1. Халықаралық жария құқық Халықаралық жүйенің түсінігі және оның құрамдас бөліктері. Халықаралық құқықтың кодификациясы және прогрессивті дамуы


Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары



бет7/23
Дата04.10.2022
өлшемі73,83 Kb.
#151643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
ГОС

7. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
Қағидалар дегенiмiз - қандай да бiр жүйенiң негiзiн қалайтын идеялар, нақты жүйенiң барлық нормалары бағынатын, әрекетi көлемдi нормалар болып табылады.
Халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары - халықаралық құқықтың өзiнiң пайда болуы кезеңiмен сәйкес келмейтiн санатқа жатады. Мұндай сипаттағы қағидалар осы құқық дамуының белгiлi бiр сатысында пайда болады. Халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары - бұл халықаралық- құқықтық салада болып жатқан түбегейлi өзгерiстердi айқын бейнелейтiн негiзгi бастаулар. Халықаралық құқықтың қағидалары оның басты ережелерi болып табылады, оның халықаралық-құқықтың толық нормалары мен арақатысын заңдағы нормалардың конституциялық қағидаларының арақатысымен салыстыруға болады.
Халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары - өзiндiк сипаттамасы бар дербес құқықтық санатқа жатады. Бiрiншiден, қағидалар барлық құқықтық жүйеге таралады. Екiншiден, - олар мiндеттi (императивтi) сипатта jus cogens. Үшiншiден, қағидаларға жүйе құраушы рөл сипаты тән. Төртiншiден, қағидаларға заңдылық критерийi тән болады.
Халықаралық құқықта қағидалардың екi түрлi санаты бар: Жалпы, негiзгi қағидалар; және тар мағынадағы тәртiп ережелерiн бекiтетiн арнаулы қағидалар.
Қазiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары, ең бiрiншiден Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекiтiлген. Бiрақ, БҰҰ Жарғысы халықаралық құқық қағидаларын тұжырымдау жөнiнде арнайы мақсатты көздемегендiктен, олардың кейбiреулерi өте қысқа мазмұндалған. Сондықтан, бiрқатар мемлекеттердiң бастамашылығымен, бiрнеше негiзгi қағидалардың мазмұнын айқындау үшiн БҰҰ-да бiрсыпыра жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыс 1970 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының БҰҰ Жарғысына сай (мұнан былай, халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары туралы Декларация) мемлекеттер арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқықтың қағидалары туралы Декларацияны қабылдаумен аяқталды.
1970 жылғы Декларацияда халықаралық құқықтың 7 қағидасы мазмұндалған:
* Күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы.
* Iшкi iстерге араласпау қағидасы.
* Халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу қағидасы.
* Мемлекеттердiң бiр-бiрлерiмен мiндеттi ынтымақтасу қағидасы.
* Халықтардың теңдiк және өзiн-өзi басқару қағидалары.
* Мемлекеттердiң дербес теңдiк қағидасы.
* Мiндеттемелердi адал орындау қағидасы.
Дегенмен, бұдан халықаралық құқықта тек осы 7 қағида бар екен деген ой тумау керек. 1975 жылы Хельсинкиде болған жалпы еуропалық жиналыстың Қорытынды Актiсiнде 10 қағида бар. 1970 жылғы Декларациядағы тiзiмге келесiлер қосымша енгiзiлдi: шекаралардың мызғымастық қағидасы; аумақтық тұтастық қағидасы; адамның құқықтары мен негiзгi мiндеттерiн құрметтеу қағидасы. Айтып өтетiн бiр жәйт, халықаралық құқық халықаралық құқық субьектiлерiнiң басшылыққа алатын қағидаларының барлығын белгiлеудi өзiне мақсат тұтпайды. Әрбiр жеке тарихи кезеңде қолданыстағы қағидалар жаңаланып, эволюция жүрiп тұрады. Мысалы, халықаралық экологиялық құқықта қоршаған ортаға залал тигiзбеу сияқты; қоршаған орта мен оның компоненттерiн еркiн зерттеу және пайдалану қағидасы; қоршаған ортаны тиiмдi пайдалану қағидалары және т.б. бар. Халықаралық әуе құқығында халықаралық әуе хабарламаларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидасы; заңсыз қол сұғу актiсiнен әуе кемелерiн қорғау және т.б. қағидалар негiзгi қағидалар болып табылады.
Халықаралық құқық доктринасы халықаралық жария құқықтың негiзгi қағидаларын былайша жiктейдi:
Мемлекеттердiң экономикалық, әлеуметтiк және саяси жүйелерiнен тәуелсiз, бейбiт қатар өмір сүру қағидасы басты орын алады.
Келесi топқа халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi тiкелей қолдайтын қағидалар кiредi. Мұндай қағидаларға күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы; халықаралық дауларды бейбiт жолдармен шешу қағидасы; мемлекеттердiң аумақтық тұтастық қағидасы; шекаралардың мызғымыстық қағидасы жатады.
Халықаралық ынтымақтастықты айқындайтын қағидалар тобына мыналар жатады: мемлекеттердiң дербес теңдiк қағидасы; қол сұқпау қағидасы; халықтардың теңқұқылық және өзiн-өзi басқару қағидасы; мемлекеттердiң ынтымақтасу қағидасы; халықаралық мiндеттемелердi адал орындау қағидасы.
Мемлекеттердiң экономикалық, әлеуметтiк және саяси жүйелерiнен тәуелсiз түрде бейбiт қатар өмір сүру қағидасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет