1. Жалпы ережелер



Дата08.12.2023
өлшемі18,18 Kb.
#195652
Байланысты:
Эссе — копия


ОЭБО 2023 жылғы «_____»________


1 – қосымша
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Табиғат тал бесігім» эссе жазу че́лленджі ережесі


1. Жалпы ережелер
1.1.«Табиғат тал бесігім» эссе жазу облыстық че́лленджін өткізу ережесі оның мақсатын, өткізу тәртібін анықтайды.
1.2.Че́ллендж мақсаты: Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта, Тәуелсіз Қазақстанымыздың қазірі және болашағы үшін жас ұрпаққа табиғатын сақтауға тәрбиелеу.
1.3.Че́ллендж міндеттері:
- Балалардың санасына табиғатқа деген мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру;
- өскелең ұрпақты азаматтыққа және патриотизмге тәрбиелеу;
- оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдылыққа баулу;
- шығармашылыққа тәрбиелеу.
2. Челленджге қатысушылар
2.1.Аудан, қала бойынша облыстық 64 экомектеп жобасына енгізілген мектептер қатыса алады.
3. Өткізу тәртібі және шарттары
3.1. Че́ллендж мектеп оқушылары және педагогтері «Табиғат тал бесігім» атты эссе (Туған жер, тұрғылықты мекен табиғатын Тәуелсіздікпен байланыстыру, табиғатты қорғау, сақтау туралы) жазып Облыстық білім басқармасы және облыстық экологиялық –биологиялық орталығының парақшаларын белгілей отыра #БҚОбілімбасқармасы#ОЭБО#16желтоқсанҚазақстанРеспубликасыТәуелсіздіккүні#экомектеп хэштегтерімен фейсбук, инстаграмм парақшаларына жариялау қажет. Че́ллендж қашықтықтан өткізіледі.
4. Қорытындылау
«Табиғат тал бесігім» эссе жазу облыстық че́лленджіне орындар берілмейді, Қатысушылар Экомектеп жұмысының мониторингіне енгізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет