1. Жеке мектептер мен бағыттардың дамуына талдау жасау (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. Спенсер). Әлеуметтану



бет2/3
Дата14.09.2023
өлшемі18,07 Kb.
#181128
1   2   3
Байланысты:
1. Жеке мектептер мен бағыттардың дамуына талдау жасау (О. Конт,-emirsaba.org
5-9 сынып Жаһандық құзіреттер. КТЖ
Герберт Спенсер-19ғ. аяғы мен 20ғ. басындағы батыс әлеуметтануының биорганикалық мектебі қоғамның дамуын табиғи ағза аналогы ретінде қарастыруы және әлеуметтік өмірді биологиялық заңдылықтар негізінде түсіндіруге талпыныс жасаған бағыт. Оның негізгі өкілдері Г. Спенсер, Л.Гумплович, А.Гобино және т.б. Герберт Спенсер (1820-1903), ағылшын философы мен әлеуметтанушы- позитивисты әлеуметтануда натуралистік бағыттың көрнекті өкілі болып келді. Ол қоғамды биологиялық ағза аналогиясында қарастырды. Спенсердің әлеуметтік оқулары «органикалық теориялар» отауына ие болды. Ол бойынша қоғам жанды дамушы ағза ретінде оның негізгі құрамдас бөліктерінің өзара әрекет дамуы негізінде қарастырылады. Қоғам функциялары тірі ағза функцияларымен ұқсас келеді. Спенсердің «Әлеуметтану негіздері» басты еңбегінде, қоғамды зерттеуде эволюциялық-тарихи тәсіл құрылымдық-функционалдық және жүйелік ұштас келеді. Әлеуметтік ағза үш басты «жүйеден» тұрады: «реттеуші», «өмір үшін қажет шарттарын қалыптастыру» және «үлестіруші».
Спенсер қоғамның екі түрін ажыратты: әскери және өндірістік. Олардың әрқайсысында өмір сүру күрес құралдары әртүрлі келеді. Қоғамның бірінші түрі әскери қайшылықтарға бағытталса, ал екіншісі өндірістік бәсекеге, яғни жігер, күш, қабілеттер негізінде жеңіске жетеді. Осындай күрес түрі қоғам үшін қолайлы, себебі бұл қоғамның интеллектуальды және моральды деңгейінің өсуіне әкеледі. Конт сияқты, Спенсер әлеуметтік дамудың органикалық үрдісіне күштеп араласу талпыныстарын, мысалы, революцияны жағымсыз бағалады. Социализмнің қарсыласушысы ретінде, Спенсер бұл жүйе бюрократиялық аппараттың өсуіне әкеледі деп дәйектеді. Бір уақытта ол теңдік жақтасы болып, тұлғаның құқық еркіндігі мен заң алдындағы теңдігімен түсіндірді. Спенсердің әлеуметтік қағидасы функционализм және құрылымдық функционализм сияқты батыс мектептердің қалыптасуына елеулі әсерін тигізді.

Эмиль Дюркгейм

Әлеуметтаудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі – Эмиль Дюркгейм (1858-1917ж. ж.). Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал бұл методология «Социологизм» деп аталады. Социологизмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Э.Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.Э.Дюркгеймнің әлеуметік теориясының өзегін әлеуметтік келісім, ынтымақтастық теориясы құрайды. Осы теорияны зерттеуге оның ең басты еңбегі- «Қоғамдық еңбектің бөлінуі» арналған . Бұл еңбегінде ол әлеуметтанудың басты міндеті – әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын және осы әлеуметтік бірліктердің негізін анықтау деп санады.Э.Дюркгейм қоғамның тұтастығының негізі – ұжымдық сана. Яғни әр қоғамда тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлердің, көзқарастардың, моральдық ережелердің жиынтығы болады. Қоғам дамуының ХІХғ. Аяғы мен ХХғ. Басындағы өзгерістерге талдау жасай келе, Э.Дюркгейм ұжымдық санадағы өзгерістерге тоқталған. Оның пікірінше экономикалық байланыстар әлеуметтік ұйымдастыруды қоғамдық еңбектің бөлінуін қамтамасыз етеді.Қазіргі қоғамды өткен көне қоғаммен салыстырғанда оның тұрақтылығы төмен, аномия (яғни қоғамда адамдардың тәртібін, адамгершілік қасиетін басқарып реттеудің төмендеп кетуі) жағдайында болады. Дюркгеймнің пікірінше, аномия қоғамның белгілі бір кезеңінде адамның мінез құлқының төмендеп, моральдық, яғни адамгершілік тұрғыда басқару қиынға соғуынан, қоғамдағы негізгі әлеуметтік институттардың іс әрекетінің тиімсіздігінен және әлеуметтік қайшылықтардың өсуінен байқалмақ.
Э.Дюркгейм нақтылы әлеуметтік зерттеулер негізінде социологизм постулатына сүйене отырып, адамдардың өзіне қол жұмсаудағы басты себебін анықтауға тырысады. Оның ойынша, адамның өзіне қол жұмсау әрекеті қоршаған әлеуметтік ортаның сипатына байланысты болмақ. Нақтылай айтсақ, оның тамыры ұжымдық байланыстардың деңгейі мен шапшаңдығына және әлеуметтік интеграцияның негізінде тетігінде жатыр. Э.Дюркгейм мынадай тамаша қорытындыға келеді: қоғамның даму деңгейі және интеграциясы жоғарылаған сайын адамның өз жанын өзі қиюшылық әрекеті төмен болады және керісіншеде де солай. Осындай тұжырыммен ол әрбір әлеуметтік топтардағы өзін-өзі өлтірушіліктің түрліше деңгейін ашып берді. Ол өзін-өзі өлтірушіліктің төрт типін анықтап берді, олар: эгоисттік, альтуристтік, экономикалық және фатолисттік. Э.Дюркгеймнің бұл теориялық еңбегі қылмыстық істердің және девианттық мінез-құлық әлеуметтануының негізін салды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет