1. Жобалау әрекеті барысында оқушылардың портфолиосы



Дата16.05.2020
өлшемі16,61 Kb.
#69018
Байланысты:
жобалаау


1. Жобалау әрекеті барысында оқушылардың портфолиосы жасақталады, онда оқушылар жасаған зерттеу нәтижелері, талдаулары, идеялары мен шешімдері жинақталады. Олар модель, сурет, схема түрінде қысқа, нақты болуы қажет. Мәтін түрінде жазбаша жазылғаннан гөрі модельдеу түрінде беру – оқушылардың символдық, таңбалық ойлауын да дамытуға мүмкіндік береді.

       Оқушылар өз портфолиосын безендіруге уақыт жібереді, оларға портфолионың жұмыс құжаты екенін түсіндіру қажет, ең бастысы, жоба нәтижесінің рәсімделуі, күтілетін нәтиженің алынуы.

       Жобаның нәтижесі үш түрлі болады, олар:

- жобаланған, дайындалған, сыналған, бағаланған материалдық бұйым;

- жобалау портфолиосы;

- оқушылардың танымдық, білімдік деңгейінің дамуы жаңа сапаларының пайда болуы;

Мұғалімнің міндеті – оқушылардың дамуына қолайлы орта тудыру, жұмыс істеуіне жағдай жасау.

       Жобалау әрекетінің мақсаты – оқушылардың белсенділігін, шығармашылығын, өз бетімен ойлау, білім алу қабілеттерін дамыту. Соған орай «оқушы - мұғалім» қарым – қатынасы да өзгереді. Атап айтқанда:

- әрекеттің мақсаты оқушыға қатысты анықталады – мұғалім оны орындауға жағдай жасайды;

- оқушы жаңа білімді өзі үшін ашады – мұғалім оның жолын ұсынады;

- оқушы тәжірибе жасайды – мұғалім тәжірибенің әдісі мен түрлерін үйретеді, ұйымдастыруға көмектеседі;

- оқушы таңдау жасайды – мұғалім таңдау нәтижесін болжауға көмектеседі;

- оқушы белсенді – мұғалім оны қолдайды, дамытады;

- оқушы – субьект, мұғалім – көмекші;

- оқушы алынатын нәтижеге жауапты – мұғалім алынған нәтижені бағалауға көмектесуші, орындау жолдарын көрсетуші.

Сондай – ақ, мұғалім жоба барысында төмендегі мәселелерде көмектесуі аса қажет:

жобаның мақсат – міндеттерін анықтауда;

нәтижесін жоспарлауда;

тәжірибе қоюда;

презентациялауда;

портфолио жинақтауда.

Шетел мектептерінде жобалау әдісін (Бельгия, Германия, Италия, Норвегия, Ұлыбритания, т.б.) қолданылу тәжірибесі белгілі бір проблеманы шешуде оқушылардың теориялық білімдері мен практикалық тәжірибесін ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретіні анықталды.

       Сөйтіп, мектепте жобалау әдісін қолдану:

- оқушылардың танымдық әрекеттерінің белсенді болуына ықпал етеді;

- оқушылардың оқу барысындағы біліктіліктері мен дағдыларын (атап айтқанда: оқу проблемасын қоя білу, мақсатқа жету жолдарын анықтай алу, өз бетімен жұмыс жасай білу, өз әрекеттерін бағалай білу) қалыптастыруға мүмкіндік береді.

2. Оқушылардың жобалау жҧмысын бағалау

әдістемесі

Жобалау жұмысын бағалау–педагогтардың жаңа

көзқарасын қажет ететін ерекше бағалау үдерісі. Дәстүрлі

оқытумен салыстыратын болсақ, онда оқушының игеретін

білімі, білігі мен дағдысы нормативтік сипатта

болғандықтан, оларды бағалаудың өлшемдері (критерийлері)

нақты беріледі.

Мысалы, жазу үлгісінің, есепті орындаудың эталоны

(үлгісі) болады, сонымен қоса, оны орындау деңгейі де

белгіленеді. Баға қоюда берілген эталон мен оқушының

орындау деңгейі салыстырылады да, қаншалықты үлгіге

сәйкес келетіні бағаланады. Берілген норма (эталон, үлгі)

шын мәнінде оқушының тапсырманы орындау деңгейін

өлшейтін құрал болып табылады. Сөйтіп, қаншалықты сынға

ұшыраса да, дәстүрлі оқытудағы бағалауды белгілі бір

дәрежеде обьективті деуге болады. Солай бола тұрса да,

қалыптасқан дәстүрлі педагогикалық іс–тәжірибеде

оқушының жұмысын бағалау емес, оқушының өзін бағалауға, тіпті, жаза қолдануға айналып кеткені белгілі. Бұл

бүгін көптеген келеңсіз жағдайларға, мысалы, білім алу үшін

ғана емес, баға үшін оқуға әкеліп отыр.

Жобалау жұмысында оқушылардың алатын өнімдерінің

(нәтижелері) білім, білік, дағды сияқты нақты нормативтік

сипаты болмайды. Соған орай жобаның нәтижелері оның

мақсатына қаншалықты сәйкестігі бағаланады. Ал

жобалаудың мақсаттары бірдей болмайды, сол себепті

бағалау критерийлері үнемі өзгеріп, қойылатын талаптары

өлшеуге сәйкестендіріліп отырады.

Оның бірнеше мүмкіндіктері бар. Мысалы жобаға бір

емес, бірнеше баға беруге болады: топтың бірлескен жұмыс

деңгейі; жобаның идеясының өзектілігі; оның жүзеге асыру

тиімділігі, сәтті жасалған презентация, т.б. Жобалау әрекетін

бағалаудың әдістемелік нұсқаулары тәжірибеде жасалып

енгізіліп те жүр. Төменде жобаларды бағалаудың өлшемдерін

ұсынамыз:

1. Жобаның барлық кезеңдерін орындаудағы өз

бетіндік жұмыс жасау дәрежесі:

2. Оқушылардың топтық жұмысқа араласу және өз

рөлдерін орындау дәрежесі;

3. Пән бойынша, жалпы мектепте алған білім, білік,

дағдыларын пайдалана алу дәрежесі;

4. Жобаны орындауда пайдаланылған жаңа

ақпараттар саны;

5. Пайдаланылған ақпараттың мәнін түсіну дәрежесі;

6. Қолданып отырған әдістердің күрделілігі және

оны игеру деңгейі;

7. Мәселені шешу идеясы мен шешу жолдарының

жаңалықтың тың болу дәрежесі;

8. Жобаның мәселесін анықтау мақсатын қою және

оның мәнін түсіну деңгейі;

9. Презентацияны, жазбаша есепті дайындау,

ұйымдастыру және өткізу дәрежесі, оның

барысында көрнекі құралдарды пайдалану деңгейі;

10. Рефлексия жасай білу деңгейі;

11. Презентация жүргізудегі шығармашылық

дәрежесі;

12. Алынған нәтиженің әлеуметтік және



қолданбалы маңызы.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет