1. жалпы мәліметтер «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»



Дата08.06.2018
өлшемі107 Kb.
#42029
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» - деп атап көрсетілген. Сонымен бірге Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы екендігі де анық жазылған. Сондықтан Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға, барша азаматтардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларын дамытуға міндетті. Осы ретте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесін әзірлеуі мен қолданысқа енгізуі халықаралық тіл білімін бағалаудың танымал TOEFL, IELTS, DALF/DELF, DSH, CELI, TÖMER, ТРКИ және т.б жүйелерінің қағидаттарына негізделген. Аталған жүйелердің тестілеу үрдістерінің ерекшеліктері болғанымен, мақсаты ортақ – ол тіл қолданушының коммуникативтік құзыреттілік деңгейін анықтау. Тілді меңгеру деңгейлеп оқыту негізінде сатылы түрде жүретіндіктен, әр деңгей түпкі мақсатына қарай тіл қолданушының коммуникативтік құзыреттілік деңгейін анықтауды қажет етеді. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ те тіл қолданушының тілді меңгеру деңгейін сатылы түрде анықтауға бағытталған, және екі түрлі арнамен беріледі: бірі ҚАЗТЕСТ жүйесі қазақ тілін шет тілі ретінде меңгеруді бағалау болса, екіншісі ҚАЗТЕСТ жүйесі қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгеру деңгейлерін анықтау.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйегіндегі № 835 қаулысымен мақұлданған «ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамытудың тұжырымдамасына» сәйкес Қазақстан Республикасында азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша тіл меңгерудің деңгейлерін анықтаудың өлшеу құралдары қалыптастырылуда. Білім сапасын бағалаудың тестілеу түрі әлемде кең қолданылатын болғандықтан, тіл меңгеру деңгейін бағалауда сөйлеу әрекеттерінің түрлері: тыңдалым, оқылым, жазылым және лексика-грамматикалық құрылымдар бойынша тест тапсырмалары қалыптастырылған. Тұжырымдаманың даму кезеңдеріне сәйкес ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған тест тапсырмалары әртүрлі мақсатты топтарда байқау сынақтарынан өткізілуде. Тест тапсырмаларының мазмұны әрбір деңгейдің жағдаяттарына байланысты анықталған тақырыптар мен тест тапсырмаларын қалыптастырудың спецификациясы негізінде коммуникативтік қабілеттіліктерді анықтауға бағытталған.

Қазақ тілінен білім беруде тілдің барлық саладағы, барлық жағдайдағы ауызша және жазбаша қолданыстағы құрылымдары тілді меңгеруді бағалаудың негізіне алынады. Бағалау барысында барлық лексика-грамматикалық құрылымдар және сол құрылымдарды қамтыған тілдегі материалдар қабаты, оларды бағаланушының тыңдап түсінуі, меңгеруі, оқып түсінуі, дұрыс жазу деңгейін игеруі, сөйлей білуі, айта білуі бағалау аппаратына негіз болады.

Тіл білімі ғылымында тілдік тұлғаны қалыптастыру үшін қазақ тілін меңгеру әрекетінің тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, лексика-грамматика түрлері пайдаланылады. Лексика-грамматикалық минимумдар ҚАЗТЕСТ жүйесінің осы бөліктерінің тест тапсырмаларын сапалы әзірлеу үшін нормативтік құжат болса, тіл қолданушыларға әрі сөздік, әрі әрбір деңгейдің жағдаяттарына сәйкес минималды сөздер мен сөз тіркестерінің қоры болып табылады.

Тіл қолданушылардың қазақ тілін меңгеруі ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы 5 деңгейі бойынша бағаланады. Олар: қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары және жоғары деңгейлер. Әрбір деңгейдің еуропалық стандартқа сәйкес өзіндік талаптары анықталған. Азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауда ҚАЗТЕСТ жүйесі өзінің функциясын тиімді атқаруы үшін лексика-грамматикалық минимумдардың өзектілігі ерекше орын алады. Деңгейлерге сәйкес жағдаяттардың тақырыптары бойынша сөздер мен сөз тіркестерінің қоры лексика-грамматикалық минимумдар негізінде жүзеге асырылады.

Лексикалық минимум әр деңгей бойынша тілдік жағдаяттарға қатысты тіл қолданушылардың сөздер мен сөз үлгілерін сұрыптап, сөз тіркестерін дұрыс байланыстыра білу, лексика-грамматикалық минимумды дұрыс қолдана отырып, байланыстырып сөйлей білу дағдыларын қалыптастыруға арналады. Сондықтан, ҚАЗТЕСТ жүйесінің қазақ тілін меңгеру деңгейін сапалы бағалау үшін лексика-грамматикалық минимумдардың жүйеге көмегі орасан зор.


2. ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМДАРДЫ ӘЗІРЛЕУДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Жұмыстың мақсаты: Қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған лексикалық минимумдарын қалыптастыру.
Міндеттері:

- ҚР СТ 1925-2009, ҚР СТ 1926-2009, ҚР СТ 1927-2009, ҚР СТ 1928-2009, ҚР СТ 1929-2009 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары, тіл меңгерудің деңгейлеріне анықталған тақырыптар мен Тест спецификациясы негізінде қазақ тілінің ерекшеліктерін ескеріп, қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейі бойынша сөздік қорларын анықтау;

- халықаралық тіл меңгеру талаптарына арналып жасалған лексика-грамматикалық минимумдармен біріздендіру мақсатында қазақ тілінің меңгеру деңгейлеріне анықталған сөздер мен сөз тіркестерінің нақтылық сараптамасын жасау;

- қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейі бойынша анықталған сөздер мен сөз тіркестерінің орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармасын (баламасын) әзірлеу;

- қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейі бойынша анықталған сөздер мен сөз тіркестерінің орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармалардың (баламалардың) сараптамасын жасау;

- сөйлеуде және жазуда қолданылатын сөздік қордағы баламаларды сараптамадан өткізу;

- анықталған сөздер мен сөз тіркестерін деңгейлік тақырыптармен жүйелеп, сараптамасын жасау;

- сөздік қорларды қолдану барысында контексттерді пайдалануына сараптама жасау;

- қазақ тілін меңгеру деңгейлерінің лексикалық тақырыптары бойынша грамматикалық тақырыптарды анықтау.
3. ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМДАРДЫ ӘЗІРЛЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Қазақ тілін меңгерудің деңгейлеріне арналған лексика-грамматикалық минимумдар әзірлеу барысында келесі талаптар қойылады:

- Қазақстан Республикасында құзырлы мемлекеттік органдар ресми мақұлдаған сөздіктер мен анықтамалықтар ғана пайдаланылуы керек;

- лексикалық минимумды құрастырудың ережелері сақталуы керек (1-қосымшаға сәйкес);

- тіл меңгеруді бағалаудың халықаралық жүйелеріне арналған лексика-грамматикалық минимумдар тәжірибесі негізге алынуы керек;

- минимумдағы сөздер мен сөз тіркестерінің топтамасы қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне арналған тақырыптардан ауытқымауы қажет;

- сөз немесе сөз тіркесінің қосалқы мағыналары болса, оны толығырақ сілтеме беру арқылы немесе «түсіндірме» арқылы түсіндіруі керек;

- орысша, ағылшынша аудармалары (баламалары) болуы қажет;

- аударманың дұрыстығы күмән туғызбауы қажет;

- диалект сөздер мен тіркестер пайдаланылмауы керек;

- тіл меңгеруді бағалаудың еуропалық портфелінде анықталған жағдаяттар мен тақырыптарға қосымша ұлттық құндылықтар қосылуы қажет. Мысалы, «Танысу» тақырыбы бойынша «Амансыз ба?», «Бақуатсыз ба?», тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер тақырыбындағы сөздер мен сөз тіркестері және т.б;

- сөздердің орналасу дағдыларын пайдаланудың түрлі жолдарын іздестіру керек;

- лексика-грамматикалық минимумдардың құрылымдық бөлімдерін сақтау қажет;

- пайдаланылған және ұсынылатын әдебиеттердің тізімін беруі керек.
4. ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Тақырыптық лексикалық минимумның құрылымдық бөліктері:


  1. Титулдық парақ.

  2. Түсіндірме жазба.

  3. Қазақ тілін меңгерудің деңгейлеріне сәйкес лексикалық минимумдарды қалыптастырудың негізгі мақсаты мен міндеттері.

  4. Еуропалық тіл білімін бағалау жүйелерінің тіл меңгеру деңгейлерінің талаптары мен қазақ тілін меңгеру деңгейлері арасындағы сабақтастығы мен байланысы.

5. Лексикалық минимумдарды пайдалану бойынша тіл қолданушыларға ереже.

6. Қазақ тілін меңгеру деңгейлерінің тақырыптық лексикалық минимумның негізгі мазмұны: лексикалық тақырып, тақырыпқа сәйкес сөз бен сөз тіркестерінің жиынтығы (мысалдарымен), тақырыптық грамматикалық минимум (қазақ тілін меңгеру деңгейлері бойынша әр лексикалық тақырыпқа байланысты грамматикалық анықтағыш).

7. Түйін сөз.

8. Қосымшалар (үлгілер, кестелер).

9. Ұсынылатын және пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

10. Мазмұны.


4.1 ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМДАР ЖОБАСЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ НҰСҚАСЫНЫҢ РӘСІМДЕЛУІ
- лексикалық минимумдар жобасы «MS Word» редакторында өлшемі 14-ші «Times New Roman» қарпінде теріліп, парақ беттерінің параметрлері сол жақтан 3 мм, оң жақтан 1,5 мм, жоғарыдан 2 мм, төменнен 2 мм болуы тиіс;

- титул парағы 2-қосымшаға сәйкес рәсімделеді;

- түсіндірме жазбада тіл меңгеру деңгейін бағалаудың ғылыми негізделген тақырыптарына арналған лексика-грамматикалық минимумдардың озық тәжірибелеріне шолу жасау арқылы, қазақ тілін меңгеру деңгейлерін бағалауда, оның ішінде ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған қазақ тілінің лексика-грамматикалық минимумдарының өзгешелігін, қажеттілігін, өзектілігін және осы саладағы ғылыми ізденістерді негізге ала отырып, ұсынылып отырған жобаның әлемдік және қойылып отырған талаптарға сәйкестігін ашу қажет;

- қазақ тілін меңгерудің деңгейлеріне сәйкес лексика-грамматикалық минимумдарды қалыптастырудың негізгі мақсатын анық беру арқылы сол мақсатқа жетудің міндеттерін нақтылап түсіндіру керек;

- лексикалық минимумдарды пайдалану бойынша тіл қолданушыларға ережені түсінікті тілмен, шұбалаңқы сөйлемдерді мүмкіндігінше пайдаланбай, ойды нақты-нақты қысқаша түрде түсінікті беруді негізге алу керек;

- тақырыпшаларды бас әріптермен теру керек, ішкі тақырыпшалар сол тақырыпқа сәйкес нөмірленуі керек, мысалы:

1. ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

1.1 Тіл меңгеру деңгейін бағалаудағы лексика-грамматикалық минимумдардың маңыздылығы

- қосымшалар мен үлгілерді Ұлттық тестілеу орталығы Мемлекеттік тілді дамыту басқармасымен келісілген түрде ресімдеу қажет;

- лексикалық минимумдар жобасының қағаздағы нұсқалары 3 данадан көбейтіп басылуы керек;

- лексикалық минимумдар жобасының электрондық жобасы келісім-шарттар негізінде Ұлттық тестілеу орталығының Мемлекеттік тілді дамыту басқармасына тапсыру керек.

5. ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУДІҢ ДЕҢГЕЙЛЕРІНЕ СӘЙКЕС ЖАҒДАЯТТАР МЕН ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ ЖОБАСЫ



Қарапайым деңгей

Базалық деңгей

Орта деңгей

Ортадан жоғары деңгей

Жоғары деңгей

1. Танысу

2. Отбасы

3. Тамақ

4. Денсаулық – зор байлық.

5. Киім

6. Көлік


7. Жұмыс

8. Менің күнім

9. Ауа-райы

10. Бос уақыт





1. Менің Қазақстаным

2. Ас-адамның арқауы

3. Сен және талғам

4. Ел болашағы денсаулықта

5. Сапар шегу және туризм

6. Жұмыс


7. Спорт және біз

8. Мен өмір бойы оқимын




1. Мен және менің отбасым

2. Тауар сапасы

3. Менің сүйікті ісім

4. Ас мол болсын!

5. Болашақ ұрпақ денсаулығы

6. Мен жұмыс таңдаймын

7. «Жеті күн»


1. Отбасы сыйластығы

2. Біз қай тілде сөйлейміз

3. Асыңыз дәмді болсын

4. Ғылым және жұмыс

5. Cапар шегу және туризм

6. Мұражайға саяхат

7. Спорт тынысы

8. Ақпараттар әлемі




1. Отбасы, отбасы бақыты

2. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады

3. Дені саудың – жаны сау

4. Өз үйім – өлең төсегім

5. Қолым боста

6. Жеке бағдарламалар мен журналдар






6. ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМДАРДЫ ҚАБЫЛДАП АЛУДЫҢ ЖӘНЕ ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕСТІГІН ТЕКСЕРУДІҢ ЕРЕЖЕСІ
Тапсырыс беруші дайындалған қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес лексикалық минимумдарды байқаудан, сынақтан өткізу мақсатында мәліметтер әзірлейді. Лексика-грамматикалық минимумдарды тәжірибеден өткізудің түрін, құрамын, көлемін және құрамдас бөліктерін әзірлемешілермен келіседі.

Қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес лексикалық минимумдарды әзірлеудің жеке келісім шарттары әзірленеді. Орындалған жұмыстардың қабылдау-тапсыру актісі екі жақтан қол қою арқылы қабылданады.

Қабылдау-тапсырудың ресімдері кезінде «Тәжірибеден өткізудің актісі» жасалып, қабылдау-тапсырудың құжаттары бекітіледі.

7. ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабы;

2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 «Тіл туралы» Заңы;

3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен мақұлданған 2007-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мен оның бәсекелестігін арттыру тұжырымдамасы;

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 835 қаулысымен мақұлданған ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы;

6. ҚР СТ 1925-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Ортадан жоғары деңгей. Жалпы меңгеру»;

7. ҚР СТ 1926-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру»;

8. ҚР СТ 1927-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Жоғары деңгей. Жалпы меңгеру»;

9. ҚР СТ 1928-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Базалық деңгей. Жалпы меңгеру»;

10. ҚР СТ 1929-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Орта деңгей. Жалпы меңгеру»;

11. Ф.Ш. Оразбаева., Т.Т. Аяпова және басқалар, Қазақ тілі (Алты деңгейлік оқыту әдістемелік кешендер), Алматы, Жазушы, 2007ж.
1-қосымша
Лексикалық минимумды құрастырудың үлгісі




Қазақша нұсқасы

Орысша нұсқасы

Ағылшынша нұсқасы

1.

АҚ I 1. Сүттің, қардың түсіндей аппақ түс. 2. Ағы басым, ақ араласқан түс. 3. Ауысп. Адал, таза. 4. Сұлулық пен әдемілік бейнесі. 5. Махаббат пен сүйіспеншілік бейнесі. 6. Құрмет пен ілтипат бейнесі. 7. Қадір мен қасиет бейнесі. 8. Құс жұмыртқасының сарысын қоршаған мөлдір тұнық бөлігі.







2.

Табақ (-ғы) І 1) табак – большое круглое блюдо (для вареного мяса); ағаш ~ деревянное блюдо; сырлы ~ эмалированное бдлюдо; шыны ~ фарфоровое блюдо 2) тас ~ керамические блюдо; темір ~ металическое блюдо.








2-қосымша
«Жоба»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ


Қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгеру бойынша

ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналаған лексикалық минимумы


Орындаушы

__________________________________



(Тегі, аты, жөні)

__________________________________



(Ұймының атауы)

__________________________________


(Орындаушы туралы мәліметтер)

__________________________________




Астана, 2010 жыл
Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет