Кіріспе Негізгі бөлім



бет1/3
Дата08.12.2023
өлшемі25,22 Kb.
#195816
  1   2   3
Байланысты:
срс 12 они


Жоспар
Кіріспе……………………………………………………………………
Негізгі бөлім……………………………………………………………..

  1. Өтінім және оған қоса берілген құжаттар…………………….2

  2. Өнертабыска патент беруге өтінім сараптамасы екі кезеңнен тұрады…………………………………………………………..3

Қорытынды………………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………..

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Патент заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес өнiмге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнiң штаммына, өсiмдiктер немесе хайуанаттар клеткаларының көбеюiне), әдiске (материалдық объектiмен iс-әрекеттi материалдық құралдардың көмегiмен жүзеге асыру процесiне), сондай-ақ белгiлi өнiмдi немесе әдiстi жаңа мақсатта немесе жаңа өнiмдi белгiлi бiр мақсатта қолдануға жататын кез келген саладағы техникалық шешiмдер өнертабыс ретiнде қорғалады.


Егер жаңа, өнертабыстық деңгейге жеткен әрi өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, өнертабысқа құқықтық қорғау берiлудi.
Қазақстан Республикасының Патент заңының 6-бабының 3-тармағына сәйкес мыналар:
жаңалықтар, ғылыми теориялар және математикалық әдiстер;
•шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдiстерi;
•шартты белгiлер, кестелер, ережелер;
•ақыл-ой операцияларын орындау, ойындарды жүргiзу ережелерi мен әдiстерi;
• есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердiң өзi;
• ғимараттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсiлдерi;
• бұйымдардың тек сыртқы түрiне қатысты ұсыныстар;
қоғамдық тәртіпке, iзгiлiк пен мораль қағидаттарына қайшы келетiн ұсыныстар өнертабыстар деп танылмайтындығына назар аудару қажет.
Өнертабысқа құқық Қазақстан Республикасы Патент заңына сәйкес жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша берілетін патентпен қорғалады.
Өнертабысқа патент өтiнiмге ресми сараптама және мәнi бойынша сараптама жүргiзiлгеннен кейiн берiледi.
Өнертабысқа патенттерді беру туралы өтінімдердің сараптамасын сараптама жасау ұйымы болып табылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүргізеді.
Патент өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және айрықша құқықты куәландырады.
Өнертабысқа патент өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы қолданылады.
Көрсетілген мерзім бес жыл шегеріле отырып, өнертабысқа патент беруге өтінім берілген күннен бастап өнертабысты қолдануға алғаш рұқсат алынған күнге дейінгі өткен уақытқа ұзартылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет