1. Кіріспе. Гуманистік педагогика М. Монтессори Сауалнама: Монтессоридің педагогикасына қатысты қандай тұжырым бар? Монтессори жүйесінің негізгі ережелері



Дата07.10.2022
өлшемі17,11 Kb.
#152095
Байланысты:
Ерекше білім беруді қажет ететін бала.жүр.түзетц дамыту жұмыстары 1-текущий
Нейрологопедия мақала, Тезисы Социология каз.2020 г.

1. Кіріспе. Гуманистік педагогика М. Монтессори
Сауалнама:
1. Монтессоридің педагогикасына қатысты қандай тұжырым бар?
Монтессори жүйесінің негізгі ережелері.
М. Монтессори жүйесінің философиясы мен қағидалары;М. Монтессоридің дидактикалық материалдары; М. Монтессори топтарында жүмыс жасау ерекшеліктері.
Мария Монтессори 1870 жылы 31 тамызда Италияда дүниеге келген. М.Монтессори дәрігер, педагог, философ, ғалым, гуманист.
М.Монтессори өзінің жұмысын ақыл — есі кем балалардан бастады, кейіннен ол ақыл – есі кем ғана емес, барлық балалармен арнайы педагогикалық жұмыс істеуіне көшті. Ол әлемдік атағын өзінің педагогикалық жүйесінің арқасында алды. 1907 жылы 6 қаңтарда Римде алғашқы «Монтессори мектебі» ашылды. Әлемнің әр түкпірінде ойларынМонтессори технологиясын балалардың шығармашылық ойларын дамыту үшін өте қолайлы.
М.Монтессори педагогикасында не маңызды?
Бұл бағытта бала туылғанынан бастап тұлға ретінде қарастырылады. Әр бала, әр адам секілді әмбебап. Оның басқа жүйелерден карағанда айырмашылығы осында жатыр. Балаға өздігінен козғалу, даму мүмкіндігі беріледі, мұның барлығы аяқ астынан болады, бірак кейбір жағдайларда оған ересектің көмегі қажет, сол көмекті алады да. Ересектер бала үшін жағдай жасайды.
Монтессори әдісі үш негізгі бөліктен тұрады:
бала
қоршаған орта
мұғалім
2. БАЕҚ бар балалармен түзету сабақтарын жүргізу бойынша ұсыныстар.
Сауалнама:

  1. Жеке сабақтардың сапасын толығырақ сипаттаңыз.

1. Мектепке дейінгі ұйымда балаға консилиум мамандары кешенді динамикалық бақылау жасау арқылы қамтамасыз етіледі. Консилиум құрамына директордың бұйрығымен дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог, психолог, медбике, дене шынықтыру нұсқаушысы, топ тәрбиешісі енгізіледі. Мамандар бөбекжайға қабылданған мүмкіндігі шектеулі балаларға 2 апта мерзімінде жеке бақылау жүргізеді.
2. Жұмыстың түзетушілік-дамытушылық кезеңінде балаға әсер ететін шаралар кешенін қарастырады. Жетекші әрекет түрін қалыпқа келтіру және жетілдіру, жеке даму кемшіліктерін түзету, яғни мүмкіндігі шектеулі баламен жеке дамыту, түзету жұмыстарын жүргізу.
3. Жұмыстың мектепке дейінгі білім берушілік кезеңі. Балаларды мектепке дейінгі ұйымда оқу іс-әрекетін меңгеру тәсілдеріне үйретуді, әрбір жас кезеңіне тән олардың танымдық белсенділігін дамытуды, сондай-ақ баланың жеке басының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, топ тәрбиешілері мектепке оқуға даярлауды қарастырады.
4. Әлеуметтік тәрбие жұмысы. Әлеуметтік педагог мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып, ата-анасымен пікірлесіп отбасының әлеуметтік жағдайын анықтайды, яғни бала мен отбасының дербестігін арттыруға, дамуында ауытқушылығы бар тәрбиеленушілердің қалыпты дамыған құрдастары арасында ерте, толыққанды әлеуметтік кіріктіруге, мектепалды баланың әрекеті мен мінезіндегі адамгершілік бағыттарының қалыптасуына, мүмкіндігі шектеулі баланың жеке басының қасиеттеріне бақылау жүргізеді.
2. Білім берудің мақсаттары мен міндеттері
Инклюзивті білім берудің мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.
Міндеті: әлеуметтік бейімделу, тәрбиелеу, білім беру үрдісіне барлық қатысушылармен ерекше сұранысқа ие балалардың жағымды, өзара қарым- қатынасын қалыптастыру;

  • олардың сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жан-жақты дамуына жағдай туғызу керек және әлеуметтік тұрғыда дұрыс мінез- құлық қалыптастыру;

  • мүмкіндігі шектеулі балаларға бөбекжайда қажетті құралдармен қамтамасыз ету;балалардың денсаулықтарына, жүйке жүйесінің дамуына жүйелік бақылау ұйымдастыру;

  • баланың даму деңгейіне таңдап алынған бағдарламаның жеткен жетістіктеріне үнемі бақылау жүргізіп отыру;

  • көңіл – күйі және тұлғалық дамуының кемшіліктеріне, жоғары деңгейдегі түзетулер жасау.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет