1 II. Негізгі бөлім



бет4/4
Дата10.11.2022
өлшемі31,91 Kb.
#157448
1   2   3   4
Байланысты:
Сапалық және сандық әдістерге түсінік
эссе философия, Мақала, 22090958393, Абай эссе, 10 А,Ә,Б, патан 11 алия, диас фарм9

2.3 Реакциялардың сезгіштігі


Егер түзілетін зат өте нашар еритін болса, ол анықталатын ионның концентрациясы өте аз болса да тұнбаға түседі. Мұндай реакциялар сезімтал реакциялар деп аталады. Реакцияның сезімталдығының сандық сипатын ашылу минимумы мен шекті концентрациясы немесе шекті сұйылуы береді. Ашылу минимумы деп белгілі бір жағдайда берілген реагенттің әсерімен ашуға болатын анықталатын ионның ең аз мөлшерін айтады. Шекті концентрация деп мкг-мен берілген анықталатын ионның бір бірлік массасының еріткіштің ең көп мөлшерінің массасына қатынасын айтады. Шекті концентрацияға қарама-қарсы шама шекті сұйылту болып табылады. Әр түрлі ретте арнайы реакция арқылы жүргізілген зерттелетін заттың жеке бөлігінің ионын анықтауды қатыстық талдау дейді. Көпкомпонентті қосылыстың толық талдауын жүйелік жол арқылы жүргізуге болады.
Талдаудың жүйелік жолы - аналитикалық реакция кезінде қажетсіз иондар анықталып, одан кейін әрбір ионды белгілі жүйемен анықтаудың орындалу ретін айтамыз. Қосылыстың құрамындағы иондар жеке топтарға бөлініп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары көрінеді. Одан кейін топтардан жеке иондардың өзіне тән реакцияларын қолданылу арқылы біртіндеп зерттелінетін иондарды анықтайды.
Әр түрлі реагенттердің тек бір ғана ионмен әрекеттесу реакциясын жеке немесе дербес реакция деп атайды.
6
III. Қорытынды
Қорытындылай айтатын болсақ, аналитикалық химия - ол заттардың химиялық кұрамын және құрылысын анықтайтын әдістер туралы ғылым.
Аналитикалық химияның мақсаты – анализдеу əдістерін жасау жəне оны тəжірибе жүзінде қолдану, сонымен бірге аналитикалық əдістердің теориялық негіздерін кеңінен зерттеу болып табылады. Атап айтқанда, əртүрлі орталарда жəне түрлі агрегаттық күйлерде болатын элементтер мен олардың қосылыстарын зерттеу, координациялық қосылыстардың құрамы мен тұрақтылығын, заттың оптикалық, электро- химиялық жəне басқа да сипаттамаларын анықтау, химиялық реакциялардың жылдамдықтарын зерттеу, əдістердің метрологиялық сипаттамаларын анықтау жəне т.б. көптеген сұрақтар.
Химиялық талдау аналитикалық талаптардың орындалуына байланысты сапалық және сандық болып екіге бөлiнедi: сапалық талдау - заттардың қандай элементтерден, иондардан, атом топтарынан немесе молекулалардан тұратынын анықтайды, ал сандық талдау - заттардың сандық құрамын анықтайды. Әрдайым бірінші сапалық, содан кейін сандық талдау жасалады. Өйткені сандық анализ әдісін дұрыс таңдау зерттелетін заттардың құрамына тікелей байланысты.
Кез келген талдау әдістері реакция нәтижесінде байқалатын аналитикалық белгілерге негізделген, тұнбаның түзілуі немесе еруі, газдың бөлінуі, ерітінді түсінің өзгеруі және т.б. Аналитикалық белгілердің байқалуы арқылы заттың сапалық құрамын анықтауға болады, ал белгілердің қарқындылығы арқылы талданатын заттың сандық мөлшерін анықтауға мүмкіндік туады. Аналитикалық белгілер көзбен байқалады немесе түрлі құралдармен өлшенеді.
7
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
1. Құлажанов Қ.С. Аналитикалық химия. Алматы. Білім 1994.
2. Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия. Оқулық- Алматы: ЖШС "Эверо", 2012.
3. Шекеева К.Қ. Аналитикалық химия –оқу құралы. –Алматы: Эверо, 2014 .
4. Чекотаева К.А. Аналитикалық химия – оқу құралы-Қарағанды: ЖК Ақнұр, 2014.
5. Интернет.

8



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет