 ЖББМ ауласындағы «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» ескерткішінің жанында салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиынға қатысушы оқушылар ескерткіш туралы жүргізушінің сұрақтарына жауап беріп, соғыс жылдарындағы ән-жырларды орындады.

Салтанатты жиын соңында ата-аналар мен балалар, ұстаздар қауымы ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойып, осынау ұланбайтақ жеріміз бен бақытты бейбіт өмірімізді қорғап қалған жауынгер солдаттарды бір минут үнсіздікпен еске алып, мәңгілік бас иіп, тағзым етті.

21 сәуір күні Наурызбай ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» дәстүрлі республикалық жарысының 2016 жылға бекітілген регламентіне сәйкес, аталған жарыстың аудандық іріктеу кезеңін (ІІ кезең) Әуезов ауданында орналасқан Мамандандырылған жоғары спорттық шеберлік мектебінде ұйымдастырды. Жарыс салтанатты түрде аудан әкімінің орынбасары Б. Пірәлиевтің алғы сөзімен басталды. Артынан жеребе рәсімі орындалып, қатысушы 13 палуан өз қарсыластарын тапты. Жарыстың нәтижесі бойынша, 3 орынға Абушахман Бекарыс ие болды. Ал


2 орынға Демьяненко Виктор, 1 орынды Сайлаубаев Жайдар қанжығасына байлады. Жеңімпаздар аудан әкімінің атынан бағалы сыйлықтар, мадақтамалар және төсбелгілермен марапатталды.

28 сәуір күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығы және Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналып №176 мектеп-гимназиясында мектеп оқушылары арасында «Достық-біздің тірегіміз» атты аудандық байқау өтті.

Аудан әкімі орынбасарының бекіткен ережесі бойынша аудан мектептеріне 6 ұлттың, атап айтқанда қазақ, өзбек, орыс, түрік, қытай, әзірбайжан ұлттарын өзара жеребе тастау арқылы таңдап алып, байқау ережелеріне сай сайысқа түсті. Байқау «Менің елім...», «Өнерлі өрге жүзер» және «Ас мәзірі» деп аталатын үш кезеңнен тұрды.

Нәтижесінде 1 орынға қазақ ұлты таңдауы түскен №176 мектеп-гимназиясы, 2 орынға әзірбайжан ұлтымен №186 жалпы білім беретін мектеп командасы ие болып, 3 орынды қытай халқының өнерімен шыққан №157 жалпы білім беретін мектеп сайыскерлері бөлісті.

Жеңімпаздар мен қатысушылар Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің «Мақтау қағазы» және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі Наурызбай ауданы тұрғындары мен қонақтары үшін №188 жалпы білім беретін мектеп алаңында аталып өтті.

Мереке барысында аудан әкімі 6 көпбалалы аналарға «Алтын және Күміс алқа» төс белгілерін салтанатты түрде табыстады.

Келесіде жиналған жұрт назарына Қазақстан эстрада жұлдыздары және шығармашылық топтардың қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

Сондай-ақ, айтулы мерекеге орай мектеп оқушылары арасында «Достық-біздің тірегіміз» аудандық байқауының жеңімпаздары мараппатталып, өз өнерлерін көрсетті.

2 мамыр күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «Алматы Барысы-2016» турнирі өтті. Турнирге Алматы қаласының 8 ауданынан 24 балуан қатысты.

Наурызбай ауданының намысын Қазақ күресінен және дзюдодан спорт шеберіне үміткер 18 жастағы Бекарыс Әбушахман (90 кг), қазақ күресінен спорт шебері, самбодан спорт шебері 32 жасар Жайдар Сайлаубаев (95 кг) және дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері 25 жастағы Виктор Демьяненко (105 кг) сынды балуандар қорғады.

Ақтық сында дзюдодан 2014 жылғы Қазақстан чемпионы, Наурызбай ауданының балуаны Виктор Демьяненко 1-ші орынға және қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер, жастар арасындағы 2013 жылғы чемпионатының жүлдегері Түрксіб ауданының өкілі Бауыржан Қабай 2-ші орынға ие болды.

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесі аудандағы №2027 әскери бөлімінің аумағында аталып өтті.

Шара барысында өз саласында еңбек етіп, адал қызмет атқарып жүрген азаматтар әскери бөлімі командирінің алғыс хаттары және төс белгілермен марапатталды.

Салтанатты жиын елімізге танымал өнер жұлдыздарының мерекелік концертіне ұластырылды.

9 мамыр күні Наурызбай ауданы Ұлы Жеңіс күніне 71 жыл толу мерекесін салтанатпен атап өтті.

Салтанатты шараның бірінші бөлімінде аудан әкімі аппараты кешенінің алдындағы ескерткіш тақтаға гүл шоқтары құрметпен қойылды.

Наурызбай ауданы әкімі, аудандық ақсақалдар алқасы және Ұлы Отан соғысы ардагерлері, Ауған соғысының ардагерлері және аудан жастарының атынан ескерткішке гүл себеттері қойылды. Гүл шоқтарынан кейін,  Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан қаһармандарға бір минуттық үнсіздік жарияланды. 

Аудан әкімінің құттықтау сөзінен кейін,  №188 мектептің Жас ұландары №2027 әскери бөлімшесінің жауынгерлерімен марштық шеру жасап, концерттік бағдарламамен Жеңіс күні мерекесі өз жалғасын тапты.

  Концерттік бағдарламада Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театры «Ай мен Айша» атты соғыс жылдарындағы театрландырылған көрінісін көрсетіп, көрермендер мен ардагерлерді әсерге бөледі.

200 ардагерге арнайы шатыр астында әскери нақышта «Жорық асы» ұйымдастырылып, дастарханнан дәм берілді.

14 мамыр күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойы қарсаңында және мамыр айы мерекелеріне орай «Ақбастау» спорттық-сауықтыру пансионатында Наурызбай ауданының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында аудан әкімінің қубогы үшін шағын футболдан жарыс өткізілді.

Жарысқа аудан әкімінің аппараты, ішкі істер басқармасы, мемлекеттік кірістер басқармасы, халыққа қызмет көрсету орталығы, төтенше жағдайлар бөлімшесі, жылжымайтын мүлік орталығы, аудандық электр жүйесі, білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінен құралған 9 команда қатысты.

Әкім кубогы жарысының қорытындысы бойынша 1 орынға жылжымайтын мүлік орталығы, 2 орынға аудан әкімінің аппараты, ал 3 орынға білім беру саласының қызметкерлері ие болды.

Жүлделі орын иегерлеріне аудан әкімінің «Мадақтама қағаздары» мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.

21 мамыр күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл, Алматы қаласына 1000 жыл мерекелерінің аясында және Балаларды қорғау күні мерекесіне орай Наурызбай ауданы әкімінің аппараты 2000-2004 жылғы жасөспірімдер арасында еркін күрестен республикалық турнир ұйымдастырды. Қазақстан Республикасының әр түрлі қалаларынан 14 салмақтық дәреже бойынша 26 команда, оның ішінде 260 жуық жас күресшілер қатысты. Жарыс №176 мектеп-гимназиясының спорттық залында өткізілді. Таңғы 8.00 уақытында жарыс аудан әкімінің орынбасары Б. Пірәлиевтің салтанатты сөзімен ашылды. Алғы сөзден кейін, жасөпірімдердің күресі кешкі 20.00-ге дейін жалғасты. Жарыстың нәтижесінде жеңімпаздар мен сыйлы орын иегерелері аудан әкімінің атынан бағалы сыйлықтар, мадақтамалар және төсбелгілерімен марапатталды.

25 мамыр күні ауданның барлық мектептерінде «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын өтті. Аудан басшысының алдын ала бекітілген жоспар-тапсырмасына сәйкес, салтанатты жиынға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен ақсақалдар алқасы қатысып, баршаны оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

Бұл күні Наурызбай ауданының 6 мемлекеттік, 4 жеке меншік,


1 мектеп-интернаты және Назарбаев зияткерлік мектебінде соңғы қоңырау үні сыңғырлады.

Биылғы 2015-2016 оқу жылында 308 бала мектеп бітіргелі тұр. Оның 270 ұлттық біріңғай тестілеу тапсырады. 12 бала «Алтын белгі» төс белгісіне ал, 1 түлек үздік аттестатқа үміткер.

31 мамыр күні 60 мүмкіндігі шектеулі, көп балалаы және аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға АРТиШОК театрының ертегі қуыршақтар қойылымы және Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Алдар көсе» қойылымын тамашалау ұйымдастырылып, қайырымдылық шарасы өткізілді.

1 маусым күні «Алатау» емдеу-сауықтыру шипажайында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Мерекелік думан барысында 7-8 сынып оқушылары арасынан 30 оқушының қатысуымен флеш-моб акциясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Тамшылар» балалар шығармашылық орталығының жас өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама жиналған жұртшылықтың назарына ұсынылды.

Сонымен қоса, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған асфальтқа сурет салудан балалар арасында байқау өткізіліп, мерекелік думанға келген барша балаларға тегін балмұздақ пен тәтті мақта таратылып, аудан әкімі атынан 300-ге жуық балаларға базарлық тарту етілді.

1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі күніне орай Наурызбай ауданының «Таусамалы» шағынауданы, Рысқұлов көшесі-86 «а» үй ауласында жаңа балалар-спорттық алаңының салтанатты ашылуы өтті. Аталған алаң «Жаңа Алатау» қоғамдық қорының қайырымдылық акциясы аясында іске асырылды.

Сондай-ақ, «Жаңа Алатау» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов, «Дорстрой-2» ЖШС директоры А.А.Голованенко және аудан тұрғынындары да құттықтап, аталмыш алаңның салынуына мол үлесін қосқан «Қазақстан халық банкі» және №50 жалпы білім беретін мектепке қоғамдық қорының атынан «Алғыс хаттар» құрметпен табысталды.

Салтанатты бөлімнен кейін жиналған балалар арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаз және қатысушы командалар мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтармен марапатталып, мереке күні жүздері балбұл жанған аудан балалары мәре-сәре күйге бөленді.

2 маусым күні Қалқаман шағын ауданының Әуезов көшесі-3 мекенжайында  жаңа балалар-спорттық алаңы салтанатты түрде ашылды.

«Қазкоммерцбанктің» бас акционері, кәсіпкер әрі меценат Кеңес Ракишев балалар-спорттық кешенінің құрылысын қаржыландырып, балаларға қамқорлық көрсетті.

Балалар ойын алаңының ашылуына қала әкімінің орынбасары Е.М. Әукенов, аудан әкімі С.Т.Сайфеденов және «Қазкоммерцбанктің» бас акционері К.Ракишев арнайы қатысып, аудан тұрғындарын құттықтап, лентасын қиып, балалар-спорт алаңының салтанатты түрде тұсауын кесті.

Жаңа алаңда балалар үшін түрлі әткеншектер мен сырғанақтар т.б. ал ересектер үшін Қазақстанда жасалған отандық жаттығу құрылғылары, футбол әуесқойлары үшін жарықтандырылатын жасанды көк алаң барлық тұрғындар үшін іске қосылып берілді.

  3 маусым күні Алматы оқушылар сарайында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының үздік отбасыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Алматы қаласының сегіз ауданынан 32 отбасы конкурсқа қатысу туралы өтініш білдіріп, оның 16-сы Алматы қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерінің қорытындысымен ең үздік атанды.

16 отбасы ішінен Наурызбай ауданынан Елубаевтар және Бостандық ауданынан Жиенбаевтар «Ең үздік мерейлі отбасы» деп танылып, қазан айында Астана қаласында өтетін Республикалық байқауға жолдама алды.

Жеңімпаз отбасылар аудан және қала әкімінің мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

7 маусым күні  Таусамалы шағын ауданы, Молдағұлова көшесі- 28 «а» мекенжайында жаңа балалар-спорттық алаңының тұсау кесері болып өтті.

Бұл спорт алаңы «Жаңа Алатау» қоғамдық қорының қайырымдылық акциясы аясында салынған алаң. Аталмыш алаңның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Б.Пірәлиев, «Жаңа Алатау» қоғамдық қорының атқарушы директоры А.Балабеков, «Дорстрой» ЖШС-нің директоры А.Голованенко қатысты.

Сонымен қатар Таусамалы шағын ауданы тұрғындарының жасөспірімдері аудан әкімі мен "Жаңа Алатау" қоры ұжымына ризашылықпен ән–жырларын жолдап, бақытты балалық қуаныштарымен бөлісті.

Ал «Жаңа Алатау» қоғамдық қоры түрлі сыйлықтарын таратып, балдырған балаларға қос-қос қуаныш силады.

13 маусым күні ауданымыздың 56 баласы «Жас үйқұрылысшы» балалар сауықтыру орталығына 1 аптаға жіберілді. Оның ішінде аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан және жетім балалар да бар.

15 маусым күні №1 қалалық клиникалық ауруханада медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі өтті. Мерекелік шара барысында аудан басшысы денсаулық саласына сіңірген орасан зор еңбегі үшін және өз ісіне деген адалдығы үшін бірқатар медициналық мекемелердің қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады.

Ақ халатты абзал жандарға арналған салтанатты мерекелік шара одан әрі Бақыт Шадаева, Нұрлан Еспанов сынды эстрада жұлдыздары мен бесаспап дәрігер қызметкерлердің өздерінің қатысуымен концерттік бағдарламаға ұластырылып, игілікті шара көптеген көрерменнің көңілінен шығып, өз бағасын алды. 

17 маусым күні аудан мектептерінің бітіруші жас түлектеріне салтанатпен аттестат табысталды.

Аталған іс-шараларға аудан әкімі аппараты тарапынан арнайы қызметкерлер бөлініп, мектеп бітіруші түлектерді аудан әкімінің атынан құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетерлігі, Республикалық ғылыми олимпиадаларда Наурызбай ауданынан 63 оқушы қатысып, олардың 23-і жүлдегер атанды. Халықаралық олимпиадаларда 5 оқушымыз жүлделі орындарға ие болды.

Сонымен қатар, «Алтын белгіге» үміткер 15 оқушының 13-і өз дәрежесін қорғап, үлкен өмір жолына қадам басты.

22 маусым күні «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»,
«Алматы қаласына 1000 жыл» және «Медицина қызметкерлері күні» мерекесіне орай, Наурызбай ауданында орналақан №1 қалалық клиникалық ауруханасында медицина қызметкерлері арасында шахматтан аудандық жарыс ұйымдастырылып өткізілді.

Жарысқа аудан аумағында орналақан медицина мекемелерінен


8 қызметкер қатысты. Қорытынды нәтижесінде 3-ші орынды №1 ҚКА қызметкері Жанайдаров Ж., 2-ші орынды патолого- анатомиялық бюроның қызметкері Парменов Н. иеленді, ал 1-ші орынды қанжығасына байлаған №1 ҚКА қызметкері Байжанов Қ.

Жарыстың жеңімпаздары аудан әкімінің алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

23 маусым күні Наурызбай ауданы Ішкі істер басқармасының аумағында Қазақстан полициясы күні кәсіби мерекесі аталып өтті.

Аудан әкімі өз жұмысының нәтижесін жоғары дәрежеде көрсеткен полиция қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлықтар табыстады.

26 маусым күні Рахат шағын ауданы Әйтеке би көшесі, 17 үй мекенжайында қажетті құралдармен жабдықталған балаларға арналған жаңа ойын алаңының салтанатты ашылуы өтті.

Салтанатты лента қию рәсімі аяқталғаннан кейін, ұйымшыл тұрғындардың өздері дайындаған ән, би мен көріністері тамашаланды. Жас әнші, бишілерге «Жаңа Алатау» қоғамдық қоры шағын сыйлықтар табыстады.

29 маусым күні  Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарының хабардарлығын арттыру бойынша іс-шаралар кешенін іске асыру» бағдарламасына орай аудан тұрғындарына құқықтық және заңнамалық мәселелер бойынша ұялы кеңестер беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ХҚКО-на келушілер бала асырап алу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, ажырасу бойынша iс жүргiзу және мүлікті бөлу мәселелері туралы кеңес алды. Кеңес беру көмегі 20-ға жуық адамға көрсетілді, 100-ден астам адамға кез келген сұраққа кеңес алу үшін, аудан қызметтерінің телефондары жазылған бүктеме парақтары таратылды.

  Қоғамдық қабылдау жұмысына Наурызбай ауданы бойынша ІІБ қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция қызметкері және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша аумақтық инспектор, сондай-ақ Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері атсалысты.
Азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімі:

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстары мен сұрақтар үнемі бақылауда. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі 9 түрлер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

01.04.2016 ж. - 25.06.2016 ж. аралығы бойынша АХАТ бөлімі келесі мемлекеттік қызметтерді көрсеткен:

1. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 9;

2. Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері

жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 82;

3. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру бойынша – 1;

4. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру бойынша – 35;

5. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық

хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 110;

6. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 36;

7. Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 713;



8. Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 62;

9. Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 0.

Барлығы 2016 жылдың 2 тоқсанында мемлеттік қызметті алған адамдар саны – 1048 адам.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу анықталмаған.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар анықталмаған.

Персоналды басқару қызметі:

Ауданда кадр саясатын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызмет туралы саясатына сәйкес нақты іс шаралар жүргізілді.

2016 жылдың 28 маусымында мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 40 адамды құрап отыр, оның ішінде - 10 бос орын, нақты жұмыс істейтіндер саны – 30, оның ішінде - 10 әйел. Аудандағы мемлекеттік қызметшілердің жалпы санынан 1 саяси қызметкер, 29 әкімшілік. Ұлттық құрам бойынша: қазақ-29, румын-1. Мемлекеттік қызметке орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Еңбек және орындаушылық тәртіпті нығайтуға жиі көңіл бөлінеді. Қажет болған жағдайда аппаратта тәртіптік жаза қолданылады


Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі:

Наурызбай ауданы әкімі аппаратына есептік кезеңде 1094 кіріс хат-хабар келіп түсті, оның ішінде: 13-заңды тұлғадан; 274–жеке тұлғадан; 644 – қызметтік, 75-директивті, 88-ұйымдастыру құжаттары. Шығыс құжаттары – 1704, оның ішінде: 13–заңды тұлғадан; 274–жеке тұлғадан; 599– қызметтік, 77 - ұйымдастыру құжаттары, бастамашыл –741. Жалпы құжат айналым – 2798 құжатты құрайды.

Бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі аппаратының басшылығы жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды өткізеді.

Есептік кезеңде аудан әкімі мен әкім орынбасарларының қабылдауында 113 адам болды. Қабылдауда көтерілген мәселелердің негізгі бөлімі: коммуналдық-шаруашылық және көріктендіру мәселелері – 61; кәсіпкерлік қызмет – 2; қоғамдық көлік-4, әлеуметтік мәселелер –17, жер мәселесіне қатысты-13, спорт және мәдениет, білім саласы-2, тағы басқа-14. Оның ішінде 14 мәселе оң шешілді, 75-не түсінік берілді және 24 басқа ұйымдардың қарастыруына жіберілді.



Наурызбай ауданы әкімінің қабылдаған өкімдері: жеке құрам бойынша 33, негізгі қызмет бойынша 23.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет