1. Химиялық элементтердiң қасиеттерiнiң периодтылығы (металдық және бейметалдық, атом радиусы, иондану энергиясы, электрон ынтықтық, электртерiстiк) жайында түсінік


Тұздардың типтеріне және олардың қасиеттеріне мысал келтіріңіздер



бет9/18
Дата04.06.2023
өлшемі10,15 Mb.
#178211
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
20. Тұздардың типтеріне және олардың қасиеттеріне мысал келтіріңіздер
Тұздар — химиялық қосылыстар класы; қышқыл молекулаларындағы сутек атомдарының орны толықтай немесе жартылай металл атомдары не ОН топтарына ауысқан қосылыстар; қалыпты жағдайда иондық құрылымдағы кристалл заттар. орта, қышқыл, негіздік, қос және кешенді болып бөлінеді.
Орта тұздар – сутек атомдары толық ауысса (Na2CO3, K3PO4, MgSO4);
қышқыл тұздар – сутек атомдары металл атомдарымен біртіндеп алмасса (NaHCO3, K2HPO4);
негіздік тұздар – құрамына гидроксил тобы енсе (MgOHCl, A1(OH)2Cl), қос тұздар – сутектің орнын бірнеше металл катиондары басса (KAl(SO4)2, NaK2PO4);
кешенді тұздар – құрамында кешенді катион ([Cu(NH3)4]SO4) немесе кешенді анион (K[Fe(CN)6]) болса түзіледі.
Тұздар көбіне халықаралық номенклатура бойынша аталады. Тұздар суда ерігенде иондарға ыдырап, ерітінділері электр тогын өткізеді.
Гидролиз тұрғысынан тұздар 4 топқа жіктеледі:
күшті негіз бен күшті қышқылдан;
күшті қышқыл мен әлсіз негізден;
әлсіз негіз бен күшті қышқылдан;
әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген.
Күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген тұздардан [KCl, NaCl, Ca(NO3)2] басқасы гидролизденеді. Тұздар қышқылдармен, сілтілермен және өзара ион алмасу реакцияларына түседі, металдармен әрекеттеседі. Тұздарды алудың 10-нан аса жолы бар. Тұздар табиғатта кең таралған. Тұздар қатты (ас тұзы) және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде кездеседі. Тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, металлургия, шыны, т.б. өнеркәсіп салаларында, тұрмыста кеңінен қолданылады.
Тұздардың металдар мен әрекеттесуі белсенді металдар белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарының құрамынан ығыстырып, орын басу реакциясы жүреді, нәтижесінде жаңа тұз бен бос күйіндегі металл алынады. Мысалы, сынауыққа мыс сульфатының ерітіндісін құйып, оған темір шеге салсақ, оның беті біраздан кейін қызыл мыспен қапталады: CuSO4+Fe=FeSO4+Cu
Тұздардың қышқылдармен әрекеттесуі
Сынауыққа мәрмәр түйірлерін салып, үстіне тұз қышқылын құйсақ, төмендегі реакция жүреді, нәтижесінде газ бөлінеді: СаС03+2НСl=СаСl2+Н2С03
Тұздардың металдармен Мыс хлоридінің көгілдір ерітіндісіне темір шегені батырса , біраз уақыт өткенде ерітіндінің түсі жасылданып, шегенің бетіне қызыл сары мыс қонғаны байқалады.Белсендірек темір мысты тұзынан ығыстырып шығарады: Fe=CuCl2=FeCl2+Cu


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет