1 қыркүйек – Білім күні! Мақсаты: Балаларға 1 қыркүйек – Білім күні жайында түсінік беру. Өз туған еліне, жеріне,
балабақшасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге,
сөйлем құра білуге үйрету.
Қымбатты балалар, сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!
Бұл күн сіздер үшін, яғни, оқушылар үшін, біздер үшін үлкен мерекелі күн болып саналады.
Бүгін әрбір мектепте, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерінде тұңғыш қоңырау соғылды.
Осы алғашқы қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады.
Сұрақ – жауап. Білім күніне орай балалар өлең жолдарын оқиды. Мақал – мәтелдер («Жалғастыр» ойыны) Ойын «Ғажайып қоржын» (Қоржынның ішіндегі заттардан оқу құралдарын бөлек,
басқа заттарды бөлек топтастыру)
Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті оқу қызметіміз қызықты да, көп нәрсені үйренетін күндеріміз басталды. Әрқашан бүгінгідей жақсы көңіл – күймен барлығына үйренеміз.
Барлықтарыңа бүгінгі – Білім күні тағы да құтты болсын!