1. Кіріспеде қанша сөйлем болуы керек?



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата12.09.2020
өлшемі0,77 Mb.
#77863
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Эссе кіріспесі

4. ТЕЗИС ДЕГЕНІМІЗ НЕ?  

ОНЫҢ ЭССЕНІ БАҒАЛАУ КЕЗІНДЕГІ РӨЛІ ҚАНДАЙ?

Тезис  –  кіріспенің  құрылымдық  элементі,  эссені  бағалаудың  маңызды 

элементі.  Себебі  қалыптастырылған  тезис  эссені  мазмұны  жағынан,  яғни 

тезистің негізгі бөлімнің мәтінімен сәйкестігін бағалауға мүмкіндік береді



Академик

http://dic.academic.ru/dic.nsf/enc_philosophy/1201

Тезис  (латынша:  thesis  –  негіздер,  тұжырымдар)  –  1)  кең  мағынасында: 

дәлелденетін  кез  келген  тұжырым,  белгілі  бір  тұжырымдама  немесе 

теорияны  дәлелдеу,  немесе  дауласу  үшін  қолданылады  (айталық,  орта 

ғасырлық пікірталастарда университеттерде ғылыми атақтар үшін). «Тезис» 

терминін бұлайша түсіндіру – логикада мықтап тұрақтанған, себебі логика 

дау өнерінде (диалектикада) ең тиімді тәсіл деп танылған. 

Маңызды  ережелерінің  бірі  –  тезис  қою.  Тезис  –  эссенің  кілті.  Кілті 

табылмаса,  эссенің  негізгі  мақсатына  жетуі  де  қиындыққа  ұшыратады.  

Тезис – автор ұстанымы, негізгі бөлімде дәлелденетін ойға сілтеуші негізгі 

идея.  Тезис  кіріспе  бөлімде  қойылады.  Кіріспе  бөлім  нені  қамту  керек?  

Кіріспе бөлімде эссе жазушы эссе тақырыбына түсінік береді. Осы арқылы 

жазушының  эссе  тақырыбын  түсінгенін  анықтай  аламыз.  Бұл  тақырып 

неліктен  өзекті  екендігі  жазылады.  Тақырып  және  оның  өзектілігі  туралы 

жазылғаннан  кейін  тезис  қойылады. Тезистен  кейін  негізгі  бөлімге  көшуші 

сөйлем жазылады. Тезис нақты әрі анық берілсе, жазбауға да болады. Кіріспе 

бөлім бойынша мысалға назар аударайық.




- 9 -



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет