1. Жеке тұлғаға жүйелі білім беру туралы Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьевтің көзқарасын тұжырымдаңыз



бет63/76
Дата13.01.2022
өлшемі164,77 Kb.
#111548
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76
Байланысты:
1-60 БӨТ
сөж, сөж, сөж, сөж
Сыртқы мотивация сыртқы факторлардың, басқа адамдардың немесе белгілі бір оқиғалардың әсерінен болады. Оған мысал ретінде оқытушының қатаң талабын, оқушыны берілген тапсырманы орындауға мәжбүрлеуін немесе керісінше берілген тапсырманы орындаған оқушыға жоғары баға алуға қосымша мүмкіндіктер беруін жатқызуға болады. Ӛкінішке орай, мотивацияның бұл түрі тапсырма орындауға мәжбүрлеген тиісті фактордың босаңсуына немесе аяқталуына байланысты тез тоқтайды. Сондай-ақ, мотивацияның бұл түрі жиі қолайсыздық туғызып, әртүрлі психологиялық жайсыздыққа соқтыруы мүмкін.

Ішкі мотивация – бұл адамда ӛзінің ойы, ақылы, ынтасы, қажеттілігі, эмоционалдық әсеріленуі арқылы пайда болатын мотивация. Онда белгілі бір әрекетті аяқтауға (мысалы сабақ оқу) және нақты нәтижелерге қол жеткізуге деген ішкі саналы қажеттілік туындайды. Бұл мотивация кӛңіл-күйді кӛтеретін жағымды жаймен ӛрнектеледі, алайда оны (мотивацияны) табу ӛте қиын, ал оны ұзақ уақыт бойы ұстап тұру одан да қиын. «Түрткі» түсінігі енді «мотивация» түсінігі, ол «іс-әрекеттің нақты формаларының пайда болуын, бағытын және де іске асырылу тәсілін анықтайтын тұлғаның ӛз мінез-құлығының ішкі және сыртқы факторларын байланыстыруының күрделі механизмі ретінде болады». Ең кең болып табылатын, тұлғаның аффективтік, еріктік аяларын да, қажеттіліктің қанағатталуын бастан кешіруді де қамтитын мотивациялық аясы түсінігі. Жалпы психологиялық контексте мотивация күрделі бірлестікті, субъектке қажеттіліктер, қызығушылықтар, құмарлықтар, мақсаттар, мұраттар түрінде кӛрінетін және де тікелей адамзат іс-әрекетін детерминациялаушы мінез-құлықтың қозғаушы күштерінің бірлігін білдіреді. Сӛздің кең мағынасында, мотивациялық аясы немесе мотивация осы кӛзқарас тұрғысынан, тұлға ӛзегі ретінде түсініліп, оған бағыттылық, құндылық бағдар, ұстанымдар, әлеуметтік күтімдер, тартылыс, эмоциялар, еріктік сапалар сияқты және тағы басқа әлеуметтік-психологиялық мінездемелер топталынады. Осылайша, әртүрлі тұрғыдан қарастырылғанға қарамастан мотивацияны кӛптеген авторлар адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын детерминациялаушы психологиялық әртекті факторлардың жүйесі, жиынтығы ретінде түсінеді деп бекітуімізге болады. Мотивациялаудың бірнеше ережелерін келтіруге болады:

Оқушыларды мақтауға тұрарлық ісі үшін мақтаңыз.

Сындарлы түрде сынаңыз.

Ӛз оқушыларыңыздың дамуына кӛмектесіңіз.

Зорлап ынталандыру тиімсіз болуы мүмкін.

Оқушыларды маңызды мәселелерді шешуге тартып отырыңыз.

Нақты және орындалатындай мақсаттарды белгілеңіз.

Сабақтарда әр түрлі тәсілдерді қолданыңыз.

Еркіндік ұстауына мүмкіншілік туғызыңыз.

Адал және татулық қарым-қатынасты ұстаныңыз!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет