1. Жоғары оқу орындары, тарихы мен сипаты



Дата07.02.2022
өлшемі43,93 Kb.
#85105
Байланысты:
сейілӘсем пед


1. Жоғары оқу орындары, тарихы мен сипаты
2. Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы
3. Жоғары оқу орындарында оқу процесінің ұйымдастыру жүйелері
4. Жоғары оқу орындарындағы оқу-жоспарлау құжаттары
1.Жоғары білім беру мектебі, дүниежүзілік білім беру тәрбие жүйесі ретінде, көптеген ғасырлық тарихи даму жолын басып өтті.Дүниежүзінде жоғары оқу орындарының құрылу тарихы мен даму жөнінде сөз етсек.
Ежелгі Грекцияда бірден – бір алғашқы жоғары оқу орыны құрылды. Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда Платон Афинге жақын жерде, Академге арналған, философиялық, кейін келе Академия деген атқа ие болған мектеп ашты. Академия бірнеше мыңдаған жылдар бойында өмір сүреді және 529 жылы жабылды. Аристотель Афинадағы Аполлона Ликейский храмында басқа оқу орнының – Ликей ашты. Ликейде негізінен философияны, физиканы, математиканы және табиғат жөніндегі басқа да ғалымдар оқытылады. Оны қазіргі лицейдің шыққан тегі деуге болады.
Эллин дәуіріндегі (308 – 246 б.ғ.д) Птоломей Мусеум (латыншы Museum – Музаларға арналған орын) құрды. Лекциялық сабақ формасында онда ғылым негіздеріне – математикалық, астрономия, жаратылыстану, медицина және тарих оқытылады.
Онда, Мусеумда Архимед, Евклид, Эратосфендер дәріс береді. Мусеум кітап қорын және басқа мәдени құндылықтарды сақтауда маңызы зор болды. Қазіргі күнгі мұражай сол Мусеумнің тарихи жалғасы десек болады. Жоғары оқу орындарының басқаша варианты ежелгі грекияда философиялық мектеп пен Эфебийлер (әскери – спорттық бағыттағы оқу – тәрбие орыны) болды.
425 жылы Константинопольде жоғары мектеп Аудиториум (латынша audire – тыңдау) ашылды. Ислам өмірінде Бағдатта (850 жылы) Даналық үйлерінің пайда болуы білім берудегі айтарлықтай оқиға болды.
Даналық үйлерінде ірі ғалымдар мен олардың шәкірттері бас қосатын болды. Олар пікір талас, әдеби шығармаларды оқу және талдау, философиялық және ғылыми шығармалар мен трактаттар, қол жазбалар дайындады, сонымен бірге лекция оқыды. XI – XIII ғасырларда Бағдатта жаңа оқу орындары медресе пайда болды. Медресе ислам дүниесіне барынша таратылды. Ең әйгілісі – Бағдатта 1067 жылы ашылған Низамейн Медресесі. Мұнда діни де, ағартушылық та білім беріледі. Шығыстағы университет типіндегі мектептердің пайда болуы (лекция залдарымен, бай кітапханалармен, ғылыми мектебімен, басқару жүйесімен) ортағасырлық Еуропа университетерінің дамуына нагізін болады. Ислам дүниесінде білім беру жүйесі, әсіресе, арабтардың Европадағы білім беру үрдісінің дамуына маңызды әсері болды.
Европада XI ғасырдың соңы, XII ғасырдың басында бірқатар кафедралық және монастырлық мектептер ірі оқу орындарына айналады, одан әрі университеттер деген атқа ие болды. Мысалы, Құдай сөзі Сорбонни мектептерінің медециналық және заң мектептерімен бірігуі негізінде Париж университеті (1200 ж) пайда болды. Нақ осылай жүйеде Неапольде (1224 ж), Оксфордта (1206 ж), Кембрижде (1231 ж), Лиссабонда (1290 ж) университеттер құрылды. Европада университтетер жүйесі қарқынды дами бастады. Мысалы, XIII ғасырда 19 университет болса, XIV ғасырда олардың саны 44 – ке жетті.
Алғашқы университеттер мәдениеттің, ғылымның және білім берудің қалыптасуына игі әсер еткен ойыншылардың Р. Бэкон, Я. Гус, А. Данте, Дж. Уинкил, Н. Коперник есімдерімен тығыз байланысты.
Алғашқы университеттер көшпелі, жылжымалы, ұлттық және демократиялық сипат алды. Соғыс немесе эпидемия жағдайында университеттің басқа қалаға, тіпті басқа елге көшірілуіне мүмкіндік беріледі. Ал халықаралық студенттер мен оқтушылар ұлттық жерлестіктерге (ұлт, әріптестер) біріктірілді. Мысалы, Париж университетінде 4-ке жуық жерлестік: францзудар, пикардиялықтар, ағылшындар және германиялықтар болса, ал Болон университетінде 17 жерлестік.
XIII ғасырдың екінші жартысында университеттерде факультеттер мен колледждер пайда болды. Факультеттер алғашында – бакалавр ( 3 -7 жыл профессор жетекшілігінде табысты оқығандар), кейін магистр, доктор немесе миценат ғылыми дәрежесін беретін болды. Жерлестіктер университет тағдырын бірлесе отырып, оның басшысы, ректорды, тағайындап отырды. Ректор міндетін бір жылға жүктеледі. Құзырлы түрде университет белгілі факультеттер мен жерлестіктер билігінде болды. Десек те, мұндай жағдай XV ғ. Соңында өзгеріске ұшырап, факультеттер мен жерлестіктер өз ықпалын жоя бастады. Билік үкімет ықпалына берілді.
Ең алғашқы университеттер бар болғаны бірнеше факультеттерді құрды. Олардың мамандануы ұдайы жетілдіріліп отырды.
Университеттер идеясы оның атынан Universitas латын тілінен аударғанда жиынтық, – белгілі болып тұр

2. Бүгінгі күрделі заманда студенттік орта қалай тәрбиеленуде деген сұрақ қоғамды мазаландыратын маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені жастар уақыт талабын қажетті деңгейде толыққанды сезініп қабылдай қоймайды, оның басты себебі олар өмірге толық бейімделінбеген. Оның сыры ата-ананың қамқорлығынан шыға алмауы, соның нәтижесінде жауапкершілік пен өзіндік дербестігінің шектеліп қалуында десе болады.


Олай болса, жоғары оқу орындарында студентті тәрбиелеу білім беру мақсатына жетудегі арнайы ұйымдастырылған қызмет іспеттес. Өйткені, жеке тұлға – объективті және субъективті, табиғи және қоғамдық, ішкі және сыртқы, адамның еркіне тәуелді және тәуелді емес көптеген себептердің нәтижесінде қалыптасады және дамиды.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеттері тұжырымдалынған:
ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру .
Бұл мәселе Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да назардан тыс қалмаған. Ол құжат бойынша жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру белгіленген. Сол себепті, жоғары оқу орындарында мамандарды даярлаудың жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа әдістәсілдердің өзегі кәсіби біліктілікпен қоса мәдениеттілікке және тұлғалық қасиеттерді дамытуға бағытталған. Түпкі мақсат – жүріс-тұрыс өлшемдерін жетілдіру арқылы нақтылы тәжірибе барысында, яғни студентке дербестік беру барысында жауапкершілікті сезіндіре алатын тәжірибелердің негізінде тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру. Сол ретте, университеттер жастарды тәрбиелеудің және дамытудың негізгі әлеуметтік мәдени тірегі болып табылады.
Мәдениеттіліктің рухани-өнегелік ұстанымы мейірімділік пен аяушылық, шыдамдылық пен сүйіспеншілік, ымырашылдыққа ұмтылумен және әділеттілікпен айқындалатын қағидаттары әр тұлғаның санасы мен жүрегіне жеткен болса, адамзатқа жат мәдениетсіздіктің ұстанымдарын біртіндеп ығыстыру арқылы өмірдің барлық саласында адамдар арасындағы қатынастар- ды айқындаушы сипатқа ие болады. Олай болса, жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік-мәдени ортаны жетілдіруге ерекше назар аударылуы қажет. Білім беру мекемесіндегі әлеуметтік-мәдени орта студенттердің негізгі мәдениетін, оқытушылардың педагогикалық мәдениетін дамыту үдерісін қамтамасыз ететін әртүрлі жағдайды құруға мақсатты түрде бағытталған жиынтық ретінде қарастырылады.
Бұл бір жағынан, студенттің жеке ерекшеліктері мен қызығушылығына сай айқындалатын әлеуметтік-мәдени кеңістік. Дегенмен екінші жағынан, бұл – педагогикалық ықпал ету аясы, яғни студенттің тұлғалық қасиеттерін дамыта түсетін педагогикалық жағдайды жасау.
Білім беру мекемесіндегі орта – Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру үлгісінің талаптарына сай болашақ мамандарды оқыту және тәрбиелеуге қажетті жағдайларды қамтыған әлеуметтік макрокеңістіктің бір бөлігі.
Жоғары оқу орындарындағы қазіргі әлеуметтік-мәдени орта білім беру кеңістігіндегі қатысушылардың қызметін жүзеге асыруға бейімделінген жағдайдың жиынтығы ретінде келесі талаптарға сай болуы тиіс:
тұлғалық мүмкіндіктердің ашылуына жағдай жасау;
тұлғалық қызығушылықтарды, қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік туғызу;
әлеуметтік өзгерістерге бейімделу үшін жағдай жасау;
мінез-құлық үлгілері мен құндылықтарды қалыптастырушы құрал ретінде болу;
мекеменің даму болашағын айқындау.
Әрине, студентті таңдаған болашақ мамандығына икемдеу басты орында тұрғаны абзал. Ал, тәрбие мәселесі студенттің мамандығымен үйлесіп дамыса, олар тек бір-бірін толықтыра түседі. Соның негізінде «көзі ашық көкірегі ояу» азамат тәрбиелеуге ұмтылу қажет.
Студенттердің білікті маман болып қалыптасуына қатысты белгілі дипломат Қ. Исағалиев өзінің «Өмір шуақтары» атты еңбегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің халықаралық қатынастар факультетінде кезінде Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, яғни белгілі дипломат Қ. Тоқаев бастаған бірқатар дипломаттардың дәріс беріп, өздерінің дипломатия саласындағы мол тәжірибелерімен бөліскендігі жөнінде жазады. Бұл студенттердің білімін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан ұштастыруы, сонымен бірге дипломаттардың біліктілігі мен мәдениеттілігі әр студентке тәрбиелік жағынан оң әсер қалдырады.
Жалпы, жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік-мәдени ортаны жетілдіру – түлектердің жалпы мәдени және кәсіби құзіреттілігін инновациялық қызмет ретінде қамтамасыз етуге бейімдеу арқылы жүзеге асырған жөн. Қоғамның, мәдениеттің және білім берудің қазіргі даму барысында педагогикалық қызметтердің инновациялық бағыттарының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.
Біріншіден, жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық жаңарулар әртүрлі білім мекемелерінде білім беру жүйесін, әдістемелер мен оқутәрбие үдерісін ұйымдастыру технологияларын түбірлі түрлендіру қажеттілігіне әкелді. Оқытушылардың қызметіндегі инновациялық бағыттары – педагогикалық жаңа әдістерді ойластыру, меңгеру және пайдалануды қамти отырып, білім беру саясатын жетілдірудің құралы болып табылады.
Екіншіден, білім беру мазмұнының гуманитаризациялануын арттыру, оқу пәндерінің көлемін, құрамын үздіксіз өзгерту, жаңа пәндерді, жаңа оқыту технологиялары мен ұйымдасты- ру түрлерін енгізу тұрақты түрдегі ізденістерді қажет етеді. Бұл оқытушылар ортасындағы педагогикалық білімнің рөлі мен беделінің елеулі өсуіне әкеледі.
Үшіншіден, оқытушылардың өздерінің педагогикалық жаңаруларды игеру мен қолдануға қатысты ойлары өзгеріске түседі.

Ал студенттік жылдар – бұл келешек мамандарды кәсіби дайындау мерзімі ғана емес сондай-ақ, олардың жеке тұлға болып қалыптасу кезеңі. Жоғары оқу орындарының оқытушылары студенттер өмірінің осы кезеңінде олардың маман ретінде, азамат ретінде қалыптасуына, тәрбие алуында үлкен рөл атқаратындығын өте жауапты сезінуі қажет.


Жоғары оқу орындарындағы тәрбие – бұл студенттерге саяси сауаттылықты, өнегелілікті, әсемдікті, салауаттылықты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылатын әрқилы әрекеттер, олардың қабілеттілігі мен рухани күшін дамытуға, қоршаған ортамен және азаматтармен қатынасын қалыптастыруға нақтылы бағытталған, арнайы ұйымдастырылған оқытушы мен студент арасындағы педагогикалық үрдіс. Сол себепті тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыруға қолғабыс ететін жалпы тұжырымдамалық қағидаларға тоқталып өтейік.
Аудиториядан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары оқу үрдісімен байланысты дербес санат ретінде қабылдануға тиіс. Тәрбие мен оқу ортақ мақсатқа ие – келешек маманды «тұлға» ретінде қалыптастыру. Тәрбие ісі бұл оқу үрдісінің жалғасы емес, сондықтан қосымша сабақ ретінде өткізуге болмайды. Ол тек оқумен ортақ мақсатқа сүйенеді және студенттердің рухани, салауатты дамуына көмектесуде, жеке тұлғалық және әлеуметтік мәнді қасиеттерінің қалыптасуына өзіндік мазмұнымен, әдістемесімен және ұйымдастырылу түрімен өз мақсатын жүзеге асырады. Тәрбие азаматтық қалыптасуына жәрдемдеседі.
Жоғары оқу орындарындағы тәрбие дербес санат ретінде өз мақсатын – келешек маман тұлғасын жан-жақты дамытуды жетекшілікке алады. Жарым-жартылай бұл мақсат оқу барысында да жүзеге асырылады, тек жартылай ғана, өйткені оқу үрдісінің өз мақсаты өз алдына, ол оқу бағдарламаларымен, ұйымдастыру ерекшелігімен шектеледі. Ал тәрбиелеу жұмысы осы мақсатты жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланады. Оның жүзеге асуы студент тұлғасының дамуына жан-жақты ықпал етуге тиіс.
Студенттерді тәрбиелеу өнімділігі осы үрдістің жүйелі болуына тікелей қатысты. Яғни, оқу үрдісі, аудиториядан тыс тәрбие жұмысы, қоғамдық ұйымдар мен студенттердің қалауына сай ұйымдардың жұмысы, жоғары оқу орнындағы ішкі жағдай жүйенің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Жоғары оқу орнындағы кіре берістен бастап аудиторияға дейінгі барлық дүниенің тәрбиелік мәні өте зор болуға тиіс. Егер тәрбие мәселесі жоғары оқу орнының барлық әлеуметтік құрылымының қызметі болатын болса, онда үйлестірілген тәрбие жүйесінің құрылғандығы жөнінде айтуға болады.
Оқытушы жетекшілігін ескере отырып, басынан бастап бұл үрдіске студенттердің өздерінің күш-жігерін, белсенділігін қоса білу қажет.
Студенттерді тәрбиелеу үрдісіне келесі функциялар тән: тәрбиелік, дамытушылық, білім алушылық-танымдық, жан-жақтылық, ұйымдастырушылық, кәсіби. Тәрбие беру нәтижесінде барлық функциялардың толық деңгейде жүзеге асуы міндетті емес. Функцияларды білу мен түсіну тәрбие ісін ұйымдастырушыларға тәрбие ісін жоспарлауда, жаңартуда, ұйымдастыруда, педагогикалық сараптауда оның мүмкіндіктерін толық пайдалануға көмектеседі.
Жоғары мектептің заңды негізде бекітілген кәсіптік мамандарды даярлау қызметі студенттің жеке басының қалыптасуына шектеулі көлемде біржақты тәсілдің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Тек нақтылы өмірде адам кәсіби қызметпен ғана айналысып қоймайды ғой. Осыған сәйкес студенттерді тәрбиелеуде жүйелік рөл тәсілі әлдеқайда өзін-өзі ақтайды.
Жоғары мектеп әрине кез келген студентке барлық әлеуметтік рөлдерді игеруіне көмектеседі, ал әрбір студент болса жас ерекшелігіне және әлеуметтендірілу жағдайына қарай оны игеруге қабілетті. Әлеуметтану саласының ғалымдарының пікірі бойынша: «Қоғамның әлеуметтікмәдени және экономикалық қажеттіліктерінің шиеленісуі тәрбие беру институттарының саналуандылығын арттыруы керек, солар арқылы қоғам мен мемлекет әр адамның өз мүмкіндіктерін іске асыруға, қабілеттері мен мүдделерін дамытуына жағдайлар жасап отырады», – деп тұжырымдайды.
Ал әлеуметтік рөлдер жүйесі шындығында жас адамдарды өмірге, қоғамға және еңбекке баулиды. Атап айтқанда бүгінгі күні ең өзекті мәселелердің бірі болып әсіресе маманның кәсіптік өнегелілігі, ал педагогтық өнегелілік негізгі, тұжырымдамалық ілімнің бір мәртебесіне ие болып, жоғары оқу орындарының тәрбиелік қызметінің жиынтығында өз орнын иеленуі тиіс. Педагогтық өнегелілік – рухани-құлықтық пен құндылықтар жүйесі негізінде қалыптасады. Сондықтан да білім беруде оқытушылардың бойында болуға тиісті келесі басты элементтерді де атап өткен жөн:
кәсіптік абырой мен қадір-қасиет;
студенттердің жеке басын қадірлеу;
студенттерге қатысты бірыңғай тілектестік қарым-қатынастар;
студенттердің іс-әрекеттеріне әділ қарау;
педагогтық ізеттілік;
кәсіптік қызметтегі қиыншылықтарды жеңуге әрқашан әзір болу.
Өнегелік құндылықтар мен қадір-қасиет өзара тығыз байланысты. Сондықтан да осылардың негізінде оқытушыларға қарап студенттерде де жеке жауапкершілік қасиеті қалыптасады. Сол ретте студенттердің жоғары оқу орындарында оқып жүрген кезінде өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі мен ынтасын қалыптастыру өте маңызды болып табылады. Университетте білім беру технологиясы арқылы студент дербестік, жауапкершілік, талаптану мен өз бойындағы кәсіби, зияткерлік, рухани, адами және шынығу деңгейін тұрақты түрде жетілдіру сияқты маңызды құзіреттіліктер мен сапаны қалыптастыру жағдайымен қамтамасыз етілуі, жас ұрпақты тәрбиелеудің басты шарты болып қала бермек.
3. Аудиториялық сабақтарға қатысу міндетті. Десекте, кейбір студенттер ол сабақтарға қатыспау себептерін іздестіретіні белгілі. Өйткені, жіберілген материалды кітаптардан – ақ оқып, білім алуға болады деген пікірде болады. Мұндай студент, ешқандай кітап, басқа да ақпарат көздері, оқушымен қарым – қатынастағыдай пікір алмасуды алмастыра алмайтынының ұғынбайды.
Аудиториялық сабақтар тек қана студантерге білім беруді ғана міндет етіп қоймайды, олардың өз бетінше білім алуына дағыдалындырады. Олар тек білімді меңгертуді ғана мақсат етпей ойлау қабілетін дамытуда да мақсат тұтады. Аудиториялық сабақтарда студенттер оқушылармен қарым – қатынас арқылы болашақ маман ретінде қалыптасады.
ЖОО орындарында аудиториялық сабақтардың үш түрі: лекция, практикалық сабақ, қоғамдық пәндер бойынша смеминар және лабораториялық сабақтар қолданылады.
Лекция барысында, курстың (пәннің) оқу бағдарламасы бойынша негізгі мәселелері қаралады. Лекцияда студент актуальді, фундаментальді, жүйелі білім негіздерінен бағыт – бағдар алады. Мұндай білімдерді студент оқу құралдарынан жинақтай алуы қиынға соғады. Бұл студентке оқу пәндері бойынша кітаптың жоқтығынан немесе олардың аздығынан емес, уақытының, алғашқыда оларды пайдалану тәжірибесіздігінен деп білген жөн. Өйткені, оқытушы лекция барысында оқылатын пәнге, қосымша әдебиет көздерінен алған ақпараттарға, тәжірбибеге және зерттеу нәтижелеріне сүйенетіндігінде.
Лекция барысында лектор білімінің пайда болуы мен оның процесін айқындайды. Лекция – ойлау қабілетінің бірден – бір құралы болып саналады және ол студеттерді педагог мамандығының қыр – сырып үйрететін тәрбие құралы. Мұнда көрсетілген аудиториялық сабақтар бір – бірімен тығыз байланысты құрлым. Лекцияда, практикалық және лабораториялық сабақтарға қажетті материалдар беріліп қана қоймайды, ал практикалық сабақтар мен есептер шығару барысындағы нәтижелер лабораториялық сабақтар жүргізуде де игі ықпалын тигізеді.
Практикалық сабақтарда студенттер есептер шығарумен, теориялық жағдайларды талдаумен т.с.с. айналысады. Бұл сабақтар қалыптасқан білім негізінде практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталады. Сонымен қатар, студенттерді практикалық тек іс – әрекетке дайындап қоймай, ой еңбегіне қалыптасуына, шығармашылық есептерді бағыттап меңгеруіне септігін тигізеді.
Лекция студенттерді шығармашылық әдіснамасына жаттықытырады. Практикалық іс – әрекет дағдыларын меңгереді. Өйткені мұндай дағдылар өздігінен қалыптаспайды. Бірінші кезде оқытушы көмегімен оларды қалыптастыра отырып, өзбетінше іс – әрекет атқаруында дағдылануы тиіс. Сондықтан лекция барысында студент сабақтармен біргелікте жұмыс атқарса, практикалық сабақтарды оқушының басшылығында және өзбетінше атқаруы керек.
Практикалық сабақтарда студент логикалық ойлау дағдыларын дамытуы, өзінің ой түйінін дұрыс, дәйектей жеткізуге әрекеттенуі қажет. Адам ойының нақтылануы, шыңдалуы сөз жүйесі арқылы жүзеге асады. Ойлаудың логикалық жүйесі сөз тұжырымы арқылы жүзеге асады. Сондықтан практикалық сабақ барысында студент алға қойылған есепті ғана шешіп қоймай, алынған нәтижені талдау, өз құрбыларына жеткізуі, өз көзқарасын тұжырымдауы, есепті орындау әрекеттерін дәйектілеу, алынған нәтижені түсіндере алуы керек.

Лабораториялық сабақ – негізгі теориялық жағдайларды, құбылыстарды, процестерді дәйектеуге қойылған тәжірибелік іс – әрекеттер. Лабораториялық сабақта студенттер оқытушы басшылығмен бақылау – өлшеу құралдары, техникалық құралдары, аппараттары мен экаперименттік ізденіс әдістемелері үйренеді. Әрбір лабораториялық жұмыстар бойынша жазбаша есеп дайындайды. Есепте эксперимент барысы және оның нәтижесі, сонымен қатар алынған нәтижелердегі қателіктерге түсініктемелер беріледі. Мұның ішінде, практикалық сабақ барысындағыдай зерттелініп және өлшеніп жатқан шамалар, құблыстар, процестер, сипаттамалар және параметрлер арасындағы өзара байланыстарға талдаулар жасалады. Сондықтан, лабораториялық жұмыс, практикалық жұмыстар студенттерге логикалық ойлауды дамытуға септігін тигізеді.


Жазбаша есеп беру барысында студенттер өз ой түйіндерін сауатты жазуға үйренеді. Пактикалық сабақтан өзгешелігі мұнда студент өзбетінше жұмыс жүргізуге дағдыланады.
Студенттердің өз бетінше орындайтын жұмыстары.
Студенттердің өзбетінше орындайтын жұмыстары университеттің барлық оқу процесінің негізгі құрамы болып табылады. Өзбетінше орындайтын жұмыстардың негізгі бағыттары – лекция материалдарын оқуға, кезекті практикалық және лабораториялық сабақтарға, курстық жұмыстарды орындауға, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу т.с.с. септігін тигізеді.
Студенттерге өзбетінше жұмыстар тек аудиториялық сабақ кезіндегі білім мен дағдыларды бікіту үшін ғана емес, дер кезінде ағымдағы тапсырмаларға есеп беру үшін емес, өзбетінше жұмыстарды орындау барысында студент, оны ұйымдастырудың тиімді жолдарын, кітаппен жұмыс істеуді үйрену, өзбетінше білімін толықтыру, өз білімін ұштау, өз ойын тұжырымдау және жеткізе білуге үйренеді. Мұндай жұмыс барысында студент әртүрлі техникалық, педагогикалық ситуацияларды талдау және олардың дұрыс шешімдерін табуға үйренеді.
Өз бетінше жұмыс студентті, ойлау қабілетін жетілдіру және ешкімнің көмегінсіз ойын тұжырымдау, педагогке ең қажетті болып табылатын шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретеді.
4. Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру жүйесі болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін дайындау мақсатында жауап береді. Ол мақсат кәсіби қызмет шеңберінде студенттердің жеке кәсіби қабілеттерін ашу, дамыту болашақ мамандықтарына деген жағымды көзқарас қалыптастыру үшін жағдайлар туғызу болып табылады.
Университеттік білім беру жүйесіндегі болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауды жүзеге асыруда белгілі бір кезеңдер болуы қажеттілігіне байланысты негізгі үш кезеңге тоқталып өтеміз: жоспарлау, негізгі, болашақ кәсіпке мамандану.
Жоспарлау кезеңінде оқу материалдары мазмұны мен мақсатты жүзеге асыру мәселелеріндегі жалпы бағдарды ұсынады. Мұндағы негізгі мақсат болашақ мұғалімдерге жалпы білімді қабылдаумен байланысты мәселелерге тұрақты қатынас қалыптастыру болып табылады. Ол көп деңгейлі білім беру жүйесінің базалық деңгейінде жүзеге асады.
Негізгі кезеңде, кәсіптік білім мен біліктің базалық жүйесі қалыптасады. Кәсіби мамандану кезеңі болашақ мұғалімдердің университетте меңгерген білімі және дағдылары мен жоғары оқу орындарында игерген білімі мен біліктерін қолдану, кәсіби мамандануға бейімделу жүзеге асады.
Бүгінгі студент — ертеңгі маман болғандықтан, ол өзінің тұлғалық қасиеттерін: білімі мен мәдениеттілігін, алған білімін әдістемелік шеберлікпен ұштастыра білуі, рухани дүниесі кең және ақыл-ой өрісі жоғары, ғылыми-диалектикалық ойлай білуі және кәсіби мамандануға дайындығын, құштарлығын дамыта білуінің ерекше мәні бар.
Жоғары оқу орындарының оқытушылары нақты оқыту ақпаратын беріп, оны студенттердің меңгерулерін ұйымдастырып және сол қаншалықты меңгергендігі нәтижелерін бағалаушы ғана емес, ол болашақ маман болатын студентке көмектесіп, өзінің білім беру қызметінің суъектісі болу керек. Бұл оқытушының оқу процесін ұйымдастыруда жаңа ұстаным, түрлі формалар қолдануымен сипатталады. Болашақ мұғалімге мамандандырудың жаңа жағдайында студенттің басты ұстанымы оның оқу үрдісінде субъектіге айналуы болып табылады. Ол дегеніміз: жас маман өзінің дайындығының барлық бағдарламасын түйсінуге, оны жүзеге асыра білуде өзіне сәйкес жолдарын таңдауға мүмкіншілік туады, ол білім беру нәтижесі үшін жауапкершілік студент пен оқушыға тепе-тең деңгейде таратылады, яғни қорытынды нәтижелерге болашақ маман да, оқытушы да жауапты.
Университеттік білім беру жүйесіндегі болашақ мұғалімдерді кәсіби даярау жүйесіндегі оқу-танымдық процесті ұйымдастыруда практикалық оқыту, дағдыландыру, үйрету ерекше орын алады. Дене тәрбиесі сабағындағы практикалық қызмет туралы айтқанда, оның жекелеген элементтеріне байланысты дағдыны қалыптастыру процесін ұйымдастыру қызметін айтамыз.
Сондықтан болашақ мұғалімдерді дайындау жүйесінде дене тәрбиесін оқыту процесін ұйымдастырғанда маңызды орын практикалық сабақтарға және түрлі практикаларға берілуі қажет.
Жоғары оқу орындарының болашақ мұғалімдерді оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мақсаттардың, жоспарлардың және дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасы негізінде қалыптасады және оның басты өлшемдері: көлемі, ұзақтығы, деңгейі т.б. анықталады.
Дене тәрбиесі пәнін жетілдірудегі оқыту және практикалық психологиясының негізгі белгілері:
— жаңалық ендіру — дене тәрбиесі бағдарламасындағы жаңартуларды қолдану, яғни заман талабына сай теория мен практика арасындағы алшақтықты жүйелі түрде азайтуға ұмтылыс жасау.
— оңтайластыру — оқу-практикалық меңгеру мақсаттарына бір мезгілде уақытты үнемдеу, дағдыны қалыптастыруға мүмкіндігінше қол жеткізуге ұмтылыс;
— ықпалдастыру — түрлі жаңалықтар, жетістіктерді үлгі ету нәтижесінде оқу- практика процесін жетілдіруге ықпал ету;
— ғылыми негіздеу — дене тәрбиесі пәнінің мазмұнын, жаттығу формалары мен орындалу әдістерін, оның ағзаға тиімділігін, практикада және өмірде қолдану мүмкіндіктерін көрсетіп беру;
— оқыту материалдарын және практикада қолданылатын құралдарды дайындау — пән бойынша қажетті құралдар мен оқу материалдарын, сондай-ақ болашақ мамандардың белсенділігін жетілдіретін әдіс-тәсілдерді пайдалану.
Жоғары оқу орындарының алдында тұрған жаңа талаптарды жүзеге асыру мақсатында, үнемі дамыту әдістерін іздестіру жұмыстары жалғасып отыру керек. Дене тәрбиесі пәнін оқыту әдіс-тәсілдерін түрлендіріп жетілдіру арқылы, университет қабырғасында жүрген кезінде, студенттердің білім деңгейін, дене мәдениетін жоғарылатып, таным деңгейін арттыру, пәнге қызықтыру әрбір оқытушының басты міндеті болуы тиіс. Дене тәрбиесі пәнін тиімді оқыту әдісі студенттерді алғырлыққа, байқампаздыққа, шыдамдыққа, икемділікке баулиды. Олардың ойлау қабілеттірінің жетілуіне, ең бастысы ғылым негізіне құштарлығын дамытып, пәннің теориялық және негізгі талап етілетін — практикалық жағын толық игеруін қамтамасыз етілуі қажет. Болашақ маман бұл міндеттерді өз кәсібінде толық жүзеге асыра білуі үшін оның ізденуін, білімді болуын және көп еңбектенуін талап етеді.
Сабақтың қызықты өтуі оқытушының білім қорының байлығына, кәсіби мамандануына, әр сабақққа тиянақты әзірленуіне байланысты екендігі сөзсіз. Бұл жөнінде ғалымдарымыз: «Егер оқытушы ғылымға өзі беріліп, оны толық меңгере және сүйе білмесе, онда шәкірттерін де ғылымға құлшындыра алмайды, мұғалімнің бұл саладағы еңбегі де жемісті болмақ емес», -деген. Соған байланысты студенттерді терең теориялық білімдермен ғана қаруландырып қоймай, оларды тәжірибе жүзінде қолдана білу, білгендерін ұмытпай, жадында сақтай білу қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, дағдысын, білімге құштарлығын, дене мәдениетіне деген көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын т. б. қасиеттерін жетілдіру, жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие және педагогикалық жұмыстың негізгі шарты.
Жоғары білім беру жүйесінде студенттерді дене тәрбиесі пәніне қажетті ұжымдық және танымдық іс-әрекетке бейімдеуге қажетті төмендегі белгілерді көрсетуге болады:
— бірыңғай мақсаттың, жалпы мотивтің болуы, студенттің кәсіби бейімделу мақсатына жету үшін ұжым мүшелерінің бағдарының, күшінің біріктірілуінің қажеттігін түсінуі;
— ұжымдағы әр студенттің білімді, білікті және дене тәрбиесі жаттығуларын дұрыс орындай білу дағдыларын меңгерулерін қамтамасыз ету бағытында жұмыстардың үнемі жүріп отыруы;
— іс-әрекеттер барысында студенттер арасында өзара жауапкершіліктің және тәуелділіктің пайда болуы;
— жұптасып немесе бірігіп жұмыс істеу барысында студенттердің іс-әрекеттерін басқарудың және болашақ маман ретінде өздерінің де кей жағдайда бақылау жасауларының қажеттігі;
— бірыңғай білім кеңістігінің болуы және болашақ маманның жеке іс-әрекеттерінің бір уақытта жүзеге асырылуы;
— жалпы және жеке нәтижелердің болуы.
Жоғары білім беру жүйесінде болашақ мұғалім үшін дене шынықтыру бағытын денсаулығы мен тән сұлулығы тәрбиесімен ұштастырып, кешенді тәрбие жүйесін ұйымдастыру арқылы кәсіби дайындау міндеттері жүйеленеді. Олар:
1) Денені шынықтыру — дене жаттығуларын үйреткен кезде оқытушы мынадай қағидаларды басшылыққа алуы керек: үйренудегі саналылық, теория мен практиканың өзара тығыз байланысы, көрнекілік, жүйелілік және дәйектілік, әр қимыл жаттығуларды берік меңгерту, түсініктілік, студенттер мен жеке жұмыс жасау, салауаттылыққа дағдыландыру.
2) Спорт — дене тәрбиесі білімдерін меңгертудегі жарыстар, арнайы жаттығулар, спортшылар, төрешілерді іріктейді. Жарыс мақсаттарына байланыста спорттық функционалды құрылымын негіздеп, онда төмендегі бөліктерді ашып көрсетеді: спорттық жарыстар, жарыстың ережесі, күнтізбелер, төрешілер, ұйымдастырушылар, жаттығулар, спортшыларды іркітеу және резерв дайындау, ғылыми-әдістемелік қамту, материалдық-техникалық жабдықтау, жарыстың өткізілуі барысы, оны қамтитын қызметтер саласын басқару және ұйымдастыру.
3) Қозғалыс дағдылары мен біліктерін меңгерту — қимылды меңгертудің бірінші деңгейі — үйрету, одан соң дағдыға өту деңгейінің ұзақтығы студенттердің қабілеттілігіне, оқытушының үйрету әдістеріне, қимыл-қозғалыстың күрделілігіне байланысты болғандықтан дидактикалық принциптерді сақтай отырып, дене жаттығуларын үздіксіз орындату, физиологиялық жағынан қабілеттілігін арттыру негізінде қажетті қозғалыстар, қолайлы күшпен, тиімді ырғақпен орындалады, нәтижесінде қозғалыс дағдылары мен біліктерін толық меңгеру мақсатында үйрету-меңгертуі қатесіз болуы керек, яғни қателердің пайда болу себептерін біліп, оларды түзету және алдын-алу шараларын қолдану.
4) Қозғалыс сапаларын дамыту — «қайталау — оқу анасы». Қозғалыстың сапасын дамытудың негізгі көп қайтара қайталауда екендігін сабақты ұйымдастырушы әрқашан да есіне ұстауы қажет. Қозғалыс сапаларын дамыту — күрделі қозалыстарлы үйлесімді түрде игеру және оларды өзгермелі түрде пайдалану, техникалық жағынан кемелдену. Оқытушы ынтамен қарап, көріп, талдай, түсіндіре, көмектесе білу, студент ізденісіне кедергі келтірмеу.
5) Адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу — адамгершілік сезімін, белсенді өмірлік позициясын, саналы көзқарасын, сөзі мен ісінің бірлігін, ар-ұяты, адамгершілік еркі, қоғамдық бағалы қасиеттерінің бір-бірімен байланысты тұтас адамгершілікті тұлғаны тәрбиелеу. Ұлы Абайдың пікірінше, үш қасиет: «Нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат» иесін қалыптастыру.
6) Эстетикалық қасиеттерді тәрбиелеу — оның негізгі мақсаты өмірге эстетикалық қатынасқа баулу: еңбекке, қоғамдық іске, табиғатқа, өнерге эстетикалық түсінік беру, баға, талқы, таңдау және қабілетті дамыту, әсемдікті сезіндіру, өз өмірін сұлулық заңымен құруға ұмтылдыру. Табиғатқа, әдебиетке, музыкаға, поэзияға, көркем сурет, театрға, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Дене тәрбиесі әсемдіктің көп элементтеріне арқау болады, ол: дене дамуының сұлу үйлесімі, жүріс-тұрыс әсемдігі, адам мінезінің сұлулыққа ұмтылуы, ойлау мәнерінің жақсы жағына өзгеруі.
7) Сендіру, жаттықтыру, ынталандыру әдістерін қолдану — сенімін қалыптастыруға әсер ететін сөз арқылы ықпал ету, тәртіп ережесі мен нормасына сәйкес іс істеуге мәжбүр ететіндей жағдай туғызу, студенттердің әрекеттерін мадақтау арқылы қимыл-қозғалыс жаттығуларын белсенді жасауға жағдай жасау, жағымды бағалау.
8) Дене шынықтыру мен спортпен үнемі айналысуды әдетке айналдыру — өз денесін жетілдіру және денсаулығын нығайту үшін, жеке қызығушылығын қанағаттандыру және белсенді демалысты қамтамасыз етуін, бос уақытын пайдалы ұйымдастыруға әдеттену, дене дайындығын арттыру, әлеуметтік белсенділікті тәрбиелеу, нұсқаушылық-әдістемелік және төрешілік білімдер мен дағдыларды жетілдіру үшін дене жаттығуларымен жүйелі айналысу.
9) Гигеналық дағды мен ептілікті қалыптастыру — организмнің бейімділік қасиетін арттыру, оның төзімділігінің ептілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізу, дене гигиенасын сақтау және жоғары жүйкелік-эмоциялық қабілеттілікті дамыту арқылы дағды мен ептілікті қалыптастыру.
10) Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру — ішкі дүние байлығы мен моральдық жағынан таза, денесі шыныққан, өзінің психологиялық адамгершілік қасиеттерін шыңдай білуге, мәселелер мен қиындықтарды жеңе білуге ықпал ету.
11) Беріктілік қағидасын қолдану — пән бойынша материалды толық, берік меңгерту, студенттер ойша еске түсіре алатындай, қайта жаңғыртатындай, оқу және өмірде, іс-тәжірибелік мақсаттарда пайдалана алатындай дәрежеде игерту.
12) Жоғары білім беру жүйесіндегі болашақ мұғалімді кәсіби дайындауда жоғары оқу орындарының негізгі мәселелерінің бірі — студенттердің денсаулығын сақтап, нығайту болып отыр. Салауаттандырудың мақсаты — студенттерді салауатты өмір сүруге баулу.
Дене тәрбиесі жүйесі дене мәдениеті элементтердің мақсаттары арқылы жүзеге асырылады. Дене тәрбиесі жүйесінің құрамына дене мәдениетінің әр қилы элементтері кіруі мүмкін. Әрбір жүйенің құрылу деректері болып оның атқаратын қызметі есептеледі. Дене тәрбиесі жүйесінің ғылыми негізін түсіну үшін бір-біріне байланысты екі тенденциясын түсіну керек, дифференциялау және интеграция. Қазіргі кезде дене тәрбиесі жөнінде жаңа бірқатар ғылымдар қалыптасты: кибернетикалық, антропологиялық, морфо-физиологиялық, психолого-гигиеналық т.б. Бұл ғылымдардың маңыздылығы оларды әр тарапта түсіндіретін біртұтас концепция жасауға байланысты. Біздің дене тәрбиесі жүйемізде бағдарлама мазмұны адамдардың жас және жеке өзгешелігін, дене дайындығын есепке алып жүргізіледі. Сонымен бірге екі бағдарда жалпы және арнаулы дайындықтың бір-бірімен байланыстылығы ескеріледі. Жалпы дайындық бағдары дене дайындығын дамытуды мен әрекет ұғымының көндігуін және дене даму көрсеткішін бағдарлайды.
Арнаулы дайындық бағдары бұл спортқа шынықтыру, кәсіпке және әскери жұмыс үшін жүргізілетін дайындық, жалпы дайындық негізінде таңдап алған спорт түрі бойынша жетілдіру және қосымша жұмысты бағдарлайды.
Өзін-өзі жаттықтыру, шынығу арқылы тәрбиелеу адам тұлғасын, жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. Жастардың жаттығу арқылы өзін-өзі тәрбелеуге ұмтылуын қалыптастыру үшін оларды тұрмыстағы, өмірдегі тәрбие мәнін, өзінің тұлғалық сапаларын дамытудағы рөлі жөнінде хабардар етіп отыруы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер


1. Қазақстан Республикасының білім туралы заңы (2015.13.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен // http:// online.zakon.kz/Document/?doc_id=30119920, (15.01.2015).


2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы// http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1000001118 , (21.01.2015).
3. Алексеев И.С. Искусство дипломатии: не победить, а убедить. –М.,2006. -284 с.
4. Исағалиев Қ. Өмір шуақтары / Жауап. ред. С.Сұлтанғалиев.-Алматы, 2009. -470б.
5. Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы: оқу құралы. –Алматы, 2012. – 224 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет