1. Химиялық элементтердiң қасиеттерiнiң периодтылығы (металдық және бейметалдық, атом радиусы, иондану энергиясы, электрон ынтықтық, электртерiстiк) жайында түсінік


С.Аррениустың электролиттiк диссоциация теориясы. Электролиттер және бейэлектролиттер жайында түсінік



бет7/18
Дата04.06.2023
өлшемі10,15 Mb.
#178211
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
14. С.Аррениустың электролиттiк диссоциация теориясы. Электролиттер және бейэлектролиттер жайында түсінік
Электролит деп ерітінділері не балқындылары электр тогын өткізетін заттарды айтамыз.
Ерітіндіде электр тогын тасымалдаушы бөлшектер – иондар, олай болса, зат молекулаларының полюсті еріткіштер және жоғары температура әсерінен иондарға ыдырауы диссоциация деп аталады. 1887 жылы швеция ғалымы С. Аррениус электролитік диссоцияция теориясын ұсынды, оның қағидалары төмендегідей:
1) негіз, қышқыл, тұзды суға еріткенде молекулалары оң және теріс зарядты иондарға ыдырайды;
2) электр өрісі әсерінен оң зарядты бөлшектер катодқа, ал теріс зарядты иондар анодқа тартылады (катион, анион);
3) барлық заттардың иондарға ыдырау дәрежесі бірдей емес, оның сан шамасы ерітуге алынған заттың табиғатына байланысты.
С.Аррениустің электролиттік диссоциация теориясы бойынша электролиттердің анықтамалары төмендегідей болады: Қышқылдар –заттарды суда еріткенде молекулалары диссоциациялану кезінде сутек катиондары мен қышқыл қалдық аниондарына ыдырайтын заттар. Негіздер – заттарды суда еріткенде молекулалары диссоциациялану барысында металл катиондарымен (NH4+ – аммоний ионына) гидроксил аниондарына ыдырайтын күрделі заттар. Тұздар – заттарды суда еріткенде молекулалары диссоциациялану кезінде негіз және қышқыл қалдық иондарына ыдырайтын заттарды айтады.
Электролиттер және бейэлектролиттер — кейбір заттардың ерітіндіде тоқ өткізетіні ал, кейбір заттардың сол жағдайларда тоқ өткізбейтіні бәріне белгілі. Оны анықтайтын көптеген эксперименттер бізге мәлім.
Ертіндіде тоқ өткізетін заттар – электролиттер деп аталады. Ертіндіде тоқ өткізбейтін заттар – бейэлектролиттер деп аталады.
Электролиттерге негіздер, қышқылдар және тұздардың көбі, ал, бейэлектролиттерге көптеген органиқалық заттар жатады. Ерітіндіде электролиттер иондарға ыдырайды осының арқасында олар тоқ өткізеді. Ерітіндіде неғұрлым ион көп болса соғұрлым тоқ жақсырақ өтеді. Электролиттердің ерітіндіде иондарға ыдырауы электролиттік диссоциация деп аталады. Мысалы, NaCl ерітіндіде түгелдей Na+ және Cl- иондарына ыдырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет