1. Инклюзия дегеніміз не?


Қазақстанда инклюзивті білім беру мәселесінің дамуы



бет2/9
Дата21.04.2020
өлшемі41,22 Kb.
#63190
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 апта Білімді бақылау сұрақтары
Ж.Джуманбаева Әдістемелік құрал. Психолог
3.Қазақстанда инклюзивті білім беру мәселесінің дамуы.

Қазақстан Республикасында инклюзивтік білім беру процесінің енгізілуі тек жаңа пайда болған мәселе ретінде қарастырылып отыр. Қазіргі кезде бұл мәселенің шұғыл шешілуі қажеттілігіне даму ауытқуы мен тежелуі бар балалар санының артып келе жатқандығы айғақ бола алады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша, даму ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдер саны 2002 жылы 115,2 болса, 2007 жылы бұл сан 154,870мың болған  [3].

Арнайы мектеп, интернаттар кеміс балалардың барлығын оқытып, тәрбиелеуге қауқарсыз. Қазіргі кезде елімізде арнайы мекемелер саны 100-ге жуықтады.

Қазақстанда қазір мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау жүйесін ұйымдастыру жұмыстары қолға алынған. Дамуында ауытқулары бар балаларды ерте кезден анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Комитеті ерте сәбилік жастағы балалардың жүйке-психикалық дамуына алғашқы дәрігерлік көмек көрсетті [3,22б.].

Инклюзия-мүмкіндігі шектеулі оқушылардың өзінің күшіне сенуіне мүмкіндік беруі. Инклюзия тек дамуы шектелген балалардың ғана емес, басқа да балалардың мүддесін көздейді [4].

Қазақстан Республикасы егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет болғанына 20 жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген жұмыстар атқарылып, еліміз көркеюде. Жаңадан қалыптасып келе жатқан Қазақстанда инклюзивті білім беру саласы енді ғана қолға алынып, даму үстінде.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми мәліметіне сүйенсек, әлемде психикалық және физикалық ауытқулары бар 450 миллион адам өмір сүреді екен. Жаңа туған балалардың ішінде 3%-ы интелектуалды,  10%-ы дамуында кемшіліктері бар балалар. Жалпы дүниеде 200миллион балалар «мүмкіндіктері шектелген» деп айқындалған. Мемлекетімізде 19 мыңға жуық балалар оқиды. Білім министрлігінің ресми мәліметі бойынша елімізде мүмкіндіктері шектелген балалар ішінен 19%-ы ғана арнайы білім алады. Бір жағынан білім беру жүйесін реформалау тұрса, екіншіден, арнайы мектеппен «ерекше дамыған балалар» мәселесі әлі күнге дейін ашық тұр. Арнайы білім берудегі мәселелер бір-бірімен тығыз байланысты [4,11б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет