1. Жеке тұлғаға жүйелі білім беру туралы Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьевтің көзқарасын тұжырымдаңыз


Финлияндия, Ұлыбритания, Сингапурдың мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалаудың ерекшеліктерін талдаңыз



бет8/76
Дата13.01.2022
өлшемі164,77 Kb.
#111548
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76
Байланысты:
1-60 БӨТ
сөж, сөж, сөж, сөж
. Финлияндия, Ұлыбритания, Сингапурдың мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалаудың ерекшеліктерін талдаңыз.

Финляндиядағы мектеп білімінде бағалауды ұйымдастырудың негізгі факторлары – ішкі, сыртқы және олардың қатар үйлесімділігіндегі бағалау болыптабылады.

Сыртқы бағалаудың мақсаты ретінде мектептердің білім туралы заңдарды іс жүзінде орындауы бойынша қызметін қадағалау, білімнің дамуына қолдау көрсету және білім шарттарын жақсарту шығады.

Ішкі бағалаудың мақсаты білім беру жүйесінің жағдайы туралы ақпаратты алу, білім беру ортасындағы жағымсыз құбылыстардың дамуына жол бермеуге және оның алдын алуға бағытталған, мектептің болжамдауға жататын өзгерістерінің жүйесін әзірлеу болып табылады.

Сыртқы және ішкі бағалау қатар үйлесімділігінде жүретін бақылаудың негізгі түрлері келесідей көрініс береді: салыстырмалы бағалау (мектептің негізгі нәтижелерін, тек білімділік емес, дамуға да және белгіленген міндеттерді орындауға да мүмкіндіктерін осы аядағы ұлттық немесе халықаралық нәтижелермен салыстыру); жағдайлық бағалау (белгіленген міндеттердің қаншалықты жақсы шешіліп отырғанын анықтау үшін, мектептердің белгілі түрлерінің қызметін, белгілі бір білімділік секторды немесе тұтас білім беру жүйесін бағалау);

Бағалау жүйесі төрт негізгі бағыт бойынша нәтижелерді анықтауға бағытталған: 1) оқу орны қызметін өз бетінше бағалау (ішкі бағалау); 2) мектеп оқушысының оқу нәтижелері (ішкі бағалау); 3) оқу орындарының қызметі туралы түрлі деректерді жинақтау арқылы тұтас білім жүйесінің дамуы туралы ақпаратты алу (сыртқы бағалау); 4) білім беру үрдісінің жеке қырларынан жетістіктер туралы ақпаратты алу (сыртқы бағалау).

Финдік мектепте оқушылар бағамен (балмен) 12 жасына дейін бағаланбайды. Бастауыш мектепте емтихандар өткізілмейді. Әр оқушы өз ырғағымен ілгері қадам басып, дамуда. Баға қою оқушының білімділік жетістіктері жолындағы кедергі деп саналады. Баланың ата-анасы оның жетістіктері туралы ақпаратты жылына екі рет алады, онда баға жоқ, бірақ бала жетістіктерін сипаттау орын алады. Бастауыш мектептің өзінде мұғалім оқушыны өз бетінше бағалауға, ол оны өз ерекшеліктерін түсінуге және өз ресурстарын жақсы оқу нәтижелеріне жету үшін шоғырландыруға үйретеді.

Балл түріндегі бағалар (4-тен бастап 10-ға дейін) тек 6-сыныпта пайда болады. Пәнді толық білмеуі «4» балымен бағаланады. Бұл оқудың толық курсын қайталап өту қажеттігін білдіреді. «4» саны кездейсоқ таңдалған жоқ: негізгі мектептегі бағалаудың финдік жүйесінде «0» мәнімен берілетін баға арқылы баланың абыройын, намысын түсіруге болмайды. Түрлі балдар білімнің белгілі деңгейіне сәйкес келеді: 7 балл – орташа нәтиже, 8 балл – жақсы нәтиже, 10 балл – үздік нәтиже. Негізі мектептегі бағалар орта мектептің жоғары – жалпы білім беру немесе кәсіби бағдарлы сыныптарына оқуға түсу үшін негізгі фактор болып табылады. Жоғары сыныптарда да бағалар сол балмен қойылады (4-тен бастап 10-ға дейін), бірақ бұл кезде бағалау жиілігі өзгереді. Бағалау сынақ аптасы түрінде әр 6 апта сайын өткізіледі оның барысында оқушы тесттерді бірнеше уақыт бойында жазады (9.00-ден бастап 12.00-ге дейін). Орта мектептің соңында оқушылар зерделеніп отырған пәні сабақтарының 2/3 мазмұны бойынша өзінің жетістіктерін дәлелдеу керек, бұл орта мектепті аяқтағаны туралы сертификат алу үшін қажет болады. Осы емтихандардың барысында бағалаудың басқа шкаласы («0» балдан бастап – қанағаттанарлықсыз, 7 балл - «үздік нәтиже») қолданылады. Сәтсіз аяқталып, сынақта «0» балл алған жағдайында, оқушылар нақты пәнді зерделеуді қайталауға немесе белгілі мерзімде қайта емтиханнан өту мүмкіндігіне ие. Финдік мектепті бағалаудың қаһарлы реңкі жоқ және ол тек оқушының өзі үшін қажет, баланы белгіленген мақсатқа жету және өздігінен тексеру үшін қолданылады, бұл оқушының қалауы бойынша өз білімін жақсартуда қажет. Олар мұғалімнің, мектептің беделіне ешқалай әсерін тигізбейді және аудандық көрсеткіштерді бұзбайды.

Сингапурдағы мектеп алды білімі балаларда 3 жасынан басталып 3 жыл бойында жлғасады: бөбектер бақшасы, бірінші және екінші жылдар (K1 және K2). Бала-бақшалардың шеңберінде балаларды бір-бірімен қарым-қатынас құруға, ана тіліне, есептеуге үйретеді. Ана тілінен өзге (қытай, малай немесе тамиль) балалар ағылшын тілін меңгереді.Барлық бала-бақшалары жеке меншік қолында, соның ішінде діни ұйымдар немесе жеке қорлардың басқаруында.

Сингапурлық балалар үшін бастауыш мектепте білім алу 6 жасынан басталып, 2 кезеңге бөлінген, олар: негізгі (1-сыныптан бастап 4-сыныпқа дейін) және бағдарлы (5 және 6-сыныптар). Бастауыш мектепте білім алу, әр оқушыдан түрлі шығындарды өтеу үшін 13 сингапурлық доллар көлемінде ақы алынуына қарамастан, барлығы үшін тегін және міндетті. Бастауыш мектептің негізгі кезеңіндегі бағдарламаға ағылшын тілін, ана тілін (қытай, малай, тамиль) және математиканы зерделеу, сонымен қатар, азаматтылық негіздері, сурет, музыка және дене мәдениеті сабақтарына қатысу енеді. 3-сыныптан бастап бағдарламаға жаратылыстану ғылымдары қосылады. Бастауыш мектептің негізгі сатысынан кейін (1-4 сыныптар) оқушыларға ағылшын тілін, ана тілін, математиканы және ғылымдарды зерделеу бастауыш мектептің 5-6 сыныптарында бастауыш курстан өткеніне қарап, ұсынылады. Ана тілін зерделеудің бастауыш сыныбын жоғары балдармен өткен оқушылар ана тілінің жоғары деңгейін зерделеуге құқылы.

Ұлыбританияның  балалары  5 жасында  мектепке  барады.  Осы  сәттен  бастап міндетті білім басталады. Ол екі сатыдан құрылған: бастауыш (Primary немесе Preparatory Education)  және  орта  білім  (Secondary Education).  Preparatory School балалары 11 жасына дейін оқиды. Бірінші жыл Reception (яғни, қабылдау дайындығы)  деп  аталады,  екіншісі   1  жыл  болып  саналады.  Қазақстандық білім  беру  жүйесінен  ерекше,  ағылшын  оқушыларының  алғашқы  жылы сынаққа  алынбайды,  оқу  жылдарының  есебі  6  жасынан  ба  сталып  бастауыш мектептің деңгейі 6-жылмен аяқталады.  

Осы  уақыт  бойында  балалар  емтиханды  екі  рет  тапсырады:  екінші   және алтыншы  оқу  жылдарында,  сәйкесінше  бұл  түйінді  (Key Stage)  1 және  2 кезеңдері.  Тестілеу  нәтижелері  білім  алушылар  үлгерімінің  бірыңғай  ұлттық базасына енгізіледі.  4  жасында  бастауыш  мектепке  оқуға  түскенінде,  оқушылар  есеп жүргізумен, оқумен және жазумен тиянақты шұғылдана бастайды, бұл кезде үй тапсырмалары  аптасына  1 рет  беріледі.  

Міндетті  түрде  дене  шынықтыру сабақтары  өткізіледі,  көптеген  мектептерде  аптасына  1  рет  балалар  бассейнге барады.  Білім  беруде  басты назар  білімдерді  өз  бетінше  алу  икемдеріне  және оларды іс жүзінде қолдануға аударылады. Білім алушылар кітапханаларда және зертханаларда жаттығып,  өз  тапсырмаларын  өздері  есінде  сақтауы  тиіс. Білімдерді  тексеру,  әдеттегідей,  жазбаша  үлгіде  эссе  мен  жобалар  түрінде өтед.Бұл  жағдайда  мұғалім әдетте тек әлдебір мәселенің сұлбасын ғана белгілеп.қояды,  ал  білімалушылар  оның  тақырыбын  өздері  тұжырымдап, материалды таңдайды.

 Бастауыш  мектептегі  сабақтар  ықыластық,  ойын түрінде,  барлығын  бір жалпы  деңгейге  «тықпалаусыз»  өтеді.  Әр  бала  жеке,  өзінің  мүмкіндіктерінің деңгейіне сәйкес дамиды.  Ағылшын тәрбиесінің басты мақсаты – баланың күш-жігерін, кез-келген жағдайда өзін сабырлықпен ұстау, қиыншылықтарға төзбеу, кез-келген, ең күрделі деген жағдайлардан жол табу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет