1-күн, 1-сабақ. Курсқа кіріспе. 1-үлестірме материал. Жаңартылған білім беру


-мәтін.    Халықтың көші-қоны (миграция)



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата10.10.2019
өлшемі2,18 Mb.
#49617
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ Т2 Үлестірме материал
Қазақ Т2 Үлестірме материал, Oralkhan B 1257 key 2 tom, Oralkhan B 1257 key 2 tom, Oralkhan B 1257 key 2 tom

2-мәтін.    Халықтың көші-қоны (миграция
Халықтың  көші-қоны  –  адамдардың  бір  ауданнан  екінші  ауданда  тұру  үшін  қоныс 
аударуы  болып  табылады.  Көші-қон  (миграция)  -  өте  күрделі  әлеуметтік  үрдіс  (былай 
айтқанда  танымайтын  жерге  орнығу).  Бұл  тек  қана  көшіп  бару  емес,  барған  жеріңе 
бейімделуің керек (өмір сүру деңгейі ол жерде мүлдем басқаша болуы мүмкін). Осы кезде 
адамның  жинақылығы,  шыдамдылығы,  кәсіпкерлігі  және  жаңа  жердің  жағдайына 
үйренісуі байқалады. Сондықтан да халықтың көшіп қонуы - мемлекеттің даму деңгейін 
көрсетеді.  Көші-қонның  қоғамдағы  рөлі  ерекше  орында.  Ол  қазақ  халқының 
қалыптасуына,  мәдениетіне,  тіліне  үлкен  өсер  етеді.  Бұл  үрдіске  қазір  де  үлкен  мән 
берілуде: 
1) Шетелдегі қандастарымыздың елге қайта оралуы (оралмандар);
2) Халық санының көбеюі және жетіспейтін жұмысшылар орнының толықтырылуы;
3) Аумақ бойынша тиімді орналастыру.
Бұл мәселелердің шешімін табу – мемлекетті модернизациялаудың алғышарттарының 
бірі,  яғни  экономикалық  әлеуетті  толық  пайдалану.  Көші-қон  –    халықтың  табиғи 
қозғалысына  және  құрылымына  әсер  етеді.  Мигранттардың  көбісі  жастар,  әсіресе  әйел 
адамдар.  Сондықтан  көшіп  келушілер  көп  аймақтарда  туған  балалардың  саны  артады, 
сыртқа  кетушілер  көп  аймақтарда  керісінше  болады.  Көшіп  келушілер  көбейсе,  әйел 
адамдардың саны артып, көшіп кеткен жағдайда ер адамдар көбейеді. Туу деңгейі төмен 
аудандардан халықтың көшуі қарт адамдардың санын арттырады. Халық қартайып, өлім 
жоғарылайды, табиғи өсім төмендеп, аяғында депопуляцияға ұшырайды. 
Бағыты  бойынша  оны  ішкі  және  сыртқы  деп  бөледі.  Сыртқы  көші-қонға  эмиграция 
(елден кету), иммиграция (елге келу) және реэмиграция немесе репатриация (лат. patria - 
отан)  (көшіп  кеткендердің  елге  қайта  оралуы)  жатады.  Көшіп  келгендер  мен  көшіп 
кеткендердің  арақатынасы  халықтың  механикалық  өсімін  анықтайды.  Оны  көші-қон 
сальдосы  (итал.  caldo  -  қалдық)  деп  атайды.  Оң  белгілі  сальдо  –    халықтың  өсімін 
көрсетеді, ал теріс белгілі сальдо –  халықтың азаюын көрсетеді.  
   Бөлім:  Қазіргі  әлемдегі еркек пен әйелдердің атқаратын рөлдеріндегі өзгерістер 
1-мәтін. ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ 
       Елбасы  Н.Назарбаев:  “Қоғамның  даму  барысын  өмірде  –  нәзік,  көңілде  –  биік,  ал 
істе  –  мығым  әйелдер  қауымынсыз  көзге  елестету  мүмкін  емес”,  –  дейді. 
     Осыдан  10  жыл  бұрын  Қазақстан  Президенті  жанындағы  Отбасы,  әйелдер  және 
демографиялық саясат проблемалары жөніндегі кеңес құрылған-тын. Кейін ол Президент 
жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық кеңес болып, статусы жоғарылады. 
Мұндай  консультативтік  кеңесші  орган  ТМД  елдерінің  ешқайсында  жоқ.  Оның  негізгі 
міндеттері:  әйелдердің  еліміздегі  саяси  үрдістерге  белсене  қатысуына  қолдау  жасау; 
әйелдің экономикалық қызметін жандандыра түсу; әйелдерге тұрмыста зорлық-зомбылық 
жасалуына  қарсы  күрес;  әйелдердің  денсаулығы  мен  отбасы  жағдайын  жақсарту. 
Әйелдердің жағдайы жөніндегі  ІV Бүкілдүниежүзілік конференцияның (Пекин, 1995 ж.) 
іс-қимыл  тұғырнамасын  іске  асыру  мақсатында  ҚР  Үкіметінің  қаулысымен  “Қазақстан 
Республикасында  Әйелдердің  жағдайын  жақсарту  жөніндегі  ұлттық  іс-қимылдар 
жоспары”  қабылданды.  Әйелдердің  қоғамдық-саяси  өмірдегі  белсенділігі  мен  рөлін 
арттыру  үшін  мүмкіндіктер  жасау  және  пәрменді  тетіктер  дайындауда  ұзақ  мерзімге 
бағытталып,  12  басымдықты  қамтыған  бұл  жоспардың  маңызы  зор  болды. 
   Тәуелсіздік  жылдарында  әйелдер  мен  отбасы  мәселелеріне  байланысты  бұрын-соңды 
болмаған  заңнамалық  базаны  нығайту  қолға  алынды.  Қазақстан  “Әйелдерге  қатысты 
дискриминацияның  барлық  түрін  жою  туралы”  БҰҰ  конвенциясына  кірді  және  оның 
27

Факультативтік  хаттамасын  бекітті.  Осы  Конвенция  шараларының  орындалуы  жөнінде 
еліміз есеп беріп отырады. 
         Сонымен  бірге  “Әйелдердің  саяси  құқы  туралы”  және  “Тұрмыстағы  әйелдердің 
азаматтығы  туралы”  конвенцияларды,  Халықаралық  Еңбек  ұйымының  “Әйелдер  мен 
еркектерді  бірдей  бағадағы  еңбекте  тең  марапаттау  туралы”  конвенциясын  да  бекітті. 
Яғни елімізде әйелдер мәселесіне байланысты құқықтық негіз жасалған. 
2-мәтін.  Ұлттық  жоспарды  іске  асыру  нәтижесінде  әйелдердің  қоғамдық 
белсенділігі артып, саяси мәдениеті өсті. Бүгінде кәсіпкерлердің 40%-ы әйелдер. Елімізде 
азаматтық  белсенділік  танытып,  өзекті  мәселелер  бойынша  ұтымды  ұсыныстар  беріп, 
қажетті заңдар қабылдануына ықпал етіп жүрген 150-ден астам әйелдердің үкіметтік емес 
ұйымдары бар. 
   Мәселен, олардың қатысуымен “Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат 
тұжырымдамасы”  дайындалып,  ол  2003  жылдың  қараша  айында  Үкімет  қаулысымен 
мақұлданды.  Бұл  құжатта  әйелдерге  қатысты  мемлекеттік  саясаттың  негізгі 
басымдықтары  бойынша  Қазақстанда  қазіргі  заманғы  гендерлік  ахуал  мен  гендерлік 
теңдікке қол жеткізу шаралары көрсетілген. 
Гендерлік қатынастарды айшықты бейнелеу үшін елімізде “Қазақстанның әйелдері 
мен  ерлері”  атты  жыл  сайынғы  арнайы  статистикалық  жинақ  шығарылуы,  ҚР 
Парламентінде  “Отбасы”  депутаттар  тобы  құрылуы  да  елімізде  Мемлекет  басшысының 
қолдауымен басталған әйелдер қозғалысы жан-жақты дамып келе жатқанын, әйелдер мен 
отбасы  мүддесін  қорғау  тәуелсіздік  жылдарында  тұрақты  жүргізіліп  отырғанын 
көрсетеді. 
      Қазақстан  Республикасының  Президенті  өзінің  конституциялық  міндеттерінің 
шеңберінде  республика  халқына  жыл  сайын  ішкі  және  сыртқы  саясатымыздың  негізгі 
бағыттары  туралы  Жолдау  арнауы  тұрақты  үрдіске  айналды.  “Қазақстан-2030”  Даму 
стратегиясы  туралы  1997  жылғы  Жолдауында  Елбасы  әйел  мен  баланың  денсаулығын 
қорғау біздің мемлекетіміздің, денсаулық сақтау органдарының, жұртшылықтың тікелей 
назарында  болуға  тиіс  екеніне  баса  назар  аударып,  “Уақыт  өтіп,  қазына  кірісі  өскенде 
мемлекет  үшін  де,  отбасын  қолдауға  тиімді  демографиялық  саясат  үшін  де  қолайлы 
нысанда аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражат  табамыз”,  – деген 
еді.  
Бөлім:  Ғылым этикасы: Киборгтар мен клондау 
          
1-мәтін.
  
Компьютер тарихы көлемді есептеулерді жеңілдету жолдарын іздестірумен 
тығыз байланысты. Тіпті көп санды қарапайым арифметикалық операциялардың өзі  адам 
миы  үшін  қиындық  туғызады.  Сол  үшін  ежелден-ақ  қарапайым  есептегіш  құрал  –  абак* 
пайда  болған.  Он  жетінші  ғасырда  күрделі  математикалық  есептерді  жеңілдететін 
логарифмикалық сызғыш пайда болған. 1642 жылы Паскаль Блез сегіз зарядты есептегіш 
механизм  құрастырып  шығарған.  Екі  жүз  жылдан  кейін  1820  жылы  француз  Шарль  де 
Голь  көбейту  мен  бөлуді  орындай  алатын  арифмометр  ойлап  шығарған.  Бұл  прибор 
есепшілердің таптырмайтын құралына айналған.  
Ғылым  мен  техниканың  одан  әрі  дамуы  1940  жылдары  бірінші  рет  есептегіш 
машиналарды  шығаруға  мүмкіндік  берді.  1944  жылы  Ай-Би-Эмнің  өндіріс  орындарының 
бірінде Гарвард университетінің ғалымдарымен АҚШ ӘТК тапсырысы бойынша «Марк – 
1» деп аталатын машина құрастырылып шығарылды. Бұның салмағы 35 тонна болды. 
1960  жылдардың  басына  қарай  көлемді  статистикалық  мәліметтерді  өңдеу  үшін 
компьютерлер  кеңінен  қолданыла  бастады.  Бағасы  қымбат  болғандықтан  компьютерлер 
барлық салада қолданыла алмады.  
1970  жылы  «Intel»  компаниясының  қызметкері  Эдвард  Хофф  тұңғыш 
микропроцессорды ойлап шығарды.  
28

2-мәтін.    Орегон  университетінің  приматтарды  зерттеу  орталығының  аға  ғылыми 
қызметкері  Шухрат  Миталипов  бұл  жетістік  Паркинсон  немесе  Альцгеймер  сияқты 
дегенеративтік ауру түрлерін емдеу кезінде пайдалы болуы мүмкін екенін айтты. 
Паркинсон ауруы ағзадағы кейбір жасушалардың жұмыс істемеуінен туады. Жалпы, 
бұл  –  химиялық  заттарды  жеткілікті  түрде  өндірмейтін  нейрондардың  бір  түрі.  Көптеген 
науқастарда бұл жасушалар болмайды – олар өліп қалған және химиялық заттар өндіретін 
басқа жасуша түрі жоқ. Енді  біз оларды зертхана жағдайында қалай өндіру керек екенін, 
мысалы,  химиялық  заттарды  шығаратын  нейрондар  мен  оларды  осы  ауруға  шалдыққан 
науқастарға қалай ауыстыруға болатынын зерттей аламыз, – деді ол. 
Бұған қоса донордың эмбрионынан алынған діңгекті жасушалар арқылы түрлі ауруларды 
емдеуге қатысты зерттеулер де жүргізіліп жатыр. 
Бірақ  донор  жасушалары  науқастың  генетикалық  құрылысымен  сәйкес  келмей,  бұған 
дейінгі зерттеулер осы жерде тоқтап қалған еді. 
Қазақстанда  туған  этникалық  ұйғыр  Шухрат  Миталипов  терапиялық  адамды  клондау 
тәсілі бұл проблеманы шешуге сеп болатынын айтады. 
      Зертханамызда діңгекті жасушаны шығарудың жаңа жолын дамытқымыз келеді. Бірақ 
бұл  жағдайда  діңгекті  жасушалар  науқастың  жасушасынан  немесе  тері  жасушасынан 
алынуы керек. Бұл ұлпаларды науқасқа қайта ауыстырсақ, біз жасаған діңгекті жасушалар 
сәйкес келер еді, – дейді ғалым. 
5.2 Тыңдалым және айтылым бойынша балл  қою кестесі   
(Төмендегі балл қою кестесі 20 балға арналған, яғни әр баған бойынша 5 балдан болады). 
Диап
азон 
Лексика 
мен тіл 
құрылымдар
ын қолдану 
Грамматика мен 
лексиканы дұрыс 
қолдануы 
Сұрақты түсіну мен 
толық жауап беру 
қабілеті 
Жазылым 
стиліне сәйкес 
балама оқу 

Алуан 
түрлі 
лексикалық 
құралдар  мен 
тілдік 
құрылымдарды  
кең 
ауқымда 
қолданады. 
Грамматикалық  және 
лексикалық 
құрылымдардың 
қолдану  аяларын  өте 
жақсы түсінеді.  
Сөз  саптауы  дұрыс, 
анда-санда 
мардымсыз қателерді 
жібереді
Тақырыпты 
өте 
жақсы түсінеді. 
Күтпеген  сұрақтарға 
жауабы 
тез, 
әрі 
орынды. 
Талқылау  кезінде  өз 
ойын  жетік  жеткізе 
алады. 
Қиын 
мағыналарды 
еркін суреттейді. 
Жүйелі 
түрде 
қажетті    жазба 
жұмысының 
стильдерін 
қолданады. 

Күрделі 
сұрақтарды 
талқылауда 
түрлі 
лексикалық 
құралдар  мен 
тілдік 
құрылымдарды 
жақсы 
қолданады. 
Грамматикалық  және 
лексикалық 
құрылымдардың 
қолдану 
аяларын 
жақсы түсінеді.  
Сөз  саптауы  дұрыс, 
анда-санда    қателер 
жібереді
Тақырыпты 
жақсы 
түсінеді. 
Күтпеген  сұрақтарға 
жауабын ойланып әрі 
орынды жеткізеді. 
Талқылау  кезінде  өз 
ойын  жақсы  жеткізе 
алады. 
Өз  ойын  жетік 
жеткізеді, 
бірақ 
қиын 
мағыналарды 
кідіріп суреттейді. 
Жүйелі 
түрде 
қажетті    жазба 
жұмысының 
стильдерін 
қолдана алады. 
29


Лексикалық 
құралдар  мен 
тілдік 
құрылымдарды 
қанағаттандыра
рлықтай 
қолданады. 
Грамматикалық  және 
лексикалық 
құрылымдарды 
қолдану 
аяларын 
орташа түсінеді.  
Сөз  саптауы  дұрыс, 
қателері 
байқалғанмен, 
түсінісуге 
кедергі 
келтірмейді. 
Тақырыптың  негізгі 
тараптарын  түсінеді, 
бірақ 
күрделі 
сұрақтарды  талдауда 
едәуір қиналады. 
Күтпеген  сұрақтарға 
қиналып қалады. 
Талқылау 
кезінде 
қолдауды 
қажет 
етеді, 
жауаптарын 
алдын-ала  дайындап 
келгендей көрінеді. 
Қарапайым 
мағыналарды оңай 
суреттейді. 
Жүйелі 
түрде 
қажетті 
жазба 
жұмысының 
стильдерін 
қолдана 
алады, 
бірақ 
аздап 
қателер кездеседі. 

Лексикалық 
құралдар  мен 
тілдік 
құрылымдарды 
аз қолданады. 
Грамматикалық  және 
лексикалық 
құрылымдарды 
қолдану 
аяларын 
аздап түсінеді.  
Сөз  саптауы  нақты 
емес, 
түсініспеушілікті 
тудырады. 
Тақырыпты  түсінуде 
қиналады. 
Күтпеген  сұрақтарға 
қиналып 
қалады, 
тақырыпты 
ашуды 
дамыта алмайды. 
Талқылау 
кезінде 
жақсы 
қолдаусыз 
өзін 
көрсете 
алмайды. 
Өте 
қарапайым 
мағыналарды  ғана 
суреттейді. 
Кейде 
қажетті  
жазба 
жұмысының 
стильдерін 
қолдана алады. 

Лексикалық 
құралдар  мен 
тілдік 
құрылымдарды 
өте 
аз 
қолданады. 
Грамматикалық  және 
лексикалық 
құрылымдарды 
қолдану 
аяларын 
өте аз түсінеді.  
Түсініспеушілікті 
тудыратын 
қайталанып  келетін 
қателер 
жиі 
кездеседі. 
Тақырыпты  түсінуде 
қатты қиналады. 
Күтпеген  сұрақтарға 
қиналып 
қалады, 
тіпті 
жауап 
бере 
алмайды. 
Талқылау кезінде өте 
аз қатысады. 
Сөзі біркелкі емес. 
Жазба 
жұмысының 
орынсыз  
стильдерін 
қолданады. 
5.3 Оқылым және мәтінді талдауға арналған тапсырмалар үлгісі 
Төмендегі үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Тапсырмаларды орындағанда,  
тілдің сапасы мен тазалығына назар аударыңыз. 1а, 1ә және 2-сұрақтарға жауап беріңіз.  
1а) 
А мәтіні мен Ә мәтінінде қазіргі қоғамдағы гендерлік мәселесіне мән берілген.  Екі 
мәтінді  салыстырып,  олардың  тілі  мен  стилінің  формасын,  ұқсастығын  және 
айырмашылығын сараптаңыз. [10] 
А мәтіні  
Гендер  мәселелерінің  көп  бөлігін  феминология  ілімі  құрайды.  Маскулиндік  бағытқа 
қарағанда,  теориялық  бағыт  ретінде  феминизм  жылдам  дамыды.  Бұл  көбінесе  әйел 
жынысының көп дискриминацияға ұшырауымен себептелген.  
Әлемдік  қозғалыс  ретінде  феминизмге  200  жыл.  Бұл  қозғалыс  буржуазиялық 
революция  кезінде  басталып,  соның  нәтижесінде  әйелдердің  құқықтары  кеңейтілген 
болатын. Феминистік зерттеулердің кең өріс алған кезі XX ғасырдың  70-ші  жылдарына 
келеді.    Қазір  феминизм  ескі  және  жаңа  феминизмге  бөлінеді.  XVIII    ғасырда  пайда 
болған  ескі  феминизмде  жаңа  феминизмнен  айырмашылығы  әйелдердің  әлеуметтік 
30

теңдігі жайлы ұғымдары өте тар болып келеді. 
«Қазіргі  заманғы  философиялық  сөздікте»  феминизм  екі  деңгейде  анықтауды 
талап  ететін  ұғым  ретінде  түсіндіреді,  өйткені  бір  жағынан  үлкен  қоғамдық  қозғалыс 
болса,  ал  басқа  жағынан  бұл  әйелдердің  қоғамдағы  жағдайын  талдайтын  әлеуметтік  – 
философиялық, әлеуметтік, психологиялық культурологиялық теориялардың кешені.  
Енді өз елімізге келетін болсақ, қазақ әйелдерінің құқықтарын қорғайтын мынадай 
құжаттар  бар.    Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  жыныс  мотиві  бойынша 
дискриминацияға  тиым  салады.  Қазақстан  1981  жылы  ЮНЕСКО-ның  «Әйелдерге 
қатысты  дискриминацияның  барлық  формаларына  жол  бермеу  жайлы  конвенциясына» 
қол  қойды,  ал  1998  жылы  Қазақстан  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  әйелдерге  қатысты 
дикриминацияның  барлық  формаларын  тоқтату  жайлы  конвенциясына  қосылған 
болатын.    
Дәл қазіргідей ашық қоғамда заман талабына сәйкес қоғамдағы ер азаматтар мен арулар 
әлемі  гендерлік  саяси  көзқараспен  қарасақ,  теңескендей.  Әйтсе  де,  қазақ  қыздарының 
бүгінгі күнгі тәуелсіз қоғамымыздағы орны қандай? 
Ә мәтіні 
       Әлемдегі  ең  сұлу  –  қазақ  әйелі:  менің  жарым,  менің  анам,  менің  қызым.  Қазақты 
қазақ  қылған  осы  әйел  болатын,  сұлу  ғана  емес,  сымбатты,  мінезді,  ақылды,  адал  жар, 
абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі», – деп жазады 
жазушы  Мұхтар  Мағауин,  әйел  дегенде  ең  алдымен  ойымызға  «сұлулық», 
«мейірімділік»,  «нәзіктік»  ұғымдары  оралады.  Бұл  сипаттармен  қоса,  әйелдің  темірдей 
төзімі мен қайраткерлігі – жиі көрініс беріп тұратын құбылыс. 
       Тарихымызға үңілсек те, елдік істерге араласып, үйдегі балаларына ғана емес, түздегі 
халыққа  қамқор  болып,  еңбегі  сіңген  аналарымыз  аз  емес  екеніне  көз  жеткіземіз.  Олар 
жайлы  жазушы  Мұхтар  Мағауин  былай  деп  қалам  сілтеген  еді:  «Ежелгі  эпостағы 
Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым. Шежірелі тарихтағы Домалақ-ене мен Қыз-
ене,  Айша-бибі  мен  Абақ-ана.  Таңбалы  тарихтағы  Қасым  ханның  анасы  Жақсы-бике, 
Абайдың  анасы  Ұлжан,  арыдағы  Алаштың  тұлғасы  болған  тағы  қаншама  алыпты 
туғызған,  есімдері  сақталмаған  әулие  аналар,  берідегі  ел  билеген  Айғаным  мен  қол 
бастаған Бопай, қазақ әйелінің асқақ әрі нақты көрінісі сондай болды күні кешеге дейін». 
         Қазіргі  қазақ  қызы  қоғамның  кез  келген  саласына  еркін  араласып,  қазан-ошақтың 
маңында  ғана  емес,  елдік  істердің  басы-қасында  да  жүр.  «Әйел  затының  қоғамдық 
шаруаларға, мемлекеттік істерге көп араласуы елдің демографиясы мен ұрпаққа дәстүрлі 
тәрбие  беру  ісіне  кедергі  болады»  деген  пікір  жиі  айтылады.  Бұл  да  дұрыс  шығар. 
Дегенмен әйел жүрген жерде тәртіп бар деген пікірді де қоғам жиі айтады.     
Тапсырма: 
1ә)  Сізге  мектепішілік  ғылыми  конференцияда  бүгінгі  қазақ  әйелдерінің  қоғамдағы 
орны  туралы  баяндама  жасау  қажет  делік.  Осы  мәтіндердегі  мағлұматты  қолданып, 
баяндамаңыздың  тезисін  жазыңыз.  Тезисіңіз  шамамен  120-150  сөзден  тұруы  тиіс. 
Пікіріңізді қажетті деректермен қолдап, қорғай біліңіз. [10] 
31

Әйелдің бойындағы маңызды сезімталдықтың бірі – аналық сезім. Бұл құдайдың 
әйелге  берген  сыйы.  Сәбидің  ең  терең  рухани  дүниесі  –  ана.  Психологтардың 
айтуынша,  еркектің  сезімдері  мидың  сол  бөлігінде  орналасады,  ал  әйелдің  сезімдері 
оның миының екі жағында да бар. Сондықтан да әйел адамның сезімі өте күшті. Ана өз 
перзентіне шексіз мейірімділік пен махаббат сыйлап, оны осы сезімдерге толтырумен, 
қоғамға дені сау және қуатты бала ұсынады.  
Өкінішке орай, қазіргі замандағы материалдық негіздегі тұрмыс әйелдердің ана 
болу сезімін салқындатып, түрлі жарнамалар арқылы олардың отбасы мен үйдегі рөлін 
маңызсыз,  ал  сырттағы  шаруаларды  маңызды  етіп  көрсетеді.  Әрине,  тарихта  болған 
экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени жағдайларда әйелдер де еркектер тәрізді 
белсенді  рөл  атқаруға  кіріскен  кездер  болды.  Адамзат  қоғамының  жартысын  әйелдер 
құрағандықтан,  олардың  қабілеттері  мен  мамандығын  пайдалану  қажет.  Қазіргі  кезде 
әйелдердің  сыртта  жұмыс  істеуі  және  ананың  перзенттен  алыс  болуы,  жанұяларды 
мейірімділіктен құр қалдырып отыр. Бүгінде психологтар мен қоғамтанушылар әйелдің 
үнемі  жұмыс  істеп,  ұзақ  уақыт  бойы  жұмыс  орнында  болуына  көңіл  аударып  отыр. 
Психологтардың  айтуынша,  әсіресе  алғашқы  үш  жаста  перзенттің  дұрыс  өсуі  мен 
ананың  мейірімі  арасында  тығыз  байланыс  бар.  Сәбидің  психикалық  және  сезімдер 
саулығы оның қасында ананың болуына байланысты. Ананың отбасында болмай және 
сәбиді бақыламауы оған кері әсер етеді. 
 "Әйелдер  сенетін  өтіріктер  және  оларды  азат  ететін  ақиқаттар"  кітабының 
авторы,  америкалық  жазушы  Нэнси  Лай  Демос  былай  деп  жазады:  "Қазіргі  заманда 
аналар өз күшінің басым бөлігін зайыбы мен баласынан басқа кісілерге жұмсайды және 
үйге шаршап, ашуланып келеді. Ананың бақылауында болмаған балалар да ішімдіктер, 
есірткі  заттары,  порнография,  жыныстық  қатынас  және  әлімжеттік  секілді  әлеуметтік 
түйткілдерге  кезігуі  мүмкін".  Қазіргі  заманда  балабақшалары  да  ана  мен  баланың 
арасын алшақтатады. 
 Англиялық  қоғамтанушы  Джон  Боулби  ана  мен  баланың  байланысы  тұлғаның 
негізін қалыптастырады деп қуаттайды. Осы байланыс болмаған жағдайда перзенттер, 
әсіресе, ұлдар қоғамда сындарлы байланыс орната алмайтын тұлғаларға айналады. 
 Батыста жүргізілген зерттеулер, ана мен баланы ажырату кері салдарға әкеп соғатынын 
көрсетеді. Олардың көзқарасынша, бала ақыл жағынан дұрыс өсуі үшін үнемі анасымен 
байланыста болуы тиіс. 
Тапсырма: 
2.
Мақалада
  қазіргі  қоғам  дамуына  байланысты  әйелдердің  міндеттерінде  және
қызметтерінде  болып  жатқан  өзгерістер,  ана  мен  бала  арасындағы  тылсым  байланыс 
туралы  түрлі  ғалымдардың  пікірі  берілген.  Алған  әсеріңізден  туындаған  өзіндік 
көзқарасыңызды әсірелеп жеткізіп, жазыңыз. [10] 
5.4 Оқылым және мәтін талдау бойынша 1а және 2-сұрақтардың балл  қою 
кестесі  
Ұпай 
лар 
Мазмұнды түсіну және ашу деңгейі 
Жазылым сапасы 

-  Мәтін  түрлерін,  тұтас  аудиторияны, 
мақсаты  мен  мағынасын,  стилі  мен 
тілінің  сипаттық  ерекшеліктерін  өте 
жақсы түсінеді. 
Өте ауқымды сөздік қор және тілдік 
құрылым спектрін орынды және 
сенімді қолданады. 

   -  Мәтін  түрлерін,  тұтас  аудиторияны, 
мақсаты  мен  мағынасын,  стилі  мен 
тілінің  сипаттық  ерекшеліктерін  жақсы 
түсінеді. 
Ауқымды сөздік қор және тілдік 
құрылым спектрін орынды 
қолданады. 
32


   -  Мәтін  түрлерін,  тұтас  аудиторияны, 
мақсаты  мен  мағынасын,  стилі  мен 
тілінің 
сипаттық 
ерекшеліктерін 
қанағаттанарлық түсінеді. 
Қанағаттанарлық сөздік қор және 
тілдік құрылым спектрін жалпы 
орынды  қолданады. 

   -  Мәтін  түрлерін,  тұтас  аудиторияны, 
мақсаты  мен  мағынасын,  стилі  мен 
тілінің сипаттық ерекшеліктерін шектеулі 
түсінеді. 
Шектеулі сөздік қор және тілдік 
құрылым спектрін жиі орынсыз  
қолданады. 

   -  Мәтін  түрлерін,  тұтас  аудиторияны, 
мақсаты  мен  мағынасын,  стилі  мен 
тілінің  сипаттық  ерекшеліктерін  өте 
шектеулі түсінеді. 
Өте шектеулі сөздік қор және тілдік 
құрылым спектрін негізінен орынсыз  
қолданады. 
5.4.1  Оқылым және мәтін талдау бойынша 1ә-сұрақтың балл  қою кестесі 
Ұпай 
лар 
Мазмұнды түсіну және ашу деңгейі 
Жазылым сапасы 

-  Өз  көзқарасын  қолдау  үшін  материалды 
шебер  қайта  өңдей  білуі,  өзіндік  стилін 
орынды, жоғары деңгейде қолдануы. 
Өте ауқымды сөздік қор және 
тілдік құрылым спектрін орынды 
және сенімді қолданады. 

   -  Өз  көзқарасын  қолдау  үшін  материалды 
жақсы  қайта  өңдей  білуі,  өзіндік  стилін 
орынды, жақсы деңгейде қолдануы. 
Ауқымды сөздік қор және тілдік 
құрылым спектрін орынды 
қолданады. 

   -  Өз  көзқарасын  қолдау  үшін  материалды 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет