1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! 2-жүргізуші: Қайырлы күн,ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! 1-жүргізуші: Бүгінгі «Мың мамандық бәрі бар,таңдап талғап бірін ал.»


-жүргізуші:- Зор қошемет білдіріп қойыңыздар !



бет2/12
Дата05.02.2022
өлшемі165,66 Kb.
#7309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1-жүргізуші:- Зор қошемет білдіріп қойыңыздар !
Сахнада мектебіміздің мақтанышына айналған, Польшада өткен «Детское сияние»,Франциядағы «Сокровище Европы» атты фестивальдардың бас кубок иегерлері, мектебіміздің мәртебесін асырып, жетістігін күллі жұртқа паш етер, ата дәстүрін жалғастырып келе жатқан «Мыңбала» домбырашылар оркестрінің орындауында Құрманғазының күйі «Балбырауын»!


Құрманғазының күйі «Балбырауын»! орындалады

Өмір жолдарымен таныстыру слайд.
Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев (29.1.1936 ж.туған, Сайрам ауданы қазіргі Бәйдібек ауылы ) – актер, Қазақ КСР-інің халық артисі (1976), 1959 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Алматы мемлекеттік консерваториясы) актерлік факултетін (профессоры Тоқпановтың жетекшілігімен) бітірді. Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, «Еңбек Қызыл Ту», «Парасат», «Отан» ордендерінің, «Мәдениет үздігі» төсбелгісінің
Алғашында негізінен комедия ­жанрын­да, Қ.Мұхамеджанов­тың «Бөлтірік бөрік астында», «Құдағи келіпті», Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітов­тің «Беу, қыздар-ай!» спектакльдерінде жарқырады. Осы сахнадағы жарты ғасырдан аса шығармашылық өмірінде қазақ және әлем классикасы, қазіргі заман драматургиясынан жүзге тарта сахналық кейіпкер сомдады. Көрнекті актердің тәуелсіз Қазақстанның сахна өнерін дамыту­дағы еңбегі үлкен.
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Сәбит Оразбаевтың Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 50 жылдан аса жұмыс істегенін, осы уақыт ішінде 100-ден аса рөлді сомдағанын атап өтті.
Санасы сергек, жадысы зерек тұлғаның театр тарихы, әріптестері, әлеуметтік ортасы мен қоғамы туралы «Алматы ақшамында» жарияланған мәнді де қызғылықты әңгімелері «Өмірдің өзі – театр», «Тазарғың келсе, театрға бар» атты екі том болып жарық көруі де – руханиятымыздың олжасы.
Сан қырлы таланттың ендігі бір парасы – фотоөнері. Көрнекті актер жарты ғасырға жуық уақыт бойы түсірген суреттері және бейнетаспалары бүгінде ұлттық өнердің құнды тарихына айналды
Мемлекет басшысы халық әртісінің қазақ театрының дамуына куә болып, Қапан Бадыров, Серәлі Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев сынды сахна саңлақтарымен бірге өнер көрсеткеніне назар аударды.Кездесу барысында Қазақстан Президенті отандық театр өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесі, бейбітшілікті, достық пен қоғамдық келісімді нығайтуға сіңірген еңбегі үшін Сәбит Оразбаевты І дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды
бүгінде Сәбит ­Оразбаев атамыз 80 жастың белесіне көтеріліп отыр .
Сізге зор денсаулық ұзақ өмір,отбасыңызға береке,бірлік,қуаныш және балаларыңызды жақыннан көріп, немерелеріңіздің маңдайынан сипап жүре беріңіз деп тілейміз.
2-жүргізуші:
Сәбит Оразбаевтың бүгіні – ұлттық құнары, пәлсапасы мықты қазақ өнерінің жан-жақты биік шыңын және жарасымды жалғастығын танытады., алғашқы сахналық үлкен тәжірибеден өткізген күрделі ролі З.Шашкиннің «Жаяу Мұсасындағы» әнші-композитор Жаяу Мұса болды. Талантты жас М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясындағы Дулат, Ш.Құсайыновтың «Алдар Көсе» комедиясындағы Алдар Көсе сынды кейіпкерлерімен драмалық сипаты мол әншілік өнеріне де тәнті етті.
1-жүргізуші:
Келесі кезекте сол «Алдар Көсе» комедиясындағы Алдар Көсенің біздің оқушыларымыздың сомдауында тамашаласаңыздар.
1-жүргізуші:
Халықтық өнер бастауынан қанып ішкен өнерпаз, әнші, сазгердің әндері де халық арасына кең тараған. Және бұл өнері М.Әуезовтің «Абай» трагедиясындағы Мағауия, З.Шашкиннің «Жаяу Мұсасындағы» Мұса, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-анасындағы» Майсалбек рөлдерінде анық көрінді.Театр атты қасиетті сахнаның абызына айналған ағамызбен жүздесіп, өнердің бүгінгі жағдайы хақында ой өрбітудің сәті түсті. 


2-жүргізуші: Олай болса атамызға сұрақ қоюға асығып отырған көрерменді күттірмей сырлы сұхбатымызды бастайық.

Каталог: uploads -> doc -> 1327
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1327 -> Көкөністер, жеміс жидектер және бөлме өсімдіктерін көбейтіп, өсіру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет